Accessibility links

Әблязовты қолдаушыларға сот үкімі шықты


Мұхтар Әблязов, оппозициялық тұлға, қуғындағы олигарх

Мұхтар Әблязов, оппозициялық тұлға, қуғындағы олигарх

Орал соты оппозициялық тұлғаны қолдап, үндеуге қол қойды деген жергілікті тұрғынның «хат иелері менің рұқсатымды алмады» деген шағымы бойынша үкім шығарды. Қарағандыда осындай сот аяқталуға жақын.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы қалалық соттың судьясы Гүлнәз Оспанова жұма сәуірдің 11-і күні жергілікті тұрғын Руслан Әбденовтың шағымын жартылай қанағаттандырып, жергілікті белсенді Асқар Шайғұмаров пен Көкшетау қаласында тұратын белсенді Марат Жанұзақовтан 130 мың теңге (шамамен 710 доллар) мөлшерінде ақша өндіріп алу туралы үкім кесті. Басында арызгердің талап еткен сомасы миллион теңге (5,5 мың доллар) болатын.

Арызданушы Әбденов «Алға» оппозициялық партиясындағы бұрынғы әріптестері Жанұзақов пен Шайғұмаровты сотқа беріп, Францияда абақтыда отырған оппозиционер Мұхтар Әблязовты қорғауға қатысты тізімге өзімді қосуға рұқсат еткен жоқпын дейді.

Ақпанның 18-і күні Ablyazov.org сайтында жарияланған оппозициялық белсенділердің үндеуі Францияның әділет министріне арналған, хатқа қол қоюшылар Франциядан Әблязовты экстрадиция жасамауды сұрайды. Руслан Әбденов, "Алға" партиясының белсендісі

Руслан Әбденов, "Алға" партиясының белсендісі


Осы аптада Францияның апелляциялық соты қазақстандық оппозициялық тұлға, қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязовты Ресей немесе Украинаға беру туралы шешімінен бас тартты. Франция аталған елдердің билігінің сұрауы бойынша өткен жылдың жазында Әблязовты тұтқындаған еді.

ОРАЛДАҒЫ СОТ

Асқар Шайғұмаров Әбденовтің қол қоюға келісім бергенін айтады. Ал Марат Жанұзақов аталған іске еш қатысы жоқ екенін айтып, «маған қатысты айыптың бәрі ойдан шығарылған» деп санайды. Ол басқа қалада – Көкшетауда тұрады, сондықтан Әбденовтің шағымы бойынша жүргізілген сот отырысының ешқайсына қатысқан жоқ.

Бұл іске қатысы бар тұлғалар – «Алға» тіркелмеген партиясының белсенділері, бұл партияны билік экстремизмге қатысы бар деп айыптап, сот оның қызметіне тыйым салынған. Оралдағы сот кезінде шағымданушы Руслан Әбденов жергілікті билік өкілдері өзін кезінде осы партия құрамынан шығуға үгіттегенін де айта кетті. Марат Жанұзақов, оппозициялық белсенді

Марат Жанұзақов, оппозициялық белсенді


Судья Гүлнәз Оспанова үкімді жариялайтын күні арызданушы ұсынған Әбденов пен Жанұзақовтың телефонмен сөйлескен сөзінің аудио жазбасын жалғыз тыңдайтынын айтты. Сотта жауап беруші Асқар Шайғұмаровтың қарсылығы қабылданбады.

Бұдан кейін екі жақ пікір таластырды, онда шағымданушы мен жауапкер өз ұстанымдарында қалды.

Бұл істе Ablyazov.org сайтынан алынған скриншоттар да қамтылды, оны прокурор ұсынды. Жауапкерлер прокурор арызданушының орнына дәлел жинауға тиіс емес деп санайды, сондықтан оны қабылдамауды сұрады, бірақ судья Гүлнәз Оспанова олардың өтінішіне құлақ аспады.

Жауапкерлер сот үкімін бұзу туралы шағым түсірмек.

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ СОТ

Сол күні сәуірдің 11-інде Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Кристина Захарованың Қарағанды қаласының азаматтық белсендісі Валентина Махотина мен Көкшетау қаласының тұрғыны Марат Жанұзақовтың үстінен түсірген шағымы қаралды.

Арызданушының талабы Оралдағы Асқар Шайғұмаров пен Марат Жанұзақовқа қатысты істің мазмұнымен бірдей.

Қарағанды қаласының тұрғыны Кристина Захарова Франция әділет министріне хат жолдап, оппозициялық тұлға, әрі бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты қолдау тізіміне оның фамилиясын енгізгендер өзіне «физикалық және адамгершілік тұрғыда моральдық шығын келтіргенін» айтып, 10 миллион теңге (шамамен 55 мың доллар) мөлшерінде жауапкерлерден қаржы өндіріп беруді сұраған.

Жауап беруші Валентина Махотина соттан арызданушының өтінішін қанағаттандырмауды сұрады. Оның айтуынша, ол Мұхтар Әблязовты қолдап қол жинамаған және интернетке ешқандай хат салмаған.

Жауап беруші Жанұзақов Азаттыққа осы іске ешқандай қатысы жоқ екенін, сот отырысына қатыспайтынын айтты.

Шағымданушы Кристина Захарова да бірде-бір сот отырысына қатыспады, оның өкілі жауапкердің кейбір сұрақтарына жауап бере алмады. Судья Марат Мақажанов Кристина Захарованың шағымына қатысты іске дүйсенбі, сәуірдің 14-і күні үкім шығаратынын айтты.

Аударған – Динара Әлімжан.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG