Accessibility links

Толық жұмыс істеп, жарты жалақы алатындар


"Маңғыстаугеология" мекемесінің наразы жұмысшылары. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
"Маңғыстаугеология" мекемесінің наразы жұмысшылары. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.

Қазақстанда еңбек келісім-шартындағыдан артық жұмыс істеуге мәжбүр адамдар «құқығымызды талап етсек, жұмыстан айрылып қаламыз» деп күн кешіп келеді.

Қазақстанда жұмысқа жарты жүктеме бойынша қабылданса да, күніне 8 сағат жұмыс істейтіндер баршылық. Шығыс Қазақстандағы аудандардың бірінде хатшы қызметін атқаратын Дана да осындай хал кешіп жүргенін айтады.

«Алатын айлығым – 22 мың теңге. Бұл – жарты жүктеменің ақшасы. Бірақ жұмысқа таңғы тоғызда келіп, кешкі алтыда қайтуым керек. Яғни толық үстеменің жұмысын істеймін. Ауылда жұмыс табу қиын. Сондықтан жұмыссыз қаламын деп үндемейсің» дейді ол.

Еңбек құқығы сақталмайтынына наразы адам ауылда қызмет ететін Дана ғана емес. Алматыдағы жеке меншік колледждердің бірінде дәріс оқитын Әсем (есімін толық атамауды сұрады – ред.) де – артық жұмыс істейтін азаматтардың бірі. Ол құжат
Шәкірт пен ұстаз сабақ кезінде. (Көрнекі сурет)
Шәкірт пен ұстаз сабақ кезінде. (Көрнекі сурет)
бойынша бір жүктеме көлемінде сабақ беруі тиіс. Алайда ол бір жарым жүктеменің нормасын орындайтынын айтады.

«Алты күн жұмыстамын. Жұмысқа таңғы сағат тоғызда келіп, кешкі жеті кезінде қайтамын. Жүктеме бойынша әр семестрде үш топқа жеті пәннен сабақ беруім керек. Ал мен төрт топқа он пәннен сабақ беремін. Бұған еш артық ақы төлемейді» дейді ол.

Бір жүктеменің айлығын ғана (70-80 мың теңге) алатын Әсем құқығы сақталуын директордан бірнеше мәрте талап еткенін, бірақ басшылықтан «істегің келмесе, жұмыстан шыға бер» деген жауап естігенін айтады.

«Стаж жинап алғанша осы жерде істей беремін. Бұл жерде біраз мұғалім бір жүктеменің орнына бір жарымын орындап жүр» дейді Әсем.

«ЖҰРТ ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙ АЛМАЙДЫ»

Азаматтардың көбінің әзер тапқан жұмыстан айрылып қалудан қорқып артық шаруа атқара беретінін әлеуметтанушы Ақмарал Әбілманова да растайды.

«Жұмысымызды асыра көрсеткіміз келетін менталитет те бар. Жұмысқа жаңа алынған кадр, университетті жаңа бітірген жұмысшы өздерін жақсы жағынан көрсету үшін асыра жұмыс істейді. Бұған жұмыс беруші үйреніп қалады да, жұмысты көп талап етеді. Қазақстанда адамдар өз құқығын қорғай алмайды» дейді ол.

Оның пікірінше, мұның тағы бір себебі – кәсіподақтардың жұмысшылар құқығын қорғай алмауы.

Ал заңгер Қайсар Қаңтарбаевтың айтуынша, «жұмысшыларымыздың құқығы толық сақталады» деп есеп беретін мекемелердің көбінде заң бұзылады.

«Бізде зейнетақы қорына ақшасы аударылмай жатқан жұмысшылар да көп. Олар ақша аударуды талап ете алмайды. Мұны талап ете алмаған адам «аптасына 40 сағат жұмыс» нормасын қалай талап етеді» дейді заңгер.

Оның сөзінше, жергілікті жұрт жұмыс істеу үшін кез-келген жалақыға келісе береді – әсіресе дүкен, кафе, супермаркет пен құрылыс сияқты салаларда жұмысшылардың
Кәсіпорын әкімшілігіне еңбек талабын айтуға жиналған жұмысшылар. Шетпе, 26 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Кәсіпорын әкімшілігіне еңбек талабын айтуға жиналған жұмысшылар. Шетпе, 26 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
еңбек талабы орындалмайды.

«Еңбек құқығы бұзылған азамат құқық қорғау органдарына немесе 114 сенім телефонына хабарлассын» деген кеңес береді Қайсар Қаңтарбаев.

Еңбек құқығы бұзылған адамның тағы бір хабарласатын мекемесі – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл министрліктің өкілі Анар Шайкенова Азаттық тілшісінің жұмыс тәртібі туралы сауалына:

«Жұмысшының құқығы мен келісім-шарты бұзылса, біздің министрлікке немесе аймақтық бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаменттеріне хабарласуына болады. Сол жердегі мамандар барлығын түсіндіріп, кеңес береді» деп жауап берді.

Елде қанша азаматтың өзіне жүктелген міндетінен артық жұмыс атқаратыны жайлы ресми, я бейресми статисткалық есеп жоқ.

Қазақстанда азаматтардың жұмыс тәртібі «Еңбек кодексінде» жазылған. Кодекс бойынша, толық жүктемедегі жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жұмысшы өзінің, не жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен артық жұмыс істей алады. Бірақ ондай артық жұмыс уақыты қатарынан екi күн iшiнде 4 сағаттан және жылына 120 сағаттан көп болмауы тиіс.
XS
SM
MD
LG