Accessibility links

АzattyqLIVE: Сөз бостандығы неге шектеледі?


Журналист Ермұрат Бәпи. Алматы. 22 сәуір, 2016 жыл.

Журналист Ермұрат Бәпи. Алматы. 22 сәуір, 2016 жыл.

Қазақстандағы сөз бостандығының жайы халықаралық ұйымдар сынына тағы ілікті. Бірақ билік онымен келіспейді. АzattyqLIVE тақырыпты журналист Ермұрат Бәпимен талқылады.

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының әлемдегі сөз бостандығының ахуалына арналған биылғы есебінде Қазақстан 180 мемлекеттің ішінен осымен қатарынан үшінші жыл 160-орында аталды. Ұйым елде баспасөз еркіндігіне қысым күшейе түскен, БАҚ-ты қуғындау әлі жалғасып келеді дейді. Сонымен бірге Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның саясатын насихаттауға басымдық берілетіні, тәуелсіз басылымдар мен оппозициялық журналистер тұрақты түрде қудалауға ұшырайтыны да айтылған.

Қазақстанда қазіргі кезде үстерінен әртүрлі айыптар бойынша қылмыстық іс қозғалған оппозициялық басылым журналисі Гузяль Байдалинова бірнеше айдан бері тергеу абақтысында, Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен «ҚазТАГ» жеке меншік ақпарат агенттігі жетекшісі Әсет Матаев үйқамақта отыр.

Бұған дейін бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар ресми Астананы журналистерді қудалауды дереу тоқтатуға шақырған. Қазақстан үкіметі журналистерге қарсы тергеу істерінде «саяси астар жоқ» деген уәж айтады.

Бейсенбі күні Астанада ХІІІ Еуразиялық медиа-форум жұмысы басталған. Шетелдерден арнайы шақырылған қонақтар әдеттегідей әлемдегі экономикалық және саяси мәселелерді талқылайды. Қазақстан қоғамында медиа-форум Қазақстандағы баспасөз еркіндігі, тәуелсіз БАҚ пен журналистер құқықтары тақырыбын бұл жолды елеусіз қалдырды деп сынайды.

Қазақстанда оппозициялық басылымдар мен тәуелсіз журналистерді қуғындау неге тыйылмай келеді? Конституция мен БАҚ туралы заңда көрсетілген сөз және баспасөз бостандығы қорғалып отыр ма? БАҚ-тың міндетін билік және қарапайым жұрт қалай түсінеді?

AzattyqLIVE хабарында осы жайлы журналист Ермұрат Бәпимен талқылады.

XS
SM
MD
LG