Accessibility links

Еуропалық одақ елдері министрлері E.coli дертін талқылайды


E. coli бактериясы адамға жас көкөніс арқылы жұғады деген күдік айтылып отыр.
E. coli бактериясы адамға жас көкөніс арқылы жұғады деген күдік айтылып отыр.
Еуропалық одақ елдерінің ауыл шаруашылық министрлері E.coli жұқпалы ішек дертін талқылау үшін бүгін Люксембургте бас қосады.

Олар жұқпалы дерт туралы хабар тарағаннан кейін көкөніске деген сұраныстың күрт кеміп кетуі салдарынан зардап шеккен өнім өндірушілерге жәрдем беру мәселесін талқылайды.

Германия үкіметі бұл белгісіз аурудың түп-төркіні әлі нақты анықталмай жатқанын хабарлады.

Алғашқыда бұған дейін белгісіз болып келген дертке қияр себепші болған делінсе, кейін ауру жас бұршақ сабақтары арқылы жұққан деген болжамдар айтылған.

Адам өміріне қатерлі E. coli бактериясын жұқтырған екі мыңнан аса адамның 22-сі қайтыс болған. Дерт жұқтырғандардың басым көпшілігі Германияда тіркелген.
XS
SM
MD
LG