Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Қалижан мен Мұхтар


Қалижан Білдашов, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.

Қалижан Білдашов, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкент қаласында республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл айтыс биыл Төле бидің 350 жылдығына, Абылай ханның 300 жылдығына арналды.

Бірінші күні ақындардың алғашқы жұбы болып сахнаға Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Қалижан Білдашов пен қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов шықты. Екі ақын да берілген тақырып (Абылай хан мен Төле би) аясында ғана айтысып шықты.

Сөз бастаған Қалижан Білдашов Абылай хан мен Төле биді былайша жырлады:

- Абылайлар шықты ғой даламыздан
Төле бидей данышпан шалдар барда.
Қаймықпай қарсы тұрдың дұшпаныңа
Сабалағың Абылай хан болғанда.
Он мың қол, жиырма мың, отыз мың қол
Деместен қарсы шаптың жоңғарларға.
Сонда біздің қазақтың бір батыры
Татитын болғаны ғой он жоңғарға.

Мұхтар Ниязов та қарсыласының осы ауандағы сөзін жалғап, айтысты одан әрі былай өрбітті:

- Маңдайы маң даланың картасындай
Қазаққа бақ та тұнған, сор да тұнған.
Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Тарихи тұлғалардың арқасында
Қиындықтар алынды жолда тұрған.
Үш жүзге билік айтқан үйсіндегі
Төле би теңдесі жоқ болды ақылман.
Арпалысып өтіп еді Абылайлар
Арыстандай кәдімгі торға атылған.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG