Accessibility links

Түркіменстан журналистің өлімін әлі тексерген жоқ


Оғулсапар Мурадова өзінің келін түсіру тойында. Ашғабат, 2004 жыл.
Оғулсапар Мурадова өзінің келін түсіру тойында. Ашғабат, 2004 жыл.

2006 жылдың 14 қыркүйегінде түрмеде жазасын өтеп жатқан Азаттық радиосы түркімен қызметінің Ашғабаттағы тілшісі Оғулсапар Мурадова күтпеген жерден қаза тапты.


Оның жұмбақ жағдайдағы өлімі халықаралық ұйымдарды бейжай қалдыра алмады. Бес жыл бұрын журналистер құқын қорғаушы “Шекарасыз тілшілер” ұйымы Париждегі Түркменстан елшілігі алдында наразылық акциясын өткізсе, ЕҚЫҰ мен БҰҰ үш баланың анасы 59 жастағы құқық қорғаушы әрі журналист Мурадова азапталып өлтірілген болуы мүмкін деген күдікпен оның өліміне тезарада тергеу жүргізуге шақырған.

Журналист Оғулсапар Мурадованың өмірден өткеніне 5 жылдан асты. Бірақ оның өліміне не себеп болғаны әлі белгісіз. Оғулсапар Мурадовамен қатар тағы екі түркімен құқық қорғаушы белсенділері Аннақұрбан Аманклычев пен Сапардурды Хаджиевтер оқшауланып қалған
Қызмет барасында қаза тапқан журналистерге арналып Байеде қойылған ескерткіш тақтадағы Оғулсапар Мурадованың аты-жөні. Франция, 2 мамыр 2007 жыл.

Түркменстан қоғамындағы жағдайлар туралы “шетелдік журналистерге хабар таратты” деп қамалған. Мурадова Азаттықтың түркімен қызметіне дайындаған хабарларында халықтың тұрмыс тіршілігі туралы айтатын.

Оғулсапар Мурадова бастаған құқық қорғаушылар басында тыңшылық жасап, түркімен президентіне қарсы астыртын әрекеттер дайындап жатыр деген айыппен қамалды. Кейін 2006 жылдың 25 тамызында оларға “заңсыз қару сақтады” деген басқа айып тағылып, ұзақ жылдарға түрмеге жабылды.

10 күннен кейін, 2006 жылдың 14 қыркүйегінде Түркіменстан ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері Оғулсапар Мурадованың үйіне келіп, оның қаза болғанын туыстарына хабарлаған. Арнайы қызмет өкілдері Мурадованың өлімі туралы қандайда бір мәлімет беруден бас тартты. Тіпті басында оның Ашғабад мәйітханасында жатқан сүйегін көрсеткісі келмеген. Бірақ шетелдік дипломаттармен бірге мәйітханаға кірген оның туыстарына Оғулсапар Мурадованың мәйітін көруге рұқсат етілген.

Оғулсапар Мурадова, Аннақұрбан Аманклычев пен Сапардурды Хаджиевтер Адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қорының Түркіменстандағы мүшелері болған. Осы қордың жетекшісі Тәжігүл Бегмедова “Мурадованың шекесінен балта тигендей үлкен жарақатты көргенін” айтты.

ЕҚЫҰ мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссарының Оғулсапар Мурадованың өлімін тәуелсіз және дер кезінде тергеуге шақырғанынына қарамастан, Түркіменстан билігі тергеуді әлі бастаған да жоқ.

Түркіменстан Хельсинки қорының жетекшісі Тәжігүл Бегмедованың айтуынша, елдегі адам құқықтарының жаппай бұзылып жатқанын қабылдай алмаған Оғулсапар Мурадова белсенділік танытып, заңсыздықтарға қарсылық білдірген.

«Баршаға мәлім, диктаторлық режимдер аса белсенді адамдардан қорқады. Сол себепті Оғулсапар қамауға алынып, жалған айыптармен заңсыз алты жылға түрмеге жабылды. Түркімен билігі оған өзі жасамаған қылмыстарды мойындатқысы келді. Бірақ ол берілмей қойды, ешқандай айыпты мойындамады. Бәлкім осы үшін де жазалаған болуы керек», - деген адам құқын қорғаушы белсенді Бегмедова Түркіменстанда билік ауысқан соң да өзгеріс болмағанын айтады: «Халықаралық ұйымдардың сұрауына қарамастан, оның сот-медициналық сараптамасы әлі де жарияланған жоқ. Оғулсапардың өлімінен соң Түркімен билігі президент Бердімұхамедовтың қолына өтті. Бірақ түркімен билігі бәрібір Оғулсапардың өліміне жауапкершілікті журналистің өзіне артып, оған тәуелсіз тергеу жүргізуден бас тартып келеді».

Құпия мәліметтерді жариялап келген “Викиликс” сайты Түркіменстандағы АҚШ елшілігі қызметкерінің 2006 жылы қыркүйек айында Ашғабадта Оғулсапар Мурадованың өлімі туралы жазғандарын келтірген.

Онда 2006 жылы 24 қыркүйекте Түркіменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен болған әңгімеде, америкалық дипломат Оғулсапар Мурадованың өліміне не себеп болғанын анықтайтын сараптама қорытындысы туралы сұраған. Бірақ түркімен министрі Оғулсапар
Қаза тапқан журналистердің суреті ілінген еске алу тақтасы. Вашингтон, 16 шілде 2008 жыл.

Мурадованың мәйітін тексерген сот-медициналық сараптама қорытындысын жариялауға елдің заңы бойынша тыйым салынғанын айтады.

Америкалық дипломат Мурадованың туыстарынан рұқсат алып, сосын оны қоғамға жариялауды ұсынғанда министр Мередов қарсылық танытады. Содан кейін америкалық елшілік өкілі түркімен сыртқы істер министріне өздерінде Оғулсапар Мурадованың мәйітінің суреті бар екенін айтқан.

Оғулсапар Мурадова есімі Түркіменстанда ұмытыла бастағанымен, оның аты Вашингтондағы Newsium журналистер мұражайында “өз міндетін атқару кезінде қаза тапқан журналист” ретінде тіркелген.

Францияның Байе қаласындағы мұражайында ашық аспан астында ашылған монументтегі "өз міндетін атқару барысында қаза болған журналистер” тізімінде түркіменстандық Оғулсапар Мурадованың да есімі да тұр.
XS
SM
MD
LG