Accessibility links

СІМ: Қазақстан Иран келісімін құптайды


Астанадағы Қазақстан сыртқы істер министрлігі ғимараты. (Көрнекі сурет)

Астанадағы Қазақстан сыртқы істер министрлігі ғимараты. (Көрнекі сурет)

Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеран мен "алтылық елдерінің" 24 қарашада Женевада жасаған келісімін құптайды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі 25 қарашада мәлімдеме таратты.

"Жасалған келісімнің іске асуы ядролық қаруды таратпау ісіне, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке маңызды үлес қосады. Қазақстан Иранынң ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселелердің реттелуіне өте мүдделі және тараптар проблеманы түпкілікті шешіп, ортақ келісімге келетінінен үмітті" делінген министрлік мәлімдемесінде.

Өткен аптада Женевадағы келіссөздер нәтижесінде Иран мен "алтылық елдері" (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия) Иранның уранды бес пайызға байытуды алты айға тоқтатып, есесіне халықаралық санкцияларды жеңілдетуге келіскен.

Осыған дейін Алматыда екі рет - 26-27 ақпанда және 5-6 сәуірде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер өткен еді.
XS
SM
MD
LG