Accessibility links

Шетелде сотқа тартылған қазақстандықтар


Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов федералдық судья Марианна Боулердің алдында тұр. АҚШ, 1 мамыр 2013 жыл. (Жабық сот отырысынан салынған сурет).

Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов федералдық судья Марианна Боулердің алдында тұр. АҚШ, 1 мамыр 2013 жыл. (Жабық сот отырысынан салынған сурет).

«Ұшақта отырған қызға қол тигізді» деп айыпталған Азамат Теңізбаев тамыздың 23-і күні Лондон сотында жауап береді. Соңғы бірнеше жылда шетелде қамалған қазақстандықтар ұрлық, алаяқтық, есірткіге байланысты да сотқа тартылған.

«Ұшақ бортында жанында отырған ағылшын азаматшасына қол тигізді» деп айыпталған 18 жастағы спортшы Азамат Теңізбаев шілденің 21-і күні «Хитроу» әуежайында қамауға алынды. Оған қатысты алғашқы сот отырысы тамыздың 23-і күні өтеді.

– Азаматтың мамасы Жазира Тілешова мен таэквондо федерациясының екі бапкері тамыздың 20-сында Лондонға ұшып кетті. Сот 23-інде, алдын ала бірдеңе айту қиын, – деді Азаттық тілшісіне Азамат Теңізбаевтың әкесі Талғат Тілешов.

ТИІСУ ТУРАЛЫ ІС

«Қол тигізді» деген айыппен шетелде сотқа тартылған қазақстандық Азамат Теңізбаев қана емес.

2010 жылы АҚШ-та 20 жастағы Жандос Бақытбекұлы да «11 жастағы екі қыз балаға жөнсіз тиісті» деп айыпталып, тұтқындалған. Жасөспірім қыздардың ата-анасы АҚШ-қа Work and Travel бағдарламасы бойынша барып, ойын-сауық аттракционында жұмыс істеп жүрген студентті айыптап, полицияға арыз жазған.

Кейін сот оны босатуға шешім шығарып, Жандос Бақытбекұлы сол жылы қыркүйекте үйіне оралған.

АЛАЯҚТЫҚ ТУРАЛЫ ІС

2012 жылы шілдеде АҚШ соты сол елге студенттік визамен барған Қазақстан азаматы Данияр Жақсылықты 27 айға түрмеге қамап, жазасын өтеп шыққан соң АҚШ-тан депортациялау туралы үкім шығарды.
Сот Данияр Жақсылықты зиянының өтемі ретінде 222 мың долларға жуық ақша төлеуге міндеттеді.

Айыптаушы тарап Данияр Жақсылық биржада алаяқтық жасау оқиғасына қатысып, 400 мың АҚШ долларына жуық шығын келтіргенін айтқан. Сот Данияр Жақсылықты келтірген зиянының өтемі ретінде 222 мың долларға жуық ақша төлеуге міндеттеді.

АҚШ-қа студенттік виза бойынша барған тағы бір Қазақстан азаматы Алексей Ли де осы іс бойынша ұсталып, 2012 жылы наурызда Хьюстонда айыбын мойындап, үш айға түрмеге қамалды. Сот үкіміне сай, ол 40 мың доллар төлеуге міндетті болды.

2012 жылы қаңтарда АҚШ-та қазақстандық Камал Жетпісбаев бен Григорий Зосим «кредиттік карталармен алаяқтық әрекет жасағаны үшін» қамауға алынды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, олар «ұрланған несиелік карталардың көмегімен сатып алған тауарлардың бір бөлігін өздеріне қалдырып, қалғанын сатып отырған».

ҰРЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС

2012 жылы көктемде АҚШ-та «көлік дөңгелегін ұрлады» деген күдікпен қазақстандық үш студент ұсталды.

АҚШ полициясының мәліметінше, Хьюстон қаласындағы әуежайдың көлік Қазақстандық үш студент (солдан оңға) - Темірлан Қантай, Ержігіт Серікбай және Нұрбол Таңатов. АҚШ, Хьюстон, 21 наурыз 2012 жыл. (Fox 26 телеарнасы видеосынан алынған скриншот).

Қазақстандық үш студент (солдан оңға) - Темірлан Қантай, Ержігіт Серікбай және Нұрбол Таңатов. АҚШ, Хьюстон, 21 наурыз 2012 жыл. (Fox 26 телеарнасы видеосынан алынған скриншот).

тұрағындағы машиналардың дөңгелектерін ұрлаған күдіктілер – 17 жастағы Темірлан Қантай, 19 жастағы Ержігіт Серікбай және 22 жастағы Нұрбол Таңатов. Үшеуі де Хьюстон қоғамдық колледжінде (Houston Community College) оқитын.

Полиция өкілінің айтуынша, оларға «ұйымдасқан қылмыс жасады» деген айып тағылған.

Бұл үш азаматтың және Камал Жетпісбаев бен Григорий Зосимнің тергеуі қалай аяқталғанын білу үшін Қазақстан сыртқы істер министрлігіне хабарластық. Бірақ министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов «бүгін жауап бере алмаймын, ертең АҚШ-тан жауап алуым керек» деді Азаттық тілшісіне тамыздың 22-сі күні.

ЕСІРТКІ МЕН ҚАРУ ТУРАЛЫ ІС

2013 жылдың көктемінде қазақстандық Бақтияр Рахимов «Тәжікстаннан 30 килограмға жуық есірткі алып шықпақ болды» деген айыппен сол елде 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Шымкент тұрғыны биыл қаңтар айында Тәжікстанның Соғды облысында ұсталып, «көлігінен есірткі табылғаннан кейін қамауға алынған».

Екі жыл бұрын, 2011 жылы күзде АҚШ-та қазақстандық Константин Кузнецов де «қару сақтап, есірткі сатты» деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырылған. Портлендтің округтік соты оны тіркеу нөмірі өшірілген қару сақтағаны және есірткі өткізгені үшін айыпты деп тапқан.

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ТУРАЛЫ ІС

2012 жылдың шілде айында Өзбекстанда «нетбугынан діни-экстремистік сипаттағы файлдар табылды» деп айыпталған Қазақстан азаматы Ермек Қосмағамбетов бес жылға сотталды. Оның серігі Ақмарал Шәкірова нетбук басқа Азамат Тәжаяқов (сол жақта) пен Диас Қадырбаевтың (ортада) Джохар Царнаевпен (оң жақта) Нью-Йоркте түскен суреті.

Азамат Тәжаяқов (сол жақта) пен Диас Қадырбаевтың (ортада) Джохар Царнаевпен (оң жақта) Нью-Йоркте түскен суреті.

адамдікі болғандықтан ішінде діни мазмұндағы материалдар барын білмегендерін, ол «діни материалдарды» экстремистік деп сипаттауға келмейтінін айтады.

Қазір АҚШ-та қазақстандық Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов (екеуі де 19 жаста) сотқа тартылып жатыр.

Оларға алғашында «визалық режимді бұзды» деген айып тағылған еді. Кейін мамыр айында АҚШ-тың округтық соты екеуіне «2013 жылдың сәуірде Бостон марафонында болған терактіге қатысты тергеу жұмыстарына кедергі келтіру мақсатымен сөз байласып, әрекет жасады» деген айып тақты.

Тамыздың 13-і күні Бостон қаласындағы АҚШ-тың федералдық сотына өткен алғашқы процесте олар айыптарды мойындамайтындарын мәлімдеді.

Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаевтың достары Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа байланысты ендігі сот отырысы АҚШ-та қыркүйектің 26-сында өтуі тиіс.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG