Accessibility links

АҚШ Сирия оппозициясына қолдау көрсете бермек


АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель Вашингтонның Сирия ерікті армиясының қолбасшысы, генерал Салим Идрис пен президент Башар Асад билігіне оппозицияға қолдау көрсете беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол 12 желтоқсанда Катарға сапарында айтты.

АҚШ пен Ұлыбритания Сириядағы исламшыл топтар батыс елдері қолдайтын көтерілісшілердің қару-жарақ қоймасын басып алған соң елдің солтүстігіне әскери емес жүктер жіберуді тоқтатқан еді. Мұның алдында оппозиция исламшылардан аталған қару-жарақ қоймасын "Әл-Қаиданың" шабуылынан қорғауға көмектесуді сұраған.

"Соңғы бірнеше күндегі оқиғалар елдің бұл аумағындағы жағдайдың қаншалықты шиеленісті, қауіпті әрі болжауға келмейтіндей деңгейде екенін көрсетті" деді Хейгель. Ол бұған қоса қақтығыс дипломатиялық жолмен шешіледі деген үмітте екенін айтты.
XS
SM
MD
LG