Accessibility links

Қазақстанның көмірі қырғыз премьерін дауға ұрындырды


Қырғызстан премьер-министрі Өмірбек Бабанов. 23 желтоқсан 2011 жыл.

Қырғызстан премьер-министрі Өмірбек Бабанов. 23 желтоқсан 2011 жыл.

Қырғызстанның премьер-министрі Өмірбек Бабанов қазақстандық «Құлан ТБ» компаниясынан сатып алынған тоғыз мың тоннадай радиоактивті көмірге қатысы бар екені дәлелденсе, қызметінен кететінін мәлімдеді.


Қырғызстанның премьер-министрі бұл мәлімдемесін сәрсенбі, ақпанның 8-і күні жасады.

Одан бір күн бұрын «Ата-Жұрт» оппозициялық фракциясының өкілі Мықтыбек Әбділдаев парламентте сөз сөйлеп, осы іс бойынша куәгерлер ретінде Өмірбек Бабанов пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтан жауап алу керегін айтқан еді. Әбділдаев осы жанжалға қатысы бар адамдардың бәрін бәрін сотқа тартуға шақырды.

ҚҰЛАННЫҢ КӨМІРІ

Қырғызстанға 2011 жылы қыркүйекте Қазақстандағы Құлан кен орнынан көмір жетті. Ол көмірдің құрамындағы радиация деңгейі қалыпты өлшемнен сегіз-тоғыз есе артық еді. Көмір Бішкек жылу электр орталығына арналған болатын, бірақ оны жағуға жарамсыз деп тапқан соң ол арадан тасып әкетсін деп қаулы қабылданды.

«Радиоактивті көмір Қырғызстанға бірінші рет келіп отырған жоқ, 2006 жылдан бері Көмір кені. (Көрнекі сурет)

Көмір кені. (Көрнекі сурет)

ұдайы жеткізіп тұрған» деген деректер айтылды осы аптада Қырғызстан парламентінде.

Қырғызстанның бас прокуратурасы да жеті лауазымды тұлғаның «көмірді шеттен әкелуге, Шу облысындағы мектептер мен әлеуметтік нысандарды үлестіруге қатысы бар» деген күдікпен қамауға алынғанын мәлімдеді.

Ол жанжал былтыр қарашада, жергілікті құқық қорғаушылар Қырғызстанның солтүстігіне «Құлан ТБ» компаниясы әкеп берген 8,5 тонна көмірдің радиоактивті екенін дәлелдеген соң ғана тергеле бастаған еді.

Ол көмір Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында өндірілген еді.

«КӨМІРДІҢ КӨБІН ЖАҒЫП ТАУЫСТЫ»

«Таза табиғат» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Анара Дауталиеваның айтуынша, Шу облысына мекемеаралық комиссия радиоактивтілігінің деңгейін жоғары деп тапқан 12 мың тонна импорттық көмір әкелінген. «Көмірдің көп бөлігін әлеуметтік нысандар мен мектептерді жылытуға пайдаланған, яғни жағып тауысқан» дейді Дауталиева.

– Шу ауданында сегіз мыңнан астам мектеп оқушысы бар. 14 мектеп пен бір Қырғызстандағы мектеп. (Көрнекі сурет)

Қырғызстандағы мектеп. (Көрнекі сурет)

балабақшадағы балаларды қосқанда, бес мыңнан астам бала радиациялық сәулеленуге душар болып отыр деген сөз. Оған қоса жанған көмірдің күліндегі радиоактивті заттар үш-төрт есе көбірек. Мұны 30 желтоқсанда мекеме аралық комиссияның жиналысында растады, – дейді Анара Дауталиева.

Қырғызстандағы бір ауылдың басшысы Зәкір Артықбаевтың айтуынша, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің денсаулығының нашарлаған:

– Біздің ауылымызға 30 тонна көмір келіп түсті. Қазан айынан бері «бұл отын - радиоактивті, оны тасып әкетеді екен» деген әңгімелер айтылып жатыр. Бірақ әзірге әкете қойған жоқ. Жергілікті мектептің төрт пеш жағушысы мұрындарынан қан кетіп, бастары ауырып, қиналып жатыр. Әзірше үкімет «көмір – радиоактивті, ол отынның бір бөлігін жағып үлгерген» деп хабарлады.

Қырғызстанның энергетика және өнеркәсіп министрлігі радиоактивті көмірдің Шу облысында үлестірілгенінен бейхабар екенін айтқан, ал білім беру министрлігі «радиоактивті отын оқу орындарына түскен жоқ» деп сендірген.

БАБАНОВ, АТАМБАЕВ ЖӘНЕ КЕЛДІБЕКОВ

Парламенттегі «Ата-Жұрт» фракциясының лидері Камчыбек Ташиев көмір дауына орай мәлімдеме жасап, «бәріне кінәлі Қырғызстанның премьер-министрі Өмірбек Бабанов» деген еді.

– Үкімет радиоактивті көмір тасып әкелуге негіз болған құжатты қабылдады. Бұрын Қырғыз парламентіндегі «Ата-Жұрт» фракциясының лидері Камчыбек Ташиев. Бішкек, 21 шілде 2011 жыл.

Қырғыз парламентіндегі «Ата-Жұрт» фракциясының лидері Камчыбек Ташиев. Бішкек, 21 шілде 2011 жыл.

министрлер кабинеті мәселелерді алқа болып қабылдайтын, ал мұны Бабанов жеке-дара жасады. Енді көмір Шу облысының мектептері мен әлеуметтік мекемелеріне түсіп отыр. Оның кесірінен күн сайын радиациялық сәулеленуге ұшырап отырған азаматтардың денсаулығына қауіп төніп тұр, – дейді Камчыбек Ташиев.

Үкіметтің баспасөз-қызметі депутаттың айыптарын теріске шығарды, «премьер-министр Өмірбек Бабановтың радиоактивті көмірге қатысы жоқ, ал әлеуметтік нысандар өздерін-өздері басқарып отыр – қандай көмір сатып алса да өздері біледі» деп сендірді.

«Новая газета» сайтының жазуынша, үкімет премьер-министр Өмірбек Бабановты күдікті етпес үшін көмірді Қазақстаннан сатып алуға рұқсат беретін былтырғы құжатқа сілтемелер жариялаған. Ол құжатқа Қырғызстанның сол кездегі премьер-министрі, қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың қолы қойылған екен.

Қырғызстанның энергетика және өнеркәсіп министрі Асқарбек Шадиевтің парламент комитеті мәжілістерінің бірінде айтқанына қарағанда, тендер жариялау және шарт жасау кезінде көмірде радиацияның барын ешкім білмеген.

– Шынын айтайын, экс-спикер Ахматбек Келдібеков қоңырау шалып, «Құлан ТБ» компаниясы бойынша өтініш етті. Екі күннен кейін «Электрические станции» ААҚ бас директоры Аман Тентиев келіп, «Ахматбек Келдібековтың көмекшісі «Құлан ТБ» компаниясына байланысты өтініш жасағанын» айтты. Ақырында бұл тендер өтпеді, өйткені оған тек екі компания ғана қатысқан еді – біреуі көмірдің бағасын төмендетуден бас тартты. Отынды «Құлан ТБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тікелей сатып алып қойған, бірақ «көмір жанжалы» басталған кезге дейін ақшасын төлемеген, – дейді Асқарбек Шадиев.

«КӨМІРЛЕРІН АЛЫП КЕТЕДІ»

Азаттық радиосының қырғыз редакциясына сұқбат берген Қырғызстан үкіметі ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Сұлтан Каназаровтың айтуынша, қазір Қырғызстан үкіметі ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Сұлтан Каназаров. 20 қазан 2011 жыл.

Қырғызстан үкіметі ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Сұлтан Каназаров. 20 қазан 2011 жыл.

радиоактивті көмірді сатып алуға қатысқан қазақ және қырғыз компаниялары арасында осы жағдайға байланысты келіссөз жүріп жатыр.

– Қазір радиоактивті көмірді сатқан компанияның отынды Қырғызстаннан шығарып, [Қазақстанға] қайтарып алуға келіскені жайлы ақпарат расталды. Ол компания барлық шығынды толық көтеріп алмақ, – дейді Сұлтан Каназаров.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Кубатбек Боронов бұған дейін баспасөз мәслихатын өткізіп, Шу облысынан 710 тонна радиоактивті көмірді қайтарып алуға 2 миллион 174 мың сом (шамамен 50 мың АҚШ доллары) қажет екенін айтқан. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, бірқатар ауылдардағы орта мектептердегі көмірді әкетіп жатыр.

АЙЫПТЫ – ҚАРАПАЙЫМ МАМАНДАР

Сұлтан Каназаровтың сөзіне қарағанда, кеден қызметінің эпидемиологтары көмірді шекара арқылы өткізген кезде «сырттан келген жүктің радиациялық фоны қалыпты деңгейде» деген қорытынды шығарған.

– Тура осындай құжаттарға Бішкек жылу электр орталығында да қол қойған. Бұдан шығатын түйін – тексеруші органдардың біразы көмірді тексермей мақұлдаған. Сондықтан кінәлі қызметкерлерді жазалап, ендігәрі мұндай жағдай қайталанбайтын жолын табу керек, – дейді Сұлтан Каназаров.

«Новая газетаның» жазуынша, Қырғызстан парламенті «денсаулық сақтау министрлігі радиоактивті көмірден зиян шегуі мүмкін деген адамдарды медициналық тексеруден өткізуге тиіс, ал жергілікті билік жарамсыз көмір әкетілген мекемелерді көмірмен қамтамасыз етсін» деген шешім қабылдаған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Құлан ТБ» компаниясы бұған дейін, яғни 2006-2011 жылдары сатқан көмірлері мұндай дауға ілікпегенін айтады. «2011 жылы қазандағы радиоактивті деңгейі жоғары көмір оқиғасы – компанияға байланысты жалғыз оқиға» дейді олар.

Азаттық радиосы тілшілері «Құлан ТБ» компаниясына бірнеше рет хабарласса да, ешбір түсініктеме ала алмады.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG