Accessibility links

Шымкентте жарылыстарға қатысты үш адам сотталды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Қазақстан облысының аймақаралық қылмыстық істер соты Шымкенттің шетіндегі Чапаевка елді мекенінде болған жарылыстарға қатысы бар деп айыпталған үш адамды соттады деп хабарлады бүгін ақпарат агенттіктері.

Сот айыпты деп танылған 54 жастағы Александр Ефимов пен 25 жастағы Сергей Демченконы 14 жылға, 26 жастағы Арлан Аманбаевты 13 жылға бас бостандықтарынан айырып, жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтеуге және дүние-мүліктерін тәркілеуге үкім шығарған.

Сотталушыларға бұзақылық жасады, қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз иеленді, сақтады және алып жүрді, заңсыз қару жасады, кісі өлтіруді көздеп қастандық жасады, кісі бопсалады деген айыптар тағылған.

2012-2013 жылдары Чапаевка елді мекенінде бірнеше жарылыс болып, одан бір адам ауыр жараланған, екі адам орташа дәрежеде жарақаттанған еді.

Былтыр шілде айында "жарылыстарға қатысы бар" деген күдікпен полиция сол жерде тұратын үш адамды ұстаған.
XS
SM
MD
LG