Accessibility links

Ораза қабыл болсын ұстаған жан!


Алматыдаға Орталық мешітке жұма намазға жиналып жатқан жамиғат.

Алматыдаға Орталық мешітке жұма намазға жиналып жатқан жамиғат.

Күллі әлемдегі барша мұсылман баласы үшін қасиетті саналатын жұма күні Рамазан айы басталды, Мұхаммед үмметтерінің айында дін мұсылман баласы 30 күнге ауыз бекітіп, мұсылмандық шартының бір парызын орындайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі биылғы Рамазан айы алдыңғы жылдардағыдай 29 емес, 30 күнге созылатынын айтқан болатын.

«Ислам — күн тізбесімен емес, ай тізбесімен жүреді. Күнтізбеде 365 күн бар болса, ай тізбесінде 354 күн бар. Ай тізбесі бойынша алдыңғы 6 ай 29 күнге, ал қалған 6 ай 30 күнге толады. Соған сәйкес, биылдан бастап 30 күндік цикл бастау алды», – деді бас мүфти.

Айлардың сұлтаны Рамазанда мың түнге пара-пар Исламдағы қасиетті түндердің бірі — Ләйләтул-Қадр, яғни Қадыр түні болады, бұл биыл қыркүйектің 15-інен 16-сына қараған түнге сәйкес келмек.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG