Accessibility links

Теміртауда «Зеркало» газетінің кеңсесін өртеп кетті


"Зеркало" газеті редакциясындағы кабинет. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
"Зеркало" газеті редакциясындағы кабинет. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
Теміртауда бүгін таңертең белгісіз біреулер «Зеркало» газетінің редакциясын өртеді. Журналистер аман-есен, бірақ жиһаз бен техника бүлінген.

Газет қызметкерлері оқиғаны кәсіби қызметтерімен байланыстырады. Полиция әзірге қылмыстық іс қозғамаған.

БӨТЕЛКЕ МЕН КІРПІШ

Редакциядан өрт шыққаны туралы хабар Теміртаудағы өрт сөндіру қызметіне қарашаның 7-сі күні таңертең сағат жетілер шамасында келіп түскен.

Редакцияның өртеніп жатқанын әуелі кеңсе орналасқан ғимараттың қарауылы мен сонда тұрып жатқан тұрғындар байқап қалған.

- Ғимараттан түтіннің иісі шығып жатқанын маған тұрғындар хабарлады. Жүгіріп келіп қарасақ, өртеніп жатыр екен. Дереу өрт сөндіру қызметі мен полицияны шақырттық, - дейді ғимарат әкімшісі.

«Зеркало» газеті қызметкерлерінің айтуынша, өрт салдарынан редакцияның жартысы күйіп кеткен. Әсіресе газеттің бас редакторының бөлмесі қатты бүлініпті.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Бірақ ондағы жиһаздар мен техникалар жарамсыз болып қалған. Редактор мен тілшілер отыратын бөлменің терезелері де сынған.

- Полицияның шығыс басқармасының бастығы келді. Тергеушілер де болды. Әзірге ештеңе анық емес. Тіпті қылмыстық іс те қозғамаған. Болжам бойынша, белгісіз
Газет орналасқан ғимараттың қақпасы. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
Газет орналасқан ғимараттың қақпасы. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
біреулер бірінші әйнекті кірпішпен сындырып, терезеден екі бөтелке лақтырған. Онда жанғыш заттар болса керек, өйткені тығындалған шүберектер де табылған. Нақты қалай болғанын айта алмаймын. Бөтелкелер мен кірпіштерді полицейлер сараптамаға алып кетті, - деді «Зеркало» қызметкерлерінің бірі.

БОЛЖАМ МЕН КҮДІК

Редакция қызметкерлері кеңсені осылайша өртеп бүлдіретіндей кімдерді «соншалықты өшіктіріп» алғандарын білмейтіндерін айтады. Олардың болжамынша, бұл кәсіби қызметтерімен байланысты болуы мүмкін.

- Редакциямызды не үшін өртегенін дөп басып айту қиын. Газеттің соңғы нөмірінде қолыма түскен сметалар жайында жазғанмын. Мәселе балалардың ойын алаңдарын орнатуға қатысты. Біз Теміртауда ойын алаңдарын орнату ісінде сметалар қалай құрастырылатынын білгіміз келді. Мысалы, смета бойынша 23
Газет тілшісі Наталья Вернадская. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
Газет тілшісі Наталья Вернадская. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
тонна құм кетуі тиіс деп есептелініп, 23 тонна құмның ақысы төленгенмен іс жүзінде басқаша болады. Сонда қалған құм қайда кетті деген сұрақ туады, - деді газеттің тілшісі Наталья Вернадская.

Ол оқиғаға қатысты өзге журналистердің де әртүрлі болжам жасап отырғанын айтты.

Наталья Вернадскаяның айтуынша, оған көктемде белгісіз біреулер тапаншамен қоқан-лоқы жасаған.

- Ол кезде маған "әзірге бұл жай ғана ескерту" екенін айтқан. Сынап мақала жазуымды тоқтатпасам, менімен "басқаша әңгімелесетінін" айтып, тапаншамен қорқытты. Шынымды айтсам, ол кезде нақты қандай мақала үшін қорқытпақ болғанын түсінбедім. Ол жайтты полиция тексерді. Іс қозғағанмен, ақыры бұлыңғыр болып кетті. Өзіміз де қуған жоқпыз, - дейді Наталья Вернадская.

Жергілікті полиция оқиғаға қатысты қандай да бір түсініктеме беруден әзірше бас тартты.

Ал Теміртаудағы төтенше жағдай департаментінің болжамынша, белгісіз біреулер редакцияны әдейі өртемек болған.

- Бөтелкелердің ішінде тез жанатын сұйықтық болған. Бірақ бензин бе, әлде
Редакцияның сынған терезесі. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
Редакцияның сынған терезесі. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
керосин ба, басқа ма - әзірге белгісіз. Бәрін сараптама көрсетеді. Бүгін істі прокуратураға жібердік. Ол жақтан істі полицияға жөнелтетін шығар. Бұған қатысты қылмыстық іс ашуы тиіс, - дейді Теміртаудағы төтенше жағдай департаментінің бөлім қызметкері Иван Костин Азаттық тілшісіне.

«Зеркало» қызметкерлерінің айтуынша, қазір кезде өрт шығыны есептеліп жатыр.

- Әзірге шығын көлемі толық есептеліп болған жоқ. Техника бүлінген. Компьютер маманы "компьютерлерді істетуге болатын шығар" деп отыр, - дейді газет қызметкерлерінің бірі.

«Зеркало» - тиражы 6 мың дана аймақтық газет. Басылымда негізінен әлеуметтік тақырыптар жазылады. Редакцияда төрт қызметкер істейді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG