Accessibility links

Назарбаевтың «қателессең, халықтан кешірім сұра» деген батаны ұмытқанын айтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы инаугурацияда ант беріп тұрған сәті. (Сурет Ақорда сайтынан алынды.)
Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы инаугурацияда ант беріп тұрған сәті. (Сурет Ақорда сайтынан алынды.)

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы Қазақстан президенті ретінде өткізген ең алғашқы инаугурациясында халық ақыны Шәкір Әбеновтен бата алды. Ол батада «халықтан кешірім сұрап, өз қатасын өзі түзеу» жайы да сөз болған.

1991 жылы желтоқсанның 1-інде Қазақ ССР президенті болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаев сол жылы желтоқсанның 10-ында Қазақстан президенті ретінде өткізген ант қабылдау рәсімінде 91 жастағы ақын Шәкір Әбеновтің (1900 - 1994) батасын алған еді. Оған бата беру үшін Алматыдағы Республика сарайының сахнасына шыққан Шәкір Әбенов әуелі батаның «негізгі және лебізді болып бөлінетінін» айтқан.

Президентке берген бата
please wait

No media source currently available

0:00 0:08:32 0:00
Жүктеп алу

- Негізгі бата – Нұрсұлтанға халықтың батасы. Ол үшін үш міндет атқаруы керек. Бірінші, жұмыскер, диханшы, мал өсіруші шаруалардың еңбегіне ысырап жасатпай, дұрыс басшылық беріп бақылап отыру. Екінші, халыққа зиян келтіретін зорлықшыл зұлымдарға аяусыз жаза беріп, тыйым салу. Үшінші, әлдеқандай себеппен өзі қаталасса, халықтан кешірім сұрап, өз қатасын өзі түзеу, – деген Шәкір Әбенов.

«НАЗАРБАЕВ ЖҮРЕКСІНІП ЖҮРДІ»

1991 жылғы президент инаугурациясында халық ақыны Шәкір Әбеновті бата беру үшін сахнаға шақырған адам – сол кездегі жоғарғы кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдин еді. Ол кісінің сөзінше, инаугурация кезінде бата сұрау жайлы ұсынысты президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтқан.

– Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы желтоқсанның 1-інде Қазақ ССР-інің президенті болып сайланды. Желтоқсанның 8-інде Беловежье келісімінен кейін СССР тарады да, желтоқсанның 10-ы күні таңертең Қазақ ССР-інің атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерттік. Бірақ президент ант бергенде ұстайтын конституция бұрынғы еді. Нұрсұлтан Назарбаев «Мынау – Совет Одағының конституциясы, қазаққа жылы болу үшін бата берілсе» дегенді бірер күн бұрын айтқан. Оның үстіне сайлау өткенше Назарбаев жүрексініп жүрді. Сосын танымал ақын Шәкір Әбеновті шақырттым, – дейді Серікболсын Әбділдин.

Ол Шәкір Әбенов беретін батаның мәтінін ешкім алдын-ала тексермегенін, қария батасын алдын-ала қағазға түсірмей-ақ, депутаттар мен шенеуніктер және қарапайым халық отырған 3 мың адамдық залдың сахнасында жанынан шығарғанын айтады.

– Ол ақсақалмен таныс едім. Семейге барғанымда маған да бата бергені бар. Оның үстіне кімнің не сөйлейтінін тексеретін коммунистік режим жоқ. Бәріміз демократия деп желпініп жүрген кезіміз еді, – дейді Серікболсын Әбділдин.

Кейін биліктен оппозицияға кеткен Серікболсын Әбділдин президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Шәкір Әбенов берген батадағы «әлдеқандай себеппен өзі қаталасса, халықтан кешірім сұрап, өз қатасын өзі түзесін» деген шартын орындамағанын айтады.

– Назарбаев қателігі үшін халықтан кешірім сұраған емес. Билігін нығайтқан соң есінен шыққан болуы керек, – дейді ол.

Серікболсын Әбділдиннің пікірінше, халық пен биліктің қарым-қатынасы президент Назарбаев ақын Әбеновтен бата алған ширек ғасырдан бері қатты өзгерген.

– Тәуелсіздік алған қарсаңда халықтың үміті зор болды, президентке де, оның айналасындағыларға да сеніммен қарады. Ал қазір халықты президенттің алдына жеткізбейді. Өйткені таңдап алынған ақсақалдардың сөзі де президентке ұнамай қалуы мүмкін деп қауіптенеді, – дейді Серікболсын Әбділдин.

КӨРЕ ОТЫРЫҢЫЗ: Назарбаевты ұлықтау

Назарбаевты ұлықтау

Ресми мәлімет бойынша, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкілхалықтық төте дауыс беру жолымен өткен Қазақ ССР-і президенті сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Сайлаудан соң іле-шала СССР таратылып, Қазақ ССР-і Жоғары Кеңесі депутаттары елдің ресми атауын Қазақстан Республикасы етіп өзгерту туралы шешім қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаевтың президент ретінде алғашқы ант беру рәсімі 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында Жоғары Кеңес депутаттарының қатысуымен өтті. Бұл рәсімде әскери парад пен кортеж болған жоқ.
1/15 Ресми мәлімет бойынша, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкілхалықтық төте дауыс беру жолымен өткен Қазақ ССР-і президенті сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Сайлаудан соң іле-шала СССР таратылып, Қазақ ССР-і Жоғары Кеңесі депутаттары елдің ресми атауын Қазақстан Республикасы етіп өзгерту туралы шешім қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаевтың президент ретінде алғашқы ант беру рәсімі 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында Жоғары Кеңес депутаттарының қатысуымен өтті. Бұл рәсімде әскери парад пен кортеж болған жоқ.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
Алматыдағы алғашқы инаугурацияда ақын Шәкер Әбенов президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бата берді. Ақын батасында "Нұрсұлтанның атағы, абыройы өсіп, әлемге танымал болып, әлемнің тарих дәптеріне аты тіркелсін. " дей келе "халыққа зиян келтіретіндерді аяусыз жаза беріп, тыйым салсын. Әлдеқандай істе қателессе халықтан кешірім сұрап, өз қатесін өзі түзеу" керектігін ескертті. Бұдан кейінгі ұлықтау рәсімдерінде бата беру болған емес. Алматы. 10 желтоқсан 1991 жылғы сурет.
2/15 Алматыдағы алғашқы инаугурацияда ақын Шәкер Әбенов президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бата берді. Ақын батасында "Нұрсұлтанның атағы, абыройы өсіп, әлемге танымал болып, әлемнің тарих дәптеріне аты тіркелсін. " дей келе "халыққа зиян келтіретіндерді аяусыз жаза беріп, тыйым салсын. Әлдеқандай істе қателессе халықтан кешірім сұрап, өз қатесін өзі түзеу" керектігін ескертті. Бұдан кейінгі ұлықтау рәсімдерінде бата беру болған емес. Алматы. 10 желтоқсан 1991 жылғы сурет.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен алғашқы ант беру рәсімінде. 10 желтоқсан 1991 жыл. 
3/15 Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен алғашқы ант беру рәсімінде. 10 желтоқсан 1991 жыл. 
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
1999 жылы президент инаугурациясы 20 қаңтарда Астанадағы Конгресс-холда өтті. Нұрсұлтан Назарбаев президент кеңсесінен Конгресс-холға дейін жаяу жүріп барды. 1999 жылы 10 қаңтарда, мерзімінен бұрын өткен Қазақстан президенті сайлауында Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, 80 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.
4/15 1999 жылы президент инаугурациясы 20 қаңтарда Астанадағы Конгресс-холда өтті. Нұрсұлтан Назарбаев президент кеңсесінен Конгресс-холға дейін жаяу жүріп барды. 1999 жылы 10 қаңтарда, мерзімінен бұрын өткен Қазақстан президенті сайлауында Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, 80 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының сол кездегі жетекшісі Зағипа Балиева ант беру рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігін тапсырып тұр.  Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
5/15 Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының сол кездегі жетекшісі Зағипа Балиева ант беру рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігін тапсырып тұр.  Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
1999 жылы Назарбаев ант қабылдауға алғаш рет алтын коллар мен арнайы орден тағып шықты. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
6/15 1999 жылы Назарбаев ант қабылдауға алғаш рет алтын коллар мен арнайы орден тағып шықты. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
2006 жылы 10 қаңтарда өткен Қазақстан президенті сайлауында, ресми мәлімет бойынша, кандидат Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91,15 пайызының қолдауына ие болған. Тағы сайланған президентті ұлықтау рәсімі 11 қаңтарда Астанада өтті. Назарбаев Ақордаға арнайы кортежбен келді. Оны сыртта арнайы әскери жасақ қарсы алды. Ұлықтау рәсіміне қатысқан 70 астам елдің делегаттары арасында Владимир Путин, Виктор Ющенко, Құрманбек Бакиев, Степан Месич, Хамид Карзай, Эмомали Рахмон, Ислам Каримов, Михаил Саакашвили және өзге тұлғалар болған.
7/15 2006 жылы 10 қаңтарда өткен Қазақстан президенті сайлауында, ресми мәлімет бойынша, кандидат Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91,15 пайызының қолдауына ие болған. Тағы сайланған президентті ұлықтау рәсімі 11 қаңтарда Астанада өтті. Назарбаев Ақордаға арнайы кортежбен келді. Оны сыртта арнайы әскери жасақ қарсы алды. Ұлықтау рәсіміне қатысқан 70 астам елдің делегаттары арасында Владимир Путин, Виктор Ющенко, Құрманбек Бакиев, Степан Месич, Хамид Карзай, Эмомали Рахмон, Ислам Каримов, Михаил Саакашвили және өзге тұлғалар болған.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
Қазақстанда 2011 жылы 3 сәуірде өткен тағы бір кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың 95,55 пайыз дауыспен жеңіске жеткені ресми хабарланды. Бес күннен кейін, 8 сәуірде ұлықтау рәсімі ұйымдастырылды. ​Төртінші инаугурация өткен Астанадағы Тәуелсіздік сарайына Назарбаев арнайы күзеті бар кортежбен келді. Ол жүріп өткен жолдың бойында Астана тұрғындары қошемет көрсетіп тұрды.
8/15 Қазақстанда 2011 жылы 3 сәуірде өткен тағы бір кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың 95,55 пайыз дауыспен жеңіске жеткені ресми хабарланды. Бес күннен кейін, 8 сәуірде ұлықтау рәсімі ұйымдастырылды. ​Төртінші инаугурация өткен Астанадағы Тәуелсіздік сарайына Назарбаев арнайы күзеті бар кортежбен келді. Ол жүріп өткен жолдың бойында Астана тұрғындары қошемет көрсетіп тұрды.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті ретінде ант беріп тұр. Астана. 8 сәуір 2011 жыл.
9/15 Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті ретінде ант беріп тұр. Астана. 8 сәуір 2011 жыл.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаев анттан кейін Қазақстан туын сүйіп жатқан сәт. Астана. 8 сәуір 2011 жыл.
10/15 Нұрсұлтан Назарбаев анттан кейін Қазақстан туын сүйіп жатқан сәт. Астана. 8 сәуір 2011 жыл.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаев ант қабылдау рәсімі кезінде. Астана. 8 сәуір 2011 жыл.
11/15 Нұрсұлтан Назарбаев ант қабылдау рәсімі кезінде. Астана. 8 сәуір 2011 жыл.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
2015 жылы 26 сәуірде өткен және бір кезектен тыс президент сайлауында, ресми ақпаратқа сәйкес, сайлаушылардың 97,75 пайызы кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау танытқан. Назарбаев үш күннен кейін ант беріп, қызметке кірісті. Инаугурация Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Шара өткен күні Астанадағы біраз жолдар жабылып, жоғары сынып оқушылары сабақтан босатылды. Оқушылар, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер Тәуелсіздік сарайы алдындағы алаңға жиналып, Назарбаевқа қошемет көрсетті.
12/15 2015 жылы 26 сәуірде өткен және бір кезектен тыс президент сайлауында, ресми ақпаратқа сәйкес, сайлаушылардың 97,75 пайызы кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау танытқан. Назарбаев үш күннен кейін ант беріп, қызметке кірісті. Инаугурация Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Шара өткен күні Астанадағы біраз жолдар жабылып, жоғары сынып оқушылары сабақтан босатылды. Оқушылар, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер Тәуелсіздік сарайы алдындағы алаңға жиналып, Назарбаевқа қошемет көрсетті.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
2015 жылы 29 сәуірдегі ұлықтау рәсіміне үкімет мүшелері, парламенттің қос палатасы - сенат пен мәжіліс депутаттары, Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот судьялары қатысты. Шет мемлекеттер басшылары келген жоқ.
13/15 2015 жылы 29 сәуірдегі ұлықтау рәсіміне үкімет мүшелері, парламенттің қос палатасы - сенат пен мәжіліс депутаттары, Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот судьялары қатысты. Шет мемлекеттер басшылары келген жоқ.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
<span style="line-height: 22px; background-color: rgb(255, 255, 255);">Ант қабылдаған соң Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов қызметіне қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігін тапсырды. Қазақстан тәуелсіздік алғалы президентті ұлықтау рәсімінде тек Назарбаев қана ант қабылдап келеді.</span>
14/15 Ант қабылдаған соң Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов қызметіне қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігін тапсырды. Қазақстан тәуелсіздік алғалы президентті ұлықтау рәсімінде тек Назарбаев қана ант қабылдап келеді.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
Астанадағы президент мұражайындағы мына инаугурациялық киім арнайы Назарбаевқа шақталып тігілген.
15/15 Астанадағы президент мұражайындағы мына инаугурациялық киім арнайы Назарбаевқа шақталып тігілген.
Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Содан бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады.
Previous slide
Next slide

«ПРЕЗИДЕНТ АҚЫНДЫ ЖЕТІ ЖЫЛДАН КЕЙІН ІЗДЕДІ»

Шәкір Әбеновті 1991 жылы 10 желтоқсанда батасын сұрап Семей облысынан алдыруға қатысқан ақын Несіпбек Айтов та президент Назарбаевқа берілетін батаның мәтінін ешкім алдын-ала көрмегенін айтады.

– Бата беруге Алматыға шақырғанда 91 жастағы ақсақал «бара алмаймын, қартайып қалдым» деп, келгісі келмеді. Сосын мені де араға салды. Инаугурацияны ұйымдастырушылардың арасында жүрген Мырзатай Жолдасбеков «батаңыздың текстін көрейік» дегенге көнбей: «Текст жоқ. Құдай аузыма не салса, соны айтамын, сол жерде естисіңдер» депті, – дейді Несіпбек Айтов.

Қазақстан президентінің 1991 жылғы инаугурациясына қатысқан адамдардың бірі – Шәкір Әбеновтің туысы, 1990 жылдардың басында Семей облысы Аягөз аудандық депутаттар кеңесінің төрағасы болған Амангелді Керімтаев. Ол кісі де «1990 жылдардағы демократиялық өзгерістер кезінде Назарбаевтың алдында сөйленетін сөздерді тексерудің маңызы болған жоқ – сондықтан президентке тура айтылған «өз қатесін өзі түзеп, халықтан кешірім сұрау» сияқты сөз аса таңсық емес еді» дейді. Амангелді Керімтаев Шәкір Әбеновті «ешкімнің бет-жүзіне қарамай ойындағысын тура айтатын ақын еді» деп сипаттайды.

– Президентке бата беріп шығып келе жатқанда жанында бір топ нөкері бар әйел адам алдынан шығып бата сұрапты. Кімнің әйелі екенін білген соң қыршаңқы бата беріп кетіпті. Онысын келген соң маған өзі айтып күлді, – дейді ол.

Амангелді Керімтаевтың айтуынша, 1991 жылы ақынның батасын алған президент Нұрсұлтан Назарбаев Шәкір Әбеновті жеті жылдан соң қайта іздеген.

– 1998 жылы күзде президент сайлауы кампаниясы кезінде Семейге келді. Сонда Шәкір Әбеновтен бата алмақ болып сұрады. Бірақ ақынның қайтыс болғанына ол кезде төрт жыл болған еді, – дейді Амангелді Керімтаев.

«30 ЖЫЛДАН АСА БАСҚАРА БЕРІҢІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫ»

Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдан кейін де үздіксіз әлденеше рет президент болып сайланып, салтанатты түрде ұлықтау рәсімдерін өткізген кезде ешкімнен бата ала қойған жоқ.

Тек президенттің аймақтарды аралаған кезде сол өңірлердегі қариялардан бата алған сәттері түсірілген видеоларды анда-санда көріп қалуға болады. Сондай көріністердің бірі – «1991 жыл: Ел ақсақалдарының Назарбаевқа бата беріп, қолына қамшы ұстатқан сәті» деп аталатын видео. Ол видеодағы қария Нұрсұлтан Назарбаевқа: «Қонаев жәкең 30 жылдан аса басқарды. Сіз 30 жылдан аса басқара беріңіз Қазақстанды» деп бата берген.

​1990 жылы сәуірдің 24-інде Қазақ ССР-інің президенті атанған Нұрсұлтан Назарбаев елді 26 жылдан бері басқарып келеді. Ол 1991 жылы желтоқсанның 1-інде Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды (дауыстың 98,7 пайызын алған). Назарбаев 1995 жылы сәуірдің 29-ында референдум арқылы өз өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзартты. Одан кейін 1999 жылы қаңтардың 10-ында (81 пайыз дауыс алды), 2005 жылы желтоқсанның 4-інде (91,15 пайыз дауыс алды), 2011 жылы сәуірдің 3-інде (95,55 пайыз дауыс алды) және 2015 жылы сәуірдің 26-сында (97,75 пайыз дауыс алды) өткен сайлауларда Нұрсұлтан Назарбаев тағы да президент болып сайланды.

Айдар
XS
SM
MD
LG