Accessibility links

Пан Ги Мун Хассан Роуханидің ниетін құптады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Иранның жаңа басшылығын құттықтап, жақында елде саяси тұтқындардың түрмеден босатылғанын құптады. Бейсенбі күні Иран сыртқы істер министрі Джавад Зарифпен кездесуден соң Пан Ги Мун «жаңа үкіметтің халықаралық қауымдастықпен диалог жүргізуге ынтасын» қолдайтынын мәлімдеген.

Бас хатшының айтуынша, келесі аптада ол Иран президенті Хассан Роуханимен кездесіп, «аймақтық қауіпсіздік проблемасын жете талқыламақшы».

Бұған дейін Роухани өз елінің ядролық қаруға ие болуға ұмтылмайтынын және бұл даулы мәселеге қатысты Батыс мемлекеттерімен келіссөздер жүргізуге толық өкілеті барын мәлімдеген еді.

АҚШ президенті Барак Обама Иранның жаңа басшылығының «Батыс және АҚШ-пен диалог құруға бұған дейін байқалмаған дәрежеде ниет танытып отырғаны» туралы айтып, Тегеран дипломатиялық мүмкіндікті пайдаланар деген үміт білдірген.

АҚШ пен оның одақтастары Иран ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деп қауіптенеді. Тегеран оны жоққа шығарып, ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатта дамытып жатқанын мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG