Accessibility links

Жаңөзенде марқұмдарды автобекетте еске алды


Жаңаөзен қаласының орталық алаңы. 15 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзен қаласының орталық алаңы. 15 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Наурыздың 24-і күні Жаңаөзендегі автобекетте жиналған жұрт 17 желтоқсандағы оқиғада көз жұмғандар рухына құран бағышталды. Қала тұрғындары алаңға баруға бата алмағандарын айтады.

Жаңаөзен тұрғыны Ағима Әскентаеваның айтуынша, мұнайшылар Жаңаөзендегі автобекетке таңертеңгі 8-ден бастап келе бастаған.

– Сағат 10-ға қарай отыз шақты ер адам автобекетке жиналып, өлгендер рухына құран бағыштап тарқасты, – дейді ол.

«АЛАҢҒА БІРНЕШЕ ӘЙЕЛ ҒАНА КЕЛДІ»

«Бүгін Жаңаөзен оқиғасының 100 күндігіне орай Жаңаөзендегі орталық алаңда бірнеше әйел ғана бас қосты» дейді Азаттық тілшісіне қала тұрғыны Дәмелхан Күйеуі абақтыда отырған, өзі екі айға үйқамаққа қамалған Тамара Ерғазева. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. (Блогшы Дина Байділдаева түсірген сурет)

Күйеуі абақтыда отырған, өзі екі айға үйқамаққа қамалған Тамара Ерғазева. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. (Блогшы Дина Байділдаева түсірген сурет)

Жарылғасынова. Оның айтуынша, жұрт көптеп топтасуға билік пен полициядан қаймыққан.

– Біз аз уақыт тұрып, ішімізден марқұмдар рухына тәу еттік те тарқастық. Негізі Тамара Ерғазева үйқамақта болмағанда көбірек жиналар ма едік, – деді ол.

Тамара Ерғазева наурыздың 15-сі күні алдымен 3 тәулікке қамауға алынған еді. Оған «үнпарақ таратты» деген айып тағылған. Қазір ол екі ай мерзімге үйқамақта отыр.

Алаңға келгендердің бірі Ағима Әскентаева өзін Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің алып кетуге тырысқанын хабарлады.

– Бірақ қашып үлгердім. Мені күшпен ішкі істер бөліміне алып кетпек болды. Қазір қамауда жатқан інім Бекет Әскентаевтың сейсенбідегі сотына ертерек жетіп алу мақсатымен Ақтауға жол жүріп барамын. Жаңаөзенде қалсам, мені де қамап тастауы мүмкін ғой, – дейді ол.

«АЛАҢДА ЖҰРТПЕН КЕЗДЕСЕ АЛМАДЫҚ»

Наурыздың 24-і күні Жаңаөзенге арнайы барған ЖСДП басшылары Болат Әбілов пен Әміржан Қосанов та алаңда халықпен кездесе алмағандарын хабарлады.

– Бұған дейін бізге жеткен ақпаратта «сенбі күні сағат 12-де Жаңаөзендегі алаңға сотталған, қаза тапқан адамдардың отбасылары жиналады» деген соң, солармен ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілев. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.

ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілев. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.

кездесуге келгенбіз. Бірақ халықты бізбен жолықтырмау үшін жергілікті билік пен құқық қорғау органдары қыспаққа алғанға ұқсайды. Алаңда жұртпен кездесе алмадық, – деді Болат Әбілов Азаттық тілшісіне.

Болат Әбілоевтің айтуынша, наурыздың 27-сі күні соты өтуі керек адамдардың отбасы, туған-туыстарымен тілдескен екен.

– Олардың әлеуметтік жағдайлары әлі қиын. Адвокат жалдау, Ақтауда өтетін сотқа бару үшін кететін жол шығыны мен тұратын жердің ақысы – бәрі оларға қиын соғып отыр, – дейді оппозиционер.

Алматыдан Жаңаөзенге барған оппозиция белсенділері түстен кейін Шетпеге кетті. Олар Шетпеден 30 шақырым жердегі Жармыш ауылына барып, 2011 жылы желтоқсанның 17-сі күні оққа ұшқан өрт сөндіруші Төребек Төлегеновтің отбасымен жолықпақ.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG