Accessibility links

Күдіктімен аттас тәжік әншісінің басы бәлеге қалды


Оппозициялық саясаткер Умарали Куватовтың өліміне күдіктімен аттас тәжікстандық әуесқой әнші Сулаймон Каюмов.

Оппозициялық саясаткер Умарали Куватовтың өліміне күдіктімен аттас тәжікстандық әуесқой әнші Сулаймон Каюмов.

Оппозициялық саясаткердің қазасына күдіктімен аттас тәжікстандық жас азамат әлдекімдер өзін өлтіреміз деп қорқытқан соң жасырынуға мәжбүр болғанын айтады.

Тәжікстанның оңтүстігінде тұратын әуесқой әншінің аты-жөні қысқа уақытта көпшіліктің назарына ілінуі ол үшін қуанышты хабар болмады.

Сулайман Каюмов әлеуметтік желідегі парақшасына кіргендер өзіне ауыр сөздер айтып, балағаттап, тіпті өлтіреміз деп қорқытқан соң желідегі атауын өзгертуге мәжбүр болған.

КҮДІКТІ КІМ?

Жақында Түркияда қастандықпен өлтірілген тәжікстандық оппозиционер Умарали Куватовтың ажалына күдіктінің аты-жөні де – Сулайман Каюмов. Қылмыстық оқиғамен байланысты аттасының кесірінен әуесқой әншінің «Одноклассники» әлеуметтік желісіндегі парақшасы жұрт назарына ілінді.

Тәжік оппозиционері Умарали Куватов қаза тапқан жерде тұрған түрік полицейлері. Стамбул, 6 наурыз 2015 жыл.

Тәжік оппозиционері Умарали Куватов қаза тапқан жерде тұрған түрік полицейлері. Стамбул, 6 наурыз 2015 жыл.

Умарали Куватовтың наурыздың 5-і күні Стамбулда қаскүнемдер қолынан қаза табуы оның жақтастарының ашу-ызасын туғызған. Олар бұл қылмысқа тәжік үкіметінің қатысы бар деп санайды.

Ал әуесқой әнші Сулайман Каюмов өз аттасы мен оның екі сыбайласын мүлдем танымайтынын және туған қаласы Кулябтан ешқайда аттап шықпағанын айтады.

– Саясатқа араласқан емеспін. Одан еш хабарым жоқ, – дейді ол.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ХАТТАР

Сулайман Каюмов наурыздың 6-сы күні «Одноклассники» әлеуметтік желісіндегі парақшасына кіргенде өзіне 200 хабарлама келіп тұрғанын және парақшасын 500 адамның қарағанын көргенде әуелгіде қуанытп қалғанын айтады.

Бірақ әлгі хаттар жақында ғана желіге жаңа әнін жүктеген жігіт үміттенгендей жұрттан түскен жылы лебіздер емес, керісінше, оны жерден алып жерге салған, тірі қалмайтынын айтып қорқытқан хаттар болып шығады. «Кім болсаң да, өміріңмен қоштаса бер» деп жазады біреу. «Өте үлкен қателік жасадың» деген хаттарды алған әншінің есі шығады.

Умарали Куватов (сол жақта) және оның қазасына күдікті саналатын Сулаймон Каюмов.

Умарали Куватов (сол жақта) және оның қазасына күдікті саналатын Сулаймон Каюмов.

«Сен Умаралиді өлтірдің» деген хатты оқыған кезде ғана Каюмов мәселенің мәнін ұға бастайды. «Хаттарға жауап беріп, өзімнің кім екенімді түсіндіріп біраз уақытымды сарп еттім» дейді ол.

Бірақ бұл ісінен нәтиже шықпасына көзі жеткен Сулайман Каюмов желідегі аты-жөнін өзгертіп, аккаунтын «Студия» деген атауға ауыстырғанды жөн деп табады. Каюмов ол жердегі әндері мен суреттерін де өшіріп, тек діни тақырыптағы видеороликтерді қалдырған.

«Нақақтан тағылған жаладан құтылып, жақсы атымды қайтарып алмайынша әндерімді жарнамалаудың бекер екенін түсіндім» дейді ол.

Мумин Ахмади мен Фарангис Наджибулланың мақаласын ағылшыннан аударған – Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG