Accessibility links

МАГАТЭ: Иран талаптарды орындап жатыр


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон (оң жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф. Вена, 18 шілде 2014 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон (оң жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф. Вена, 18 шілде 2014 жыл.

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) мәліметі бойынша, Иран былтыр әлемдік державалармен жасасқан келісімге сай, өзіндегі байытылған уран газының ең маңызды бөлігін жойған.

МАГАТЭ есебінде Тегеран келісім аясында көрсетілген міндеттемелерін орындағаны айтылады. Әу баста биыл шілденің 20-сы күні аяқталады деп көрсетілген келісім мерзімі кейін қараша айына дейін ұзартылған. Келісім бойынша, Иран уран газын байытуды 20 пайызға дейін азайтып, өзінде жиналған байытылған уран газы қорынан құтылуы тиіс болатын. Бұл мақсат орындалды деп мәлімдеді МАГАТЭ сарапшылары.

Өткен аптада Венадағы келіссөздерден АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция өкілдері Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасауға қажетті шарттарға Иран делегациясын көндіре алмай қайтқан еді.

XS
SM
MD
LG