Accessibility links

Джохар Царнаевқа қатысты сот отырысы болды


Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз 2013 жыл
Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз 2013 жыл
Бостонның федералдық сотында 23 қыркүйекте Бостон марафонындағы жарылысқа айыпты деп танылған Джохар Царнаевқа қатысты сот тыңдауы өтті.

АҚШ үкіметінің хабарлауынша, Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу мәселесі 2014 жылдың қаңтар айының соңына қарай белгілі болады. Федералдық прокурорлар Царнаевты өлім жазасына кесу, я басқа жаза тағайындауды қазанның соңына дейін анықтайды. Бұдан соң 90 күннен кейін, яғни қаңтардың соңына қарай бас прокурор Эрик Холдер түпкілікті жазаны бекітпек.

Царнаевтың адвокаттары өлім жазасына қарсы шағымдану үшін қосымша уақыт сұраған.

Прокурорлардың айтуынша, 20 жастағы Джохар Царнаев пен оның полициямен атыста оққа ұшқан ағасы Тамерлан Царнаев 15 сәуірде марафон аяқталар мезетте екі бомба жарған.

Шілде айында Джохар Царнаев өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартқан.

Бостондағы жарылысқа байланысты АҚШ сотында қаралып жатқан істегі негізгі айыпкер Джохар Царнаевтың таныстары - АҚШ азаматы Робел Филлипосқа және қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа терактіге қатысты «тергеу жұмыстарына кедергі келтірмек болған» деген айып тағылған.

Бостандағы жарылыстан 3 адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған.
XS
SM
MD
LG