Accessibility links

Мәскеуде бүліктен соң күдікті мигрант ұсталды


Мәскеуде кісі өлтірді деген күдікке ілінген әзербайжан мигрант Орхан Захид-оглы Зейналовтың полицияға ұсталған сәті. Ресей, Мәскеу облысы, 15 қазан 2013 жыл.

Мәскеуде кісі өлтірді деген күдікке ілінген әзербайжан мигрант Орхан Захид-оглы Зейналовтың полицияға ұсталған сәті. Ресей, Мәскеу облысы, 15 қазан 2013 жыл.

Мәскеу полициясы «тұрғындар мен полиция қақтығысына себеп болған әзербайжандық мигрантты ұстадық» деп мәлімдеді. Ал мигранттың әкесі «іс қолдан жасалған» дейді.

Мәскеу полициясы бірнеше күн бұрын 25 жастағы мәскеулік Егор Щербаковты өлтірген күдікті ретінде Әзербайжан тумасы Орхан Зейналовты іздей бастаған. Бұны естіген әсіреұлтшылдар қазанның 13-і күні көшеге шығып, дүкен терезелерін сындырып, көліктерді төңкеріп, заңға қайшы әрекеттер жасады.

Бүлікшілер Мәскеудің Бирюлево ауданындағы Орхан Зейналов жұмыс істеген көкөніс қоймасын да талқандаған. Бұл оқиға кезінде 23 адам (сегізі - полицей) жарақат алды.

«ӘДЕЙІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС»

Полиция Орхан Зейналовты қазанның 15-і күні ұстады. Азаттыққа сұхбат берген оның әкесі Захид Зейналов «ұлының айыпсыз екенін» айтып, «ол қасақана ұйымдастырылған шараның құрбаны болды» деді.

​- Бұл - басынан аяғына дейін жоспарланған әрекет. Мұны алдын ала ойластырылған саяси іс деуге болады. Басқа не айтайын? - дейді күдіктінің әкесі.

ВИДЕО: Орхан Зейналовтың әке-шешесінің пікірі (әзербайжанша)


Мәскеу полициясы қазанның 15-і күні кісі өлтірді деген күдікке ілінген әзербайжандықты іздейтіні туралы мәлімдеген соң, Әзербайжан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы «Ресей тарапынан өтініш айтылса, көмектесуге әзір екендерін» мәлімдеді.

- Ондай адамды Әзербайжан полициясы ешқашан іздеген емес, қазір де іздеу салынған адамдар тізімінде жоқ. Мәскеу полициясының басшысы Анатолий Якунин «Ресей Әзербайжаннан көмек сұрады» дейді. Бірақ осы күнге дейін Ресей Әзербайжанға ешқандай сұрау салмады. Әрине, олар өтініш білдіріп жатса, біз көмектесуге дайынбыз, - деді Әзербайжан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Эхсан Захидов.

КҮДІКТІ

Орхан Зейналовты оған пәтерін жалға берген Мәскеу тұрғыны Алексей Пронкин таныған.

Қазанның 14-і күні теледидардан Зейналовты құқық қорғау органдарының іздеп жатқанын көрген Алексей Пронкин полицияға хабар берген. Оның айтуынша, «Зейналов екеуі бірге жаңалық көреді. Экранда көрсетілген бұлыңғыр суреттің Күдіктінің көшедегі камераға түсіп қалған бейнесі. Мәскеу, 13 қазан 2013 жыл.

Күдіктінің көшедегі камераға түсіп қалған бейнесі. Мәскеу, 13 қазан 2013 жыл.

Зейналовқа ұқсайтынын байқаған ол оған соны айтып әзілдейді. Бұдан кейін Зейналов заттарын шұғыл жинап, әлдебір жаққа шығып кеткен».

​Бірнеше сағаттан соң Орхан Зейналовтың анық суреті жарияланған. Осы кезде күдіктінің Зейналов екеніне Пронкиннің көзі жетеді. «Оны таныдым, көк куртка да - соның киімі. Дәл соның өзі» деді Пронкин журналистерге.

Қазанның 14-і күні Мәскеу полициясы Зейналов жұмыс істеген көкөніс қоймасынан Орталық Азия мен Кавказдан келген 1 мың 200 мигрантты ұстады. Қойманы уақытша жауып тастады.

Бирюлево аудандық ішкі істер бөлімі бастығы Геннадий Каверин қазанның 15-і күні қызметінен алынды.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG