Accessibility links

Сноуден тыңшылық бағдарлама туралы құжаттар жариялады


Эдвард Сноуден (ортада) Шереметьево әуежайында ресейлік және шетелдік құқық қорғаушылармен кездесіп отыр. Мәскеу, 12 шілде 2013 жыл.

Эдвард Сноуден (ортада) Шереметьево әуежайында ресейлік және шетелдік құқық қорғаушылармен кездесіп отыр. Мәскеу, 12 шілде 2013 жыл.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) бұрынғы агенті Эдвард Сноуден "агенттікте азаматтарға онлайн бақылау жасайтын үлкен бағдарлама бар" деп, соған байланысты құжаттарды жариялады.

Guardian басылымы жариялаған құжаттарда ҰҚА пайдаланатын XKeyscore бағдарламасы сарапшыларға рұқсатсыз-ақ миллиондаған адамдардың электронды құжаттарына, онлайн байланыстары мен интернеттегі жеке мәліметтерін ашық іздеуге мүмкіндік беретіні айтылған. Басылым бағдарламаны "қолданушылардың интернеттегі әрбір ісін бақылай алатын жүйе" деп сипаттайды.

Ұлттық қауіпсіздік агенттігі ақпарат "мәжбүрлі емес, ерікті түрде" жиналатынын хабарлап, XKeyscore "шетелдік барлау қызметтерінің сигналдарын жинайтын, заңды түрде қолданылатын жүйе" деп мәлімдеді.

Өткен айда америкалық арнайы қызметтің тыңшылық жасайтын құпия бағдарламасын әшкере еткен Сноуденге қарсы АҚШ-та іс қозғалған. Эдвард Сноуден 23 маусымда Гонконгтен Мәскеуге барып, содан бері Шереметьево әуежайында тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG