Accessibility links

НАТО мен ЕҚЫҰ Украинадағы жағдайға алаңдайды


Донецк маңынан өтіп бара жатқан зеңбірек тіркеген айырым белгісі жоқ әскери көлік. Украина, 11 қараша 2014 жыл.
Донецк маңынан өтіп бара жатқан зеңбірек тіркеген айырым белгісі жоқ әскери көлік. Украина, 11 қараша 2014 жыл.

НАТО-ның Еуропадағы біріккен күштерінің қолбасшысы генерал Филип Бридлав Украинаның оңтүстік-шығысында Ресей жақтан келген әскери колонналар пайда болғаны туралы ақпаратқа алаңдаушылық білдірді.

НАТО-ның Неаполь (Италия) түбіндегі базасында журналистер алдында сөйлеген Бридлав Украинадағы қақтығысушы тараптарды «әрбір мемлекеттің шекарасына құрметпен қарайтын батыс өркениетінің нормаларына оралуға» шақырды.

ЕҚЫҰ бақылаушылары Украинаның шығысындағы жағдай шиеленісіп, кең ауқымды ұрыстар қайта басталуы мүмкін деп ескертеді.

Қарашаның 11-і күні ЕҚЫҰ-ның арнайы мониторинг жасау миссиясының басшысы Майкл Боцюркив қыркүйектің 5-інде Минскіде жасалған келісім «ұдайы бұзылатынын» айтқан.

Мұның алдында ЕҚЫҰ бақылаушылары айырым белгілері жоқ 43 әскери жүк көлігінің Донецкіге қарай кетіп бара жатқанын, колоннадан ауыр зеңбіректер мен дүркіндете ататын қару-жарақ бөлшектерін байқағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG