Accessibility links

Әділ сайлауды талап еткен үндеуге орыс православие шіркеуі де қосылды


Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің маңдайына шіркеу кресінің көлеңкесі түсіп тұр.

Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің маңдайына шіркеу кресінің көлеңкесі түсіп тұр.

Ресейдегі әділ сайлау өткізуді талап еткен жаппай үндеуді әдетте Кремльді ашық қолдайтын православие шіркеуі де жақтады. Оған қоса сенбі күні Ресейдің мемлекеттік телеарналары да жалпыұлттық наразылық шаралары туралы хабар берді.


Ресей оппозициясының өткен демалыс күндері бірнеше қалада ұйымдастырған жаппай наразылық шараларынан кейін Кремль бітімге жасағысы келгендей көрінетін бірқатар қадамға барды. Ресми билікке бағынышты телеарналар наразылық митингілерінен тікелей репортаждар берді.

ШІРКЕУ МЕН АҚИҚАТ

Әдетте Кремльдің саясатын ашық қолдайтын орыс православие шіркеуі мемлекеттік думаға сайлау мәселесіне келгенде «ақиқатты анықтау қажеттігін» мәлімдеді. Шіркеудің синодтық ақпараттық бөлімінің төрағасы Владимир Легойдтың айтуынша, «шындықты дәлелді түрде анықтау, жұртшылық пен олардың таңдауын құрметтеу – қазір өте маңызды».

– Шіркеу әрқашанда ақиқатты қолдады және қолдай береді. Себебі кез-келген жалғандыққа рухани тұрғыдан жол беруге болмайды. Ондай Сайлау қорытындысына қарсы шеру. Мәскеу, 10 желтоқсан 2011 жыл.

Сайлау қорытындысына қарсы шеру. Мәскеу, 10 желтоқсан 2011 жыл.

көзбояушылық кімнен шықса да – өткен сайлаудың қорытындысын қолдайтындар болсын, оған қарсылар болсын – жазасыз қалмауы керек, – деді Легойд.

Владимир Легойдтың сөзіне қарағанда, сайлаудағы заңсыздықтар туралы хабар шіркеу мекемелеріне де жетіп жатыр. Ол осы хабарлардың барлығы да тексерілетінін мәлімдеді.

Орыс православие шіркеуі парламент сайлауы нәтижесімен қоғамның бір бөлігі келіспеуіне байланысты Ресейде азаматтық текетірес шығуына жол бермеуге шақырады.

– Бүгін тәртіп сақшылары да, митингіге шығушылар да мейлінше сабырлы болуға тиіс, – деп мәлімдеді протоиерей Всеволод Чаплин.

ТЕЛЕАРНАЛАРДАҒЫ «ШЕРУ»

Ресейдің федералдық телекомпаниялары саяси оппозицияның 4 желтоқсандағы парламент сайлауы нәтижелері жарияланған күннен бергі наразылық шараларын осыған дейін елемеген еді.

Өткен сенбі күні ресми телеарналар Мәскеудің «Болотная» алаңындағы наразылық митингісінен тікелей репортаж берді. Бірақ тікелей Сайлау қорытындысына қарсы шеру. Мәскеу, 10 желтоқсан 2011 жыл.

Сайлау қорытындысына қарсы шеру. Мәскеу, 10 желтоқсан 2011 жыл.

телерепортаждардың ешбірінде наразы жұрттың президент Медведевті, премьер-министр Путинді және тағы басқа мемлекет басшыларын биліктен кетуге шақырған үндеулері көрсетілмеді.

Тек НТВ телекомпаниясы ғана шеруде «елдің саяси институттарын өзгертуді талап еткенін», Ресей орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуровты қызметтен кетіру талабы айтылғанын хабарлады.

Ал Ресей президенті Дмитрий Медведев жалпыұлттық наразылық шарасына қатысқандардың парламент сайлауын қайта өткізу туралы талабымен келіспейтінін мәлімдеді. Ол Facebook әлеуметтік желісіндегіпарақшасында «шерушілердің үндеулерімен және декларацияларымен келіспейтінін», «заңсыздықтар тіркелген барлық дауыс беру учаскелерін тексеру туралы тапсырма бергенін» тағы да қайталап жазды.

«ЭЛИТАДА ЖІК ШЫҚТЫ»

Дүйсенбі күні Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин таяу уақытта Ресейде либералдық құндылықтарға ұмтылатын жаңа партияның құрылатынына сенім білдірді.

– Енді либералдық және демократиялық күштер біріге бастайды. Оған әбден сенімдімін. Өзім де оған кірісуге дайынмын. Бұл «мен басшы Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин. Мәскеу, 18 қазан 2011 жыл.

Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин. Мәскеу, 18 қазан 2011 жыл.

болуым мүмкін» деген сөз емес. Қазір оны айтуға әлі ерте. Ал ондай партияның пайда болатыны және оған менің араласатыным – еш күмәнсіз, – деп мәлімдеді Алексей Кудрин.

Сарапшылардың ойынша, Кудриннің бұл мәлімдемесі саяси элитаның ішінен жік шыққанын, биліктегі әртүрлі күштер өз мүдделерін қорғай бастағанын аңғартады.

– Қазір ахуал билікке айтарлықтай қолайсыз бағытта өзгере бастаған кезде, менің ойымша, элитаның кейбір бөлігі бақылаудан шығып, дербес ойын бастағысы келген тәрізді. Себебі теле- және радиоарналардың ұстанымынан шеруге шыққан оппозицияға ақпараттық қолдау көрсеткенін көре аласыз, – дейді Мәскеудегі саяси сараптама орталығының маманы Борис Шатилов.

Ол «ресми билік пен оппозицияның тіл табыса қоюы екіталай» дейді.

– Қазір тіл табысу, менің ойымша, оңайға соқпайды. Өйткені «Болотная» алаңында оппозиция билікке жақпайтын қатаң талап қойды. Әрине, билік те қимылдайды, саяси белсенділігін арттырады. Диалог бола қоймас деп күдіктенемін. Өйткені «жүйелі оппозицияны» тәуекелге бел буған адамдар басқарады. Олардың көздегені – билікпен келісім жасасу емес, режимді құлату, – дейді Борис Шатилов.

Ресейдің ресми тіркелмеген «Халық бостандығы» партиясының жетекшісі Оппозиция белсендісі Борис Немцов. Мәскеу, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Оппозиция белсендісі Борис Немцов. Мәскеу, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Борис Немцов Азаттық радиосының Орыс қызметіне берген сұхбатында «егер талаптары орындалмаса, оппозиция Медведевтің өзін биліктен кетуін талап ететін жаңа шеру ұйымдастыратынын» мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Мәскеудің «Манежная» алаңына кремльшіл ұйымдардың белсенділері жиналды. Оған қатысушылар «Наша», «Молодая гвардия», «Россия» деген жазулары бар жалаулар ұстап шықты. Алаңда «Ресей! Ресей!», «Ресей-Конституция-Путин» деген үндеулер айтылып тұрды. Бұл митинг ресми түрде Ресей конституциясы күніне арналды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG