Accessibility links

Тәжікстан Ресейдегі азаматтарын мұқият болуға шақырды


Тәжікстанның Ресейдегі елшілігіне қарайтын қоғамдық кеңес тәжік азаматтарына мәлімдеме жасап, барынша мұқият болуға шақырды.

Кеңестің 26 наурыздағы мәлімдемесінде Ресейде шетел азаматтарына бақылау күшейгенін, қандай ақпарат болса да оны Ресей мен Тәжікстанның ресми органдарынан алуы керек екенін жеткізді.

Бұдан бөлек Telegram-арналарда және басқа да әлеуметтік желілерде радикал және экстремистік әрекет жасауға шақыратын күдікті адамдардан барынша аулақ болуға шақырды.

Ресейдегі тәжік мигранттары Мәскеу түбіндегі "Крокус сити холл" концерт залында болған терактіден кейін өздеріне көзқарас мүлдем нашарлағанын айтып келеді.

22 наурызда болған терактіден кемінде 143 адам қаза болып, 190-ға жуық адам жараланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG