Accessibility links

Қазақстанда аштық жариялау мағынасыз да, әсерсіз шара болып барады


Аштық жариялаған үлескерлер өз проблемаларына елдегі билеуші партияның да назарын аудармақ болды. Aстана, 19 шілде 2010 жыл.

Аштық жариялаған үлескерлер өз проблемаларына елдегі билеуші партияның да назарын аудармақ болды. Aстана, 19 шілде 2010 жыл.

Жұма, желтоқсанның 3-і күні «Лайықты баспана үшін» қоғамдық бастама жетекшілері үш жарым айдан астам уақыт Астанада аштық жариялап жатқан үлескерлер наразылық акциясын тоқтатқанын мәлімдеді. Олар өз проблемаларына селт ептеген үкіметті сынап, енді күрестің басқадай түріне баратындарын айтып отыр.


«140 күнге жалғасқан аштық кезінде жергілікті әкімшіліктен немесе үкіметтен бірде бір өкіл келіп жағдайымызбен таныспағаны үшін Қазақстан үкіметін Гиннесстің рекордтар кітабына енгізу қажет», – дейді үлескерлер.

АШТЫҚТАН ҚАЙРАН ЖОҚ

Төрт ай жиырма күнге созылған аштық акциясын аяқтағандары жөнінде мәлімдеме жасаған «Лайықты баспана үшін» қоғамдық бастама жетекшілері наразылық шараның барысында түйгендерін ортаға салды.

140 күн ішінде жергілікті әкімшілік пен үкімет тарапынан бірде бір өкіл келіп олардың мақсат-мұраттарымен таныспағанына өкініш білдірген үлескерлер, «билік халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға құлықты емес» деген байламға
«Лайықты баспана үшін» бастамасының төрайымы Зәуреш Батталова.
келгендерін айтады.

– Билік кәсіби деңгейде жұмыс істей алмайды. Халықтан қорқады. Бүгінгі билік, қоғам және жеке азаматтар мәселесін қорғайтын билік емес. Мақсаты тек билікке келу және өзін-өзі билікте сақтап қалу, – дейді «Лайықты баспана үшін» бастамасының төрайымы Зәуреш Батталова.

Батталова ханым үкімет үлескерлермен бетпе-бет кездеспегенімен бірқатар қадам жасауға да мәжбүр болғанын айтады. «Үкімет жанынан үлескерлердің мәселесімен айналысатын үйлестіру кеңесі құрылды. Борышкерлер мәселесіне қатысты комисся құрылды», – дейді ол.


ШЕТЕЛДІК САЯСАТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Биылғы шілденің 16-ы аштық жариялауды бастаған Астанадағы бір топ үлескерлер егер билік бұл әрекетке құлақ аспаса, наразылық шарасын ЕҚЫҰ
Үлескерлер 140 күн бойы кезектесіп аштық жариялаған тұрғын-үй кешені. Астана, 3 желтоқсан 2010 жыл.
саммитіне дейін жеткізіп, шетелдік саясаткерлердің назарын аудартамыз деген болатын.

Наразылық топ саммит кезінде пикеттер ұйымдастырғанын, батыстық және америкалық журналистермен сұхбаттасып, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға мән-жайды жеткізгендерін айтады.

Аштық акциясын аяқтаған үлескерлер бұдан ары қарай билік тарапынан еш әрекет болмаса ендігі қимылдары рұқсат етілмеген митингілер өткізу екенін мәлімдейді. Бұл акциялар – келер жылдың еншісінде.


ЕНДІ ЛИТВАДАН ҮМІТТЕНЕДІ

«ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қанат Саудабаевқа бірнеше мәрте хат жаздық, бірақ жауап болмады. Келер жылдан бастап мәселемізді Литваға бағыттаймыз», – дейді Зәуреш Батталова.

Үлескерлер мәселесін ескерусіз қалдырғаны үшін премьер-министр Кәрім Мәсімов, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов және сыртқы істер министрі һәм мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтардың үстінен Жоғарғы Сотқа түсірген талап арыздарының ескерусіз қалғанына қынжылыс білдірген үлескерлер, құзырлы органды да атқарушы биліктің ықпалынан шыға алмайды деп айыптады.


«ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ РЕКОРД ЖАСАДЫ»

«Әлемдегі аштық жариялау оқиғаларын қарап отырсақ Қазақстан үкіметінің
«Ұлт бірлігі» қоғамдық қорының президенті Бауыржан Шақарбекұлы. Астана 3 желтоқсан 2010 жыл.
әрекеті ешбір елде болмаған екен. Сондықтан, 140 күн бойы халқының хал-жағдайын ескермеген үкімет деген номинация бойынша ГИННЕС-тің рекордтар кітабына ұсынуға шақырамын», – дейді «Ұлт бірлігі» қоғамдық қорының президенті Бауыржан Шақарбекұлы.

Астанада биылғы шілденің 16-ы аштық жариялауды бастаған 200-ге тарта үлескер наразылық шараларын желтоқсанға дейін жеткізетіндерін айтқан болатын. Олардың арасында банктерден түрлі несиелер алған борышкерлер, баспанасынан мәжбүрлеп шығарылған азаматтар да бар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG