Accessibility links

Мұхтар мен Мейірбектің айтысы


Айтыстың жеңімпазы Мұхтар Ниязов (ортада) "Алтын домбыраны" ұстап тұр. Астана, 9 желтоқсан 2012 жыл. (Суретті түсірген Өркен Жоямерген).

Айтыстың жеңімпазы Мұхтар Ниязов (ортада) "Алтын домбыраны" ұстап тұр. Астана, 9 желтоқсан 2012 жыл. (Суретті түсірген Өркен Жоямерген).

Желтоқсанның 9-ы күні «Біздің ел осындай» деген атпен Астанада өткен айтыстың ақтық айналымында сөз қағыстырған Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Солтанханның сайысын ұсынып отырмыз.

Айтыстың финалына бұл екі ақынмен бірге Жандарбек Бұлғақов та өткен еді. Алайда жеребе бойынша ақтық айтыста Мұхтар мен Мейірбек сөз сайыстырды да, қарсылассыз қалған Жандарбек екінші орынды қанағат тұтты.

Сөз бастаған Мұхтар Ниязов әуелі «өткен тарихтың көлеңкелі тұстарын» тізіп шықты.

«Осы күнді армандап бабалардан» сөз бастаған ақын «Қасқа жолын шиырлап өткен» Қасым ханды, «Ескі жолын үлгі қып өткен» Есім ханды айта келе, елдің бодандықтан құтылғаннан кейін кезін былай суреттеді:

– 91-де жол таппай қиналғанда,
Бір кісі қиындықтың төсін тепкен.
Құлатпастан көшіңді, жылатпастан,
Бастап келе жатыр ғой көшіңді еппен.
Қарнымыз тойған сайын қабақ шытпай,
Жөн болар басшымыздың қосын жеккен».

Ал Мейірбек Солтанхан «Өтіріктің арбасы ешқашанда, Шындықтың көпірінен өте алмайтынын» айта келе:

Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

– Патшаға шындықты айтар ақсақал жоқ,
Қолын сүйіп, иіліп тұр алдында.
Елбасының орнатып ескерткішін,
Әкімдер ебін тапты ұнаудың да.
Кейбіреу кітап жазып, жолын ашты,
Жоғарыдан жайлы орын сұраудың да.
Күн сайын медицина дамып жатыр,
Емі бар анаудың да мынаудың да.
Құрықтайтын дәрісін ойлап тапты,
Құс түгілі «шошқа» дейтін тұмаудың да.
...Жазатын бір дәрі ойлап табылса екен
«Жағымпаздық» дейтұғын бір ауруға, – деді.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG