Accessibility links

Ресейліктер жылан жылынан қорқады


Шанхайдағы жылан жылына дайындық. Қытай, 4 ақпан 2013 жыл.

Шанхайдағы жылан жылына дайындық. Қытай, 4 ақпан 2013 жыл.

Қытай күнтізбесі бойынша 10 ақпанда басталған жаңа жыл – жылан жылын жұрттың біразы қуанышпен қарсы алды. Бірақ ресейліктер бұл жыл иесіне күдікпен қарайды.

12 жылда бір келетін жылан жылы дәстүрлі сенім бойынша өзінен бұрынғы ұлу жылына қарағанда сәтсіздеу деп аталады. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі жарылыс, Тяньаньмэнь алаңындағы қырғын, Үлкен дағдарыс – осының бәрі жылан жылы болған апаттар.

РЕСЕЙДІҢ ЕСІНДЕ ҚАЛҒАН ЖЫЛАН ЖЫЛЫ

2013 жыл "Қара су жыланы жылы" деп аталады. Ол 60 жылда бір рет астрологиялық элементтер бірігіп, құбылмалы, өзгеріске толы жылдың келетінін білдіреді.

Қара жыланнан қатты қорқатын бір ел – Ресей. Себебі мемлекеттегі тарихи өзгерістер осы жылан жылына сай келіп отырған екен.

- Жылан жылы Ресей үшін үнемі маңызды болады. Еліміздің әлеуметтік және саяси өміріндегі өзгерістер осы жылға тап келетін. Енді 2013 жылғы Жылан жылына Ресейде жылан жылы болған оқиғалар.

Ресейде жылан жылы болған оқиғалар.

қадам бастық. Осы жылы елімізде үлкен өзгерістер болуы мүмкін, - дейді футуролог, темпоральдық зерттеу қорының президенті Павел Свиридов pravda.ru сайтына берген сұхбатында.

Шын мәнінде Ресейдің 20-ғасырдағы тарихына көз жүгіртсек, жағымсыз оқиғалардың көбі жылан жылына сай келгенін байқаймыз.

1905 жылы бірінші орыс революциясы басталды – бұқара халық патша режимін талқандады. 1917 жылы большевиктер революциясы жеңіске жетіп, жетпіс жыл бойы коммунистер билікке ие болды. 1929 жылы совет үкіметі ұжымдастыруды бастады – жері мен мал-мүлкін билік тартып алған халық жаппай аштан қырылып, еріксіз босып кетті. 1941 жылы соғыс басталды. 1953 жылы Иосиф Сталин дүниеден өтті. Ал 1989 жылы, 20-ғасырдағы Жылан жылының соңғы кезеңінде Совет Одағы ыдырай бастады, Шығыс Европа төңкерісті бастан өткерді.

«НЕ ТӨҢКЕРІС, НЕ 2053-КЕ ДЕЙІН ТҰРАҚТЫЛЫҚ»

Жаңа жылан жылы келер сәтте «Алдағы жылы елді қандай үлкен өзгерістер күтіп тұр?» деген сауал ресейліктерді мазалап, осыдан пайда таппақ болған көріпкелдер де көбейді.

Аstroscope.ru астрологиялық сайты жаңа орыс революциясы болады деп болжап, Ресей президенті Владимир Путиннің Арбаттағы суреті. Мәскеу, 12 наурыз 2004 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путиннің Арбаттағы суреті. Мәскеу, 12 наурыз 2004 жыл. (Көрнекі сурет)

2013 жылы «Қара сейсенбі» үлгісіндегі жаппай күйреу (1929 жылы АҚШ-тағы қор нарығында баға күрт төмендеп, Үлкен дағдарыс басталған) елдің қаржылық рыногын тоқырауға ұшыратады дейді.

Басқа жұлдызшылар Ресейдің мүмкіндігін оптимистік тұрғыда бағалайды. «Әрине, біз ешкімге жамандық тілемейміз. Үлкен өзгерістер бізде ғана емес, Атлант мұхитының ар жағындағы елдерде де болуы мүмкін» деп жазады астролог Михаил Чистяков өзінің веб-сайтында.

Басқа бір жорамалшы одан алыс уақытты болжап, «Ресей 52 жылдық саяси кеңістікте тапжылмай тұрып қалды - енді елде 2053 жылға дейін әлеуметтік тұрақтылық болады» дейді.

Мақаланы ағылшын тілінен Динара Мәзен аударды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG