Accessibility links

Лұқпан Ахмедьяровқа Питер Маклер сыйлығы берілмек


Лұқпан Ахмедьяров.
Лұқпан Ахмедьяров.
"Уральская неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа журналистерге арналған Питер Маклер сыйлығы берілді деп хабарлайды "Әділ сөз" қоғамдық ұйымы.

Питер Маклер сыйлығын халықаралық Reporters Without Borders ("Шекарасыз тілшілер") ұйымы тағайындаған. Сыйлық сөз бостандығы шектелген, я сақталмайтын елдердегі жағдайларды батыл жазған журналистерге беріледі.

Reporters Without Borders ұйымы Лұқпан Ахмедьяровқа тәуелсіз журналистика ұстанымдары мен қазақстандықтардың баспасөз құқықтарын қорғады деп баға берген.

Лұқпан Ахмедьяровқа 19 сәуір күні Оралда үйінің алдында белгісіз біреулер қарулы қастандық жасап, ауыр халде ауруханаға түскен еді. Операция жасаған дәрігерлер оған сегіз жерден пышақ ұрылғанын, тапаншадан атып жаралағанын айтады. Журналистің өзі қастандыққа қатысты соңғы уақыттары жариялаған мақалаларының шенеуніктерге ұнамай жүргенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG