Accessibility links

Қарағанды аймағында ірі жол апатынан қаза болған 11 адамның 8-і өзбекстандық


Алматы-Екатеринбург тас жолында болған жол апатынан 11 адам қаза тапты. 13 қазан 2010 жыл. Қарағанды облыстық жол полициясының қорындағы сурет.

Алматы-Екатеринбург тас жолында болған жол апатынан 11 адам қаза тапты. 13 қазан 2010 жыл. Қарағанды облыстық жол полициясының қорындағы сурет.

Сәрсенбі күні Шымкенттен келе жатқан жолаушылар автобусы қарсы кездескен жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан отқа оранған автобустағы 10 адам жанып кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі де сол жерде жан тапсырған.


Оқыс оқиға қазанның 13-і күні жергілікті уақытпен сағат 17-лер шамасында Шет ауданынан Қарағанды қаласына баратын күре жолдың 45-ші шақырымында болған. Шымкенттен келе жатқан автобус салонында барлығы 19 адам отырған. Бұл туралы бейсенбі күні баспасөз өкілдеріне арнайы брифинг өткізген Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы Болат Ахимбеков хабарады.


АВТОБУСТАҒЫЛАР ӨРТЕНІП КЕТТІ

Жол полициясы өкілдерінің айтуынша, жолаушылар мінген «Мерседес Бенц» маркалы автобус қарсы бағытта кетіп бара жатқан «Камаз» жүк көлігімен соқтығысқан. Ал автобустың артында келе жатқан тағы бір «Камаз» жүк көлігі апаттан жалтарамын деп жолдың шетіне шығып кетсе, «Мерседес» автобусы соқтығысқан жүк көлігінің артында келе жатқан «Сетра» маркалы автобусы да әлгі «Камазды» келіп соққан.

Екі бірдей автобуспен соқтығысқан «Камаз» автокөлігінің жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен.

– Бұл апатқа жолдың қарсы жағына шығып кетіп жүк көлігіне соқтығысқан «Мерседес Бенц» автобусының жүргізушісі кінәлі. Және де
Полицияның айтуынша, автобус қарсы келе жатқан жүк көлігіне соқтығысып жанып кеткен. 13 қазан 2010 жыл.
соның алдында ғана, сағат 16-лар шамасында, Шет ауданы орталығы «Ақсу аюлы» аулында жылдамдықты асырғаны үшін осы автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама да толтырылған екен. Алайда оны да елемеген жүргізуші әлгі ауылдан 45 шақырым жерде мынадай апатқа душар болған, – дейді Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы Болат Ахимбеков.

Оның айтуынша, күре жол үстінде соқтығысқан автокөліктердің үшеуі де жалынға оранған. «Сетра» маркалы автобус ішінен 24 жолаушы мен жүргізушісі жерге түсіп үлгергенімен, «Мерседес» автобусының ішіндегі апат салдарынан шыға алмай қалған 8 жолаушы мен 2 жүргізуші өрт ішінде қалып жанып кеткен.

Апат кезінде жарақат алып зардап шеккендердің барлығы да сол күні Шет ауданы орталығына жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілген. Әйтеуір, олардың ешқайсысы ауыр жарақат алмағаны анықталған. Ал «Мерседес» автобусының ішінде екі жүргізушімен бірге жанып кеткен сегіз жолаушының барлығы да Өзбекстан азаматтары болып шықты. Олар осы автобуспен Қазақстан арқылы Ресейдің Нижний Новгород облысына жұмысқа кетіп бара жатқан беті екен.

Ал мерт болған екі жүргізуші Шымкент өңірінен. Қаза тапқандардың денелері Қарағанды қаласындағы мәйітханаға жеткізілген.


ТАР ЖОЛДА
АПАТ ЖИІ БОЛАДЫ

Апат болған аумақта не бір жалтарыс бұрылыс немесе қыр астына кететін жол жоқ. Әйткенмен тақтайдай жазық тас жолдың тар екендігі бұрыннан айтылып жүретін. Жол полициясының деректері бойынша, Алматы-Екатеринбург тас жолының осы бөліктерінде биылғы жыл басынан бері 9 жол көлік апатынан 9 адам қаза тапқан.

– Біз осындай апаттардың болуына сараптамалар жүрігізе келіп, автокөлік жолдары департаментіне жолдарды кеңейту туралы
"Тас жолдың тар тұсында апат жиі болады" дейді жол полициясы.
ұсыныстарымызды жолдап жатамыз. Алайда оның барлығы қаржыға келіп тіреледі емес пе? Сондықтан бұл мәселе әлі де өзекті болып қалып отыр, – дейді Қарағанды облыстық ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Болат Ахимбеков.

Жол полициясы сәрсенбі күнгі апат бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда, жол полициясы осы апатқа кінәлі деп отырған жүргізуші де көз жұмғандықтан бұл қылмыстық іс көпке созылмайтын тәрізді.

Ал қарсы автобустың соққысынан тас жолдың ортасында кесе көлденең тұрып қалған «Камаз» жүк көлігін бүйірден кеп ұрған «Сетра» маркалы автобус жүргізушісін полиция әкімшілік жазаға тартпақшы. Сараптамалардан кейін оған қатысты ара қашықтықты және жылдамдықты сақтамаған деген айыптар тағылатын болады дейді жол полицейлері.

Абырой болғанда, Теміртау қаласынан Алматыға 24 жолаушы алып бара жатқан бұл автобуста адамдар зардап шекпеген.

Осындай ірі жол апаты биылғы шілденің 31-і күні Жамбыл облысы аумағында болған еді. Ол жолы жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, толығымен жанып кеткенін және апат салдарынан 21 адамның көз жұмғанын Азаттық хабарлаған болатын.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG