Accessibility links

ЕҚЫҰ журналисті соттап жатқан Тәжікстан билігін сынады


ЕҚЫҰ сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович. Сараево, 14 маусым 2011 ж.
ЕҚЫҰ сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович. Сараево, 14 маусым 2011 ж.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы билікті сынайтын мақалалар жазған тәжік журналисі Мухаммадюсуф Исмоиловты соттап жатқан Тәжікстан билігін сынады.

Қазанның 10-ы күні таратылған ЕҚЫҰ мәлімдемесінде, «Нури Зиндаги» газетінде жұмыс істейтін Мухаммадюсуф Исмоиловқа лауазымды тұлғаларға жала жауып, тіл тигізген, бопсалаумен айналысып, жершілдік негізіндегі өшпенділік туғызған деген айыптар тағылғандығы айтылған. Прокуратура соттан 2010 жылдың қараша айынан бері түрмеде отырған 51 жастағы журналисті 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Мухаммадюсуф Исмоилов өз мақалаларында Соғда облысындағы күмәнді істер туралы болжамдарын жазған еді.

ЕҚЫҰ сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Тәжікстан билігін журналисті дереу босатуға шақырып, оның ұсталуын - «тәжік журналистеріне сұс көрсететін белгі» деп атаған.
XS
SM
MD
LG