Accessibility links

Прокурорлар «шын бастықтың» кім екенін білмек болды


Солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Сурет Twitter желісіне Lada.kz жүктеген жерден алынды.

Солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Сурет Twitter желісіне Lada.kz жүктеген жерден алынды.

Ақтаудағы сотта Владимир Козловтың Мұхтар Әблязов, Болат Атабаев, Айжангүл Әмірова, Жанболат Мамай және Михаил Сизовпен «иерархиялық қатынастары» туралы айтылды.

Ақтаудағы сотта төрт күннен бері айыпталушы Владимир Козловтың жауабы тыңдалып жатыр. Ол өткен жұмада сұрала бастаған еді.

ӘБЛЯЗОВТЫҢ САҚТАЛЫП ҚАЛҒАН «ЛИДЕРЛІК» СТАТУСЫ

Қыркүйектің 12-сі күнгі жауабында Владимир Козлов бүгін осыдан бірнеше жыл бұрын Мұхтар Әблязов саяси баспана сұрап Лондон сотына шағым түсірген кезде берген жауабы туралы айтты. Ол сотта Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отынбаева да куәгер ретінде сөйлегені белгілі болды.

Козлов сол кездегі жауабында Әблязовты «оппозиция лидері» ретінде атағанын айтып, «бұл статустың өзіндік тарихы мен қисынды түсіндірмесі бар» екенін жеткізді.
Қуғынға ұшыраған кәсіпкер, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов. Лондон, 30 наурыз 2010 жыл. K+ телеарнасынан түсірілген скрин-шот.

Қуғынға ұшыраған кәсіпкер, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов. Лондон, 30 наурыз 2010 жыл. K+ телеарнасынан түсірілген скрин-шот.


– «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының саяси кеңесі Мұхтар Әблязов пен Ғалымжан Жақияновты қозғалыстың лидерлері ретінде тану туралы шешім қабылдады. Мұндай статус колониядағы қауіпсіздігі үшін берілген. Біз одан әрі қарай да барлық хабарламаларымызда Әблязов пен Жақияновты қозғалыстың саяси көшбасшысы ретінде атап жүрдік. 2011 жылы Жаңаөзендегідей сол кезде де қозғалыс көшбасшыларына қолданылған заңсыз әрекеттерге көптің назарын аударту үшін осылайша атап жүрдік. Және бұл сәтті түрде жүзеге асты, - деді Козлов сотта.

«ИЕРАРХИЯ»

Сотта Владимир Козловқа Мұхтар Әблязов, Болат Атабаев және Жанболат Мамай төртеуінің арасындағы «иерархиялық» байланыс жайлы сұрақтар қойылды. Козлов «өзінің Әблязовқа жұмыс жасайтынын» жоққа шығарып, Атабаев пен Мамайдың өз еріктерімен әрекет еткенін айтты.

Ол «тергеушілердің сөйлемдерді қажетінше бұрмалап», өз мүдделеріне қарай қолданғанына тоқталып өтті.
Мамайға «сен» деуімнің негізінде оның маған бағынатыны туралы үстірт қорытынды жасай салған. Ал бір қызығы, Атабаевтың маған «сен» дейтінінен мұндай қорытынды жасамаған.
– Сәуір айындағы скайп-конференцияны мұқият талдадым. Себебі соның негізінде сарапшылар осы «иерархияны» құрастырған. Қайталап айтам, сөйлемдерден сөздерді жұлып алып, болжамдарын құрастырған. Сұрақтарға жауап берудің – бұйрық емес екенін, келіскеннің - бағынышты болуды білдірмейтінін бірнеше мәрте қайталап айттым. Олар менің Әблязовпен келіскенімді «иерархиялы түрді бағыну» деп бағалаған. Неге екені белгісіз, Әблязовтың Файзуллин пікірімен келісуінен мұны «байқамаған», - деді Козлов сотта.

Ол сол сияқты Атабаев пен Мамайға да бұйрық бермегенін айтып, бұл тұста әңгімелерге талдау жасаған сарапшылардың «қарапайым әдептілікті қалағанша бұрмалағанын» жеткізді.

– Сарапшылар менің Мамайға «сен» деуімнің негізінде оның маған бағынатыны туралы үстірт қорытынды жасай салған. Ал бір қызығы, Атабаевтың маған «сен» дейтінінен мұндай қорытынды жасамаған, - деді Владимир Козлов.
Ол тек бір ғана – Владимир Козлов пен Михаил Сизов және Айжангүл Әмірова арасындағы «иерархияға» байланысты жасалған сараптама нәтижесімен келісетінін айтты.

- Олар шынымен де партия мүшелері болғандықтан Сизов маған тікелей бағынады. Бірақ Әмірова Жаңаөзенге баруға өзі сұранды, оны ешкім міндеттеген жоқ, - деді Козлов.

ДЕМЕУШІ

Бүгін прокурорлар Владимир Козловтан алдын-ала тергеу кезінде партияның қаржылануына байланысты берген жауаптарына тоқталып, тәптіштеп сұрады.
«Сіз тергеушілерге партияны Әблязовтың қаржыландырғаны жөнінде айтпаған екенсіз. Тек Лондон сотынан құжаттар әкелгеннен кейін мұны растадыңыз. Неге?» деген сұрақ қойылды.
Бірде-бір адам оппозициялық қозғалыспен байланыстыруға болатын бизнесте Әблязовтан басқа адамның фамилиясын атай алмайды.
Владимир Козлов бұл – сұрақтарын дұрыс құрастыра алмаған тергеушілердің өзінің кінәсі екенін айтты.

– Мұхтар Әблязовтың бізге негізгі демеуші болғаны рас. Тек біз ғана емес, жалпы оппозицияның қолдаушысы. Бірде-бір адам оппозициялық қозғалыспен байланыстыруға болатын бизнесте басқа адамның фамилиясын атай алмайды, - деді Козлов сотта.

Бүгін Ақтаудағы сотқа қатысу үшін «Human Rights Watch» ұйымының өкілі Мира Ритман арнайы келді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG