Accessibility links

Ақтөбеде шіркеуге сұйықтық құйылған құты лақтырды


«Новая жизнь» шіркеуінің пасторы Василий Ким. Ақтөбе, 1 қараша 2013 жыл.

«Новая жизнь» шіркеуінің пасторы Василий Ким. Ақтөбе, 1 қараша 2013 жыл.

Біреулер «Новая жизнь» протестант шіркеуі ғимаратына қара қошқыл сұйықтық құйылған құты лақтырған соң шіркеу қызметшісі Василий Ким ҰҚК мен полицияның экстремизммен күрес бөліміне арыз жазды.

Ақтөбе қаласындағы Индустриальная көшесінде орналасқан «Новая жизнь» шіркеуінің ғимаратында қарашаның 1-і күні мерекелік ғибадат өтуі тиіс еді. Қауым мүшелері Ақтөбедегі діни бірлестіктің 15 жылдығын атап өтпек болған.

КРЕОЛИН

Бірақ мерекенің шырқы бұзылды. Таңсәріде шіркеу ғимаратына келгендер келеңсіз көріністің куәсі болды. Шіркеу терезелерінің біразы сынып, ал әйнегіне төгілген қара қошқыл сұйықтықтың иісі ғимарат ішін алып кеткен.

"Новая жизнь" шіркеуінің сынған терезесі. Ақтөбе, 1 қараша 2013 жыл.

"Новая жизнь" шіркеуінің сынған терезесі. Ақтөбе, 1 қараша 2013 жыл.

​Шіркеуге келушілер ғимарат маңынан сынған кішкентай шыны құтыларды тауып алады. Оның ауыл шаруашылығында малға шашатын және зиянкестерді жоюға пайдаланылатын креолин деген ветеринарлық препарат екенін кейбіреулер өткір иісінен анықтаған.

Терезеден ғимарат ішіне түскен бірнеше құты сынбай қалған. Шіркеу қызметкерлері оларды сараптамаға апарып өткізбек.

​- Жол жаққа қарайтын терезелердің бәріне мынадай сұйықтық толтырылған құты лақтырыпты. Меніңше, кім болса да, қақпадан әрі аспаған, жолда тұрып лақтырып кеткен сияқты. Лақтырған да қашып кеткен, - дейді пастор Василий Ким.

Оның айтуынша, бұл - шіркеуге жасалған бірінші шабуыл емес. Пастор Василий Ким соңғы кезде шіркеуге келушілердің телефонына белгісіз нөмірден біртүрлі хабарламалар келе бастағанын айтады. Әлгі жолдаулардағы «Мына сектаға баруды доғарыңдар», «Сендер сектантсыңдар, сендерден зомби ​ "Новая жизнь" шіркеуінің сыртындағы сұйықтық төгілген терезе түбі. Ақтөбе, 1 қараша 2013 жыл.

"Новая жизнь" шіркеуінің сыртындағы сұйықтық төгілген терезе түбі. Ақтөбе, 1 қараша 2013 жыл.

жасайды», «Көп ұзамай жындыханаға түсесіңдер, күйеуі әйелінен, қызы шешесінен айырылады» деген сарындағы мәтіндер шіркеуге келушілерді шошытқан.

- Сол күні осындай сипаттағы хабарламаны маған бес пе, жеті ме – бірнеше адам көрсетті. Кешкісін маған да «Сен - сектантсың» деген, тағы басқа көргенсіз сөздер жазылған SMS келді. «Бізді үйіңде күт, көп ұзамай гуталин мен нәжіске шыланасың» деген хабарлама алған соң полицияға арыз жаздым, - дейді Василий Ким.

ПОЛИЦИЯҒА АРЫЗДАНУ

Шіркеудегі оқиғаны қазір Ақтөбе қаласы полициясының Сазды бөлімшесі тексеріп жатыр. Пастордың айтуынша, арыздың қабылданғаны жөнінде оған түбіртек берген. Қылмыстық істің қозғалған-қозғалмағаны әлі белгісіз.

- Тергеуші мұны бұзақылық әрекеті ретінде қараймыз деді. Біз бұл тұжырыммен келіспейміз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен ішкі істер департаментінің (ІІД) экстремизммен күрес бөліміне арыз түсірдім. Біз мұны дінге қарсы шабуыл ​ "Новая жизнь" шіркеуінің іші. Ақтөбе, 1 қараша 2013 жыл.

"Новая жизнь" шіркеуінің іші. Ақтөбе, 1 қараша 2013 жыл.

әрекеті ретінде қарауды сұраймыз. Бұл - 1952 жылы ғибадат үйі ретінде тұрғызылған заңды, діни ғимарат. Мұнда әуелі лютерандар отырған. Қазір ғимарат аптаның жетінші күнін қасиетті санайтын адвентистерге тиесілі. Қазір онда евангелистік екі протестант шіркеуі діни жораларын өткізеді. Оның бірі - біздің «Новая жизнь» шіркеуі, - дейді Василий Ким.

Пастордың айтуынша, оқиға болған қарашаның 1-і күні полиция жасағы алты сағаттан кейін келген. Полицейлер фото мен видео түсірумен шектеліп, сынбай қалған құтыларды сараптамаға алмай кеткен.

Ақтөбе қаласы полициясының Сазды бөлімшесі қызметкерлері Азаттық тілшісінің сауалына «телефонмен комментарий бермейміз» деді.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдиннің Азаттық тілшісіне айтуынша, Василий Кимнің шағымы негізінде қылмыстық кодекстің 257-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Ол «Бұл бұзақылық шіркеудің қызметімен байланысты ма, жоқ па - білмеймін. Ештеңе айта алмаймын. Қосымша деректер шығып жатса, хабарлаймыз» дейді.

ВИДЕО: Василий Ким «Новая жизнь» шіркеуіне жасалған шабуыл туралы айтып тұр

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG