Accessibility links

Жанболат Мамай босатылды


«Рух пен тiл» жастар ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай. Ақтау, 26 тамыз 2011 жыл.

«Рух пен тiл» жастар ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай. Ақтау, 26 тамыз 2011 жыл.

12 шілде, бейсенбі күні «Рух пен тiл» жастар ұйымының жетекшісі, «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айыппен тұтқындалып, Ақтауда қамауда жатқан Жанболат Мамай босатылды.

Азаттық тілшісіне телефон соққан Мамай Бекқожиевтің (Жанболат Мамайдың әкесі) айтуынша, ұлы қамаудан бейсенбі күні кешке босап шыққан.

Ол ұлының қамаудан шыққанына байланысты егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

- Оның бәрін ертең Алматыда өтетін баспасөз мәслихатында өзі айтады, - деді Жанболат Мамайдың әкесі.

Белсендінің босап шыққанын адвокаты да растады.

Ақтауда жүрген қоғамдық белсенді Ерлан Қалиев "Алматыдан Төлеген Жүкеев келгенін" айтып:

- Жаңа ғана Жанболат, оның әкесі мен Төлеген Жүкеев үшеуі Ақтаудан Алматыға ұшып кетті, - деп хабарлады.

АҚТАУДАҒЫ БЕС АЙЫПТАЛУШЫ

Қылмыстық кодекстің 164-бабының 3-тармағы бойынша "әлеуметтік араздықты қоздырды" деп айыпталған азаматтар - «Рух пен тіл» ұйымының жетекшісі Қамаудағы белсенділерді босатуды талап еткен үндеу. Алматы, 23 наурыз 2012 жыл.

Қамаудағы белсенділерді босатуды талап еткен үндеу. Алматы, 23 наурыз 2012 жыл.

Жанболат Мамайды және театр режиссері Болат Атабаевты маусымның 15-і күні ҰҚК қызметкерлері үйлерінен ұстап әкетіп, Ақтауға жеткізген еді.

Оларға дейін Ақтауда «әлеуметтік араздық тудыру» ісі бойынша айыпталған Владимир Козлов, Серік Сапарғали, Ақжанат Аминов қамауда отырған.

Адвокаттары мен туыстарының айтуынша, бес азаматқа сол жерде 170-бап («конституциялық құрылысты күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру») бойынша, ал Сапарғали мен Козловқа ол бапқа қоса 235-бап («қылмыстық топ құру») бойынша айып тағылған.

АТАБАЕВТЫҢ «ШЫН ӨКІНГЕН» БАБЫ

Бірақ театр режиссері Болат Атабаев қылмыстық кодекстің 65-бабы («шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») бойынша айыпталушыдан Болат Атабаев пен Ермек Тұрсынов баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

Болат Атабаев пен Ермек Тұрсынов баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

куәгерге айналып, шілденің 4-іне қараған түні абақтыдан босап шыққан.

Атабаев ертеңінде өзін "ҰҚК-ге арызданып босатып алған" Ермек Тұрсыновпен бірге Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізген.

Баспасөз мәслихатында Ермек Тұрсынов досын құтқару үшін әрекет еткенін айта келе, Жанболат Мамайдың жақтаушылары да өзі секілді қимылдап, ҰҚК-нің басшыларына хат жазу керек деген ақыл айтқан.

«ТҰРСЫНОВ ЖОЛЫ»

Шілденің 5-сі күні айыпталушы Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова Facebook желісінде ҰҚК-нің басшысы Нұртай Әбіқаевқа бағытталған хаттың мәтінін жариялады. Онда хат авторы ҰҚК басшысынан «Тұрсыновқа берілген мүмкіндік сияқты, өзіне де күйеуімен кездесіп қана қоймай, қылмыстық іс материалдарымен танысып, тергеу ісіне араласу мүмкіндігін сұраған».

Шілденің 10-ында бір топ саясаткер (коммунист Серікболсын Әбділдин мен Ғазиз Алдамжаров, оппозициялық саясаткерлер Жасарал Қуанышәлин мен Петр Своик) ҰҚК төрағасына арыз жазып, «Тұрсыновтың жолымен жүруге» ниет етіп отырғандарын мәлімдеген. Олар қамауда отырған саясаткерлерді 65-бап - шын өкіну бабы бойынша босатып алуға тырыспақ болған.
Ермек Тұрсынов ҰҚК-ден рұқсат алып, Ақтауға барып, Атабаевты босатып алуы арқылы халықтың қаны төгілген репрессивті Қазақстан үшін ғажап іс тындырды.

Олар «Ермек Тұрсынов ҰҚК-ден рұқсат алып, Ақтауға барып, Атабаевты босатып алуы арқылы халықтың қаны төгілген репрессивті Қазақстан үшін ғажап іс тындырды» дей келе:

- Бұл прецедентті ҰҚК өзі жасады. Ермек Тұрсынов та өзі секілді әрекет етуге кеңес берген еді. Енді біз де өзіміздің бастамамыз дәл Тұрсыновтың бастамасы секілді сәтті болады деген үміттеміз, - деген.

Осы мақсатта олар ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевқа арыз жазып, Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуіліне байланысты сотқа тартылып, «көп айдан бері қамауда отырған тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, «Халық майданы» қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалидың, кәсіподақ белсендісі Ақжанат Әминов пен жас оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың қамқоршылары ретінде дәл Ермек Тұрсыновқа берілген өкілеттіктермен – яғни тергеу материалдарымен танысу құқығымен, тұтқындармен СИЗО-да шектеусіз әңгімелесу құқығымен және олардан жауап алу процесіне қатысу құқығымен Ақтау қаласына баруға» рұқсат сұраған.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG