Accessibility links

Биліктен кетіп бара жатса да Шаймиев Татарстандағы оппозицияны тұқыртып тастамақ


Татарстан президенті Минтемір Шаймиев баспасөз- мәслихатында. Қазан, 23 қаңтар 2010 жыл.

Татарстан президенті Минтемір Шаймиев баспасөз- мәслихатында. Қазан, 23 қаңтар 2010 жыл.

Татарстан тәуелсіздігі үшін қозғалысының жетекшісі Фаузия Байрамова шартты түрде бір жыл түрме жазасына кесілді. Ал, оған дейін оппозициялық газеттің редакторы экстремистік көзқарасты насихаттаған-мыс деген айыппен сотталып еді. Сондай-ақ елде басқа да диссиденттер сотталған болатын.


ТАТАРСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН

Татарстандағы диссиденттерді қуғындау шежіресі ала-құла, оның ішінде шартты түрде сотталғандар да, түрмеге қамалып жаза мерзімін өтеп жатқандар да бар. Қаңтар айында оппозициялық «Чаллы яшьлэре» газетінің редакторы Дамир Шайхетдинов «экстремистік көзқарастарды насихаттаған» деген айыппен сотталды.

Ол өзін-өзі жариялаған пантатарлық ұлттық парламент – Милли Межлистің материалдарын баспасөзде шығарғаны үшін айыпты деп танылды.

Желтоқсан айында Милли Межлис Татарстанның Ресейден тәуелсіздігін мойындауға халықаралық қоғамдастықты шақырған ашық хат қабылдаған болатын. Бұл хат Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін Ресейдің мойындауынан кейін бірнеше ай өткенде
Оппозициялық «Чаллы яшьлэре» газетінің редакторы Дамир Шайхетдинов.
жарияланды.

Бұдан соң Татарстанда ұлтаралық өшпенділікті қоздыру айыбы бойынша үстінен іс қозғалған Милли Межлистің төрайымы Фаузия Байрамова ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп, тергеуде болды. Сосын, 24-ақпанда Набережные Челны соты ол әйелді бір жыл мерзімге түрме жазасына шартты түрде кесті.

Мұның алдында дәл осы бап бойынша татар белсендісі Рафис Кашапов Набережные Челны қаласының перзентханасында жаңадан дүниеге келген мұсылман сәбилерін православ діни қызметкерінің шоқындыруына қарсы ашық наразылық білдіргені үшін бір жарым жылға шартты түрде сотталған еді.

Былтырғы жылдың қараша айында Фаузия Байрамова өзінің бұдан былай Ресейде қысымның астында өмір сүре алмайтынын және өзге
Фаузия Байрамова, жазушы, Татарстан тәуелсіздігі үшін қозғалысының жетекшісі.
демократиялық елдердің біріне қоныс аударуға мүмкіндік іздестіріп жатқаны туралы мәлімдеген болатын. Фаузия Байрамова татар билігі республикадағы татардың ұлтжанды азаматтарын қуғындауда Ресейге жәрдемдеседі деп мәлімдеді.

Милли Межлис татар халқының өз ана тілін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлі ислам дінін сақтап, дамыту, ұлттық тарихты оқу құқықтары өрескел бұзылуда деп нұсқайды.

Дәл сол қарашада Татарстанның әділет министрлігі 1992 жылы татардың ұлттық көзқарастағы белсенділері құрған Милли Межлистің қызметін төрт айға тоқтата тұру жөнінде қаулы қабылдады.

ПРЕЗИДЕНТ ПЕН БЛОГЕР

Тағы бір татар белсендісі Ирек Муртазин де жергілікті биліктің қырына ілінді. Былтырғы жылдың қарашасында ол 21 айға түрме жазасына кесілді. Ол қазір түрмеде отыр.

Ирек Муртазин бұрын Татарстан президенті Минтемір Шаймиевтің баспасөз хатшысы болған, ал, кейіннен елге танымал блогерге айналды. Оған Минтемір Шаймиевке жала жапты және әлеуметтік топтардың біріне өшпенділікті қоздатты деген айып тағылған болатын.

Ирек Муртазин жоғары тұрған сот органына апелляциялық шағым түсірді, бірақ Қазандағы Жоғарғы сот оның шағымын қабылдамай
Татарстан президенті Минтемір Шаймиевтің бұрынғы баспасөз хатшысы, танымал блогер Ирек Муртазин тергеу абақтысында. Қазан, 15 қаңтар 2010 жыл.
тастады.

Минтемір Шаймиев «елде байсалды оппозиция жоқ» деген сөз тіркесін жалғыз Татарстанға ғана емес, бүкіл Ресейге де қатысты жиі қайталайтын. Ал татар оппозициясына келгенде Шаймиев «республикадағы барлық оппозициялық партияларды бір диванға сыйғызуға болады» дейтін.

Шаймиев оппозиция ретінде тек өз әйелін ғана мойындайтынын айтып, оны «менің үйдегі оппозициям» дейтін.

Ал, ресми деп саналатын, бүкіл Ресей бойынша рұқсат етілген оппозицияға келсек, Татарстанның өзінің мемлекеттік кеңесінде оның өкілдері жоқ. Депутаттық мандаттың 80 пайызы билік партиясының үлесінде, ал тағы он пайыздан астамы татар президентіне толықтай берілген коммунистер партиясының еншісінде. Олар басынан аяғына дейін биліктің қорғауында.

Шаймиев үшін сотталған Ирек Муртазин өзінің «Минтемір Шаймиев: Татарстанның соңғы президенті» деген кітабында бұрынғы бастығы туралы былай деп жазады: «Мен Минтемір Шаймиевпен талай рет шахмат ойнадым. Оның ойнау тәсілі – асықпайтын, негізді, комбинациялық жолдар іздеп жатпайтын тәсіл».

Муртазиннің айтуынша, Шаймиевпен «оның» ойынын ойнау барысында жеңу мүмкіндігі аз болатын – ол қажыту тәсілімен жеңетін. «Ал,
Блогер Ирек Муртазин оппозиция өткізген шеруде. Қазан, 27 мамыр 2009 жыл.
ахуалды күрделендіріп, қалыптан тыс, комбинациялы ойнасаң Шаймиев мазасыздана бастайтын», – деп жазады Ирек Муртазин.

Ирек Муртазин өзінің осы кітабымен басына бәле тілеп алғанын білмеді.

Шаймиев кітап ауторынан өшін 2009 жылы алды. Содан бір жыл бұрын Ирек Муртазин бір жолдасының ақпаратына сүйеніп, бұрынғы бастығы Түркияда демалып жүргенде дүниеден өтіпті-міс деген хабарды өзінің блогында жариялап жіберген-ді. Сонысы үшін, арада бір жылдан сәл астам уақыт өткенде, сотталып кетті.

Минтемір Шаймиев бұл жайтты бей-жай қалдырған жоқ. Журналистер одан: «Муртазинді кешіре аласыз ба?» деп сұраған кезде Шаймиев: «Жоқ. Менің ар-намысыма нұқсан келтірген болса, менің жақын-туыстарыма соққы боп тиген мұндай жайт кешірілмейді» деп жауап берді.

Осынау жыры көп әңгіменің соңында татарша Минтемір деген сөздің «мен - темірмін» дегенді білдіретінін еске сала кеткен жөн.

Бірақ, татар халқы оны еркелетіп, «Бабай» - «Ата» деп атайды.

24-наурызда Шаймиев «ата» президенттік өкілеттілікті қазір премьер-министр болып отырған Рустам Миннихановқа өткізбек. Татарстанды советтік заманнан бері басқарып келе жатқан Минтемір Шаймиев артына шиеленісі көп, даулы мұра қалдырып бара жатыр.

(Тәуелсіз журналист Александр Народецкийдің бұл мақалада білдірген өз ой-тұжырымы Азаттық радиосының ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін.)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG