Accessibility links

Украинаның батысында да этникалық мәселе бар


Украинаның батысындағы венгрлер тұратын Береговоның көшесі. 21 мамыр 2014 жыл.

Украинаның батысындағы венгрлер тұратын Береговоның көшесі. 21 мамыр 2014 жыл.

Закарпатье облысын Донбаспен салыстыруға болмас. Бірақ ол аймақтағы венгрлердің әрекеті этникалық мәселе Украинаның шығысын ғана қамтымайтынын көрсетеді.

Шетел басшысы Украинаның бір кездері өз еліне тиесілі болған аймағына қызыға қарап, ондағы азшылықтың өзін өзі басқарғанын қалайды, тіпті оларға елінің төлқұжатын да береді. Ондаған мың тұрғыны украин тілін білмейтін аймақ та оның үндеуіне елеңдейді.

Бұл Донецк пе әлде Луганск па? Ол жақ емес...

Бұл – Украинаның батысындағы Закарпатье облысындағы жағдай. Этникалық мәселені қоздатып отырған – Владимир Путин емес, Еуропа Одағына мүше Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан. «Украина өз еліндегі саны аз халықтардың (олардың ішінде венгрлер де бар) тілегін орындамаса, тұрақты да, демократиялық та ел бола алмайды» деді ол жақында.

Украинаның батысындағы Словакия, Румыния және Венгриямен шектесетін Закарпатье облысы - ресейшіл сепаратист күштер өз мемлекетін құруға тырысқан Донбасс емес. Сыншылар ұлтшылдық және авторитарлық ұстанымы үшін айыптаса да, Орбан - Путин емес. Ол бүлік жасауға арандатпайтынын, Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтады.

Бірақ Закарпатьедегі венгрлердің автономиялық басқаруға ұмтылуы этникалық азшылық арасындағы наразылық тек шығыс Украинаның ғана мәселесі емес екенін Венгр ақыны Шандор Петефидің ескерткіші. Ужгород, Украина, 27 мамыр 2014 жыл.

Венгр ақыны Шандор Петефидің ескерткіші. Ужгород, Украина, 27 мамыр 2014 жыл.

байқатады. Еуромайданнан кейін дағдарысқа түскен Украинаның әлсіз халін пайдаланғысы келетін тек Ресей ғана емес екен.

Будапештің өз шекарасынан тысқары аумақта да «ұлттық біртұтастық» үшін әрекет ететіні Венгрия шекарасынан бес шақырым жерде жатқан, 24 мың тұрғыны бар украиналық Берегово қаласынан айқын көрінеді. Аймақтағы балалар Будапешт қаржыландыратын венгр мектептеріне барады, ересектер венгр қаһармандарын дәріптейтін ескерткіштерге барып құрмет көрсетеді. Этникалық венгрлер Венгрияға сол елдің төлқұжатымен кіріп, венгрлердің сайлауына қатысуға да құқылы.

Бірінші рет Орбан басқаратын «Фидес» партиясы Еуропалық парламентке Венгрия атынан Брюссельге Закарпатье тұрғынын жіберді. «Орбан бейресми түрде ұлтты біріктіргенін мәлімдегісі келеді» дейді Орталық Еуропа университетінің ұлттық зерттеулер бойынша профессоры Цаболч Погони.

ИМПЕРИЯНЫҢ ЖЕРІН ДАУЛАУ

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Австрия-Венгрия империясы құлаған соң Венгрия бұрынғы аумағының үштен екісінен айрылып қалды. Қазір оның көбі Словакия, Румыния және Хорватияның жері саналады.

Венгрлер Транскарпатия деп атайтын Закарпатье бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жаңадан құрылған Чехословакияның аумағына өтті. 1945 жылы екінші дүниежүзілік соғыстан соң ол Совет Одағындағы Украинаның бір бөлігіне айналды.

Венгрияның сәуір айында өткен парламенттік сайлауы кезінде 20 пайыз дауыс жинаған әсіреоңшыл «Йоббик» партиясы ол аймақты қайтадан Венгрияға қосу керек екенін айтады.

Ал Орбан «мәдени автономия» үлгісін ұсынады, оны жергілікті этникалық венгр Венгр этникалық қауымдастық төрағасы Ласло Брензович. 20 мамыр 2014 жыл.

Венгр этникалық қауымдастық төрағасы Ласло Брензович. 20 мамыр 2014 жыл.

жетекшілері де қолдайды.

Наурыз айының соңында 37 үкіметтік емес ұйым қол қойған декларация Украина аумағындағы венгрлерді «мемлекет құраушы ұлт» ретінде мойындауды сұрады. Онда украиналық ұлтшылдардан төнетін қауіпке жанама түрде сілтеме жасалып, венгр ескерткіштерін қорлау туралы да айтылды.

Ужгородтағы Закарпатье әкімшілік ғимаратында Азаттыққа сұхбат берген венгр этникалық қауымдастығы төрағасы және облыстық парламент депутаты Ласло Брензович: «Өзімізге тиесілі мәселелерді шешуге адамдардың құқығы бар» дейді.

«Қазіргі біздің жүйе бір орталыққа бағынған. Барлық мәселелерді тек Киев қана шешеді. Бұл демократия немесе өзін-өзі басқару емес» дейді ол.

ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

Украинада 2012 жылы қабылданған заң бойынша аймақтағы этникалық азшылықтың саны 10 пайыздан асса, олардың тілін мемлекеттік мекемелерде, мектепте ресми тіл ретінде қолдануға болады.

Азаттыққа пікір білдірген Брензович пен басқа да жетекшілер кейбір Закарпатье аудандарында венгр тілі ресми мәртебе алса да, «венгртілді мекемелерді Киев Украина картасындағы қарамен боялған маң - Закарпатье аймағы.

Украина картасындағы қарамен боялған маң - Закарпатье аймағы.

тағайындаған адамдар басқарып отыр» деп шағымданды. «Венгр мектептерінде украин тілін екінші тіл ретінде оқытқан тиімді емес» дейді олар.

Ужгород сияқты қалаларда венгртілді тұрғындар 10 пайызға жетпейді, олар өздерін аралас ұлт өкілі санайтындықтан тілдік тұрғыда бөлінбейді.

Бірақ этникалық венгрлер тұрғындардың жартысын құрайтын, кейбір аудандарда 90 пайызға жететін Береговода жағдай мүлдем басқаша. «Менің қыздарым көшеде жүргенде тек венгер тілінде сөйлейді. Олар украин тілін естімейді» дейді Венгрияның туристік кеңсесінде жұмыс істейтін Йожеф Тарпай.

Береговодағы венгр институты қасында тамақтанып тұрған жеті баланың бәрі украин тілін білмейтіндерін айтты.

Украинадағы 2001 жылғы санақ бойынша этникалық венгр саналатын тұрғындардың 60 пайызы басқа тілде сөйлей алмайтындарын айтқан.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ

Венгрлердің Украинамен біртұтас ел болуына тіл кедергі келтіреді десек те, келесі бір өзекті мәселе – экономика. Береговодағы венгр кафесінде жұмыс істейтін Шандо Ференц Азаттық тілшісіне автономия туралы әңгімелер Венгр кафесі қызметкерлері (солдан оңға) Шандо, Ольга, Анжелика және Каталин. Берегове, 28 мамыр 2014 жыл.

Венгр кафесі қызметкерлері (солдан оңға) Шандо, Ольга, Анжелика және Каталин. Берегове, 28 мамыр 2014 жыл.

«саясаткерлердің сөзі» екенін айтты.

«Бізде ешқандай мәселе жоқ. Венгр театрлары, университеттері мен мектептері – бізге қажетті мәдени орындардың бәрі бар» дейді ол.

Бірақ әріптесі Каталин Цеге оның сөзін бөліп: «Бізге венгрлік жалақы мен зейнетақы да керек» деді.

Мейрамхана қызметкерлері айына 110 АҚШ доллары шамасында қаржы табатындарын айтты, ал Венгрияда дәл осындай қызмет үшін көбірек төлейді. Венгрлер тұратын елдердің ішінде әзірге Украина ғана Еуропа Одағына кірмеді. Сондықтан да жергілікті тұрғындар Будапешпен тығыз байланыс орнатқысы келеді.

Ференц пен оның әріптестері Венгрия туралы айтқанда сыбыс не дақпыртқа сүйенбейді, өйткені сол жақта тұратын достары мен туыстарына барғанда «Еуропа Береговедегі автобус бекеті. Украина, 21 мамыр 2014 жыл.

Береговедегі автобус бекеті. Украина, 21 мамыр 2014 жыл.

Одағы деңгейінде өмір сүретін» халықты өз көздерімен көргендерін айтады.

Ресми түрде Украинада екі елдің азаматтығын алуға тыйым салынған, бірақ оны алған адамдарға қарсы қылмыстық іс қозғалған кез сирек. Шамамен 100 мыңдай адам кем дегенде екі елдің азаматы саналады. Венгрия төлқұжатын да алған Ференц анасы мен қарындасы жағдайы жақсырақ Венгрияда тұруды қалағанын айтты.

2009-2010 жылдары Венгрияның сыртқы істер министрі болған Петер Балац мұның қисынды әрі қалыпты құбылыс екенін айтады. Ол Орбанның «адамның негізгі құқын қорғаушы» ретінде күрескенін қолдайды, бірақ Украинаның қазіргі жағдайында премьер-министрдің мәлімдемесі «дана шешім емес» дейді.

«Украинаның шығысындағы көп орыстардың күрделі мәселесімен салыстырғанда аз венгрлердің мәселесі елеусіз көрінеді» дейді ол.

Маусым айының басында Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Наталья Гарибаренко "Орбанның пікірі жарияланған венгрлік басылым Ресейдің қолайына жақты" деп мәлімдеді.

Жергілікті тұрғындар салыстырудан аулақ болса да, сепаратистік көңіл-күйді Береговедегі стадион. Украина, 21 мамыр 2014 жыл.

Береговедегі стадион. Украина, 21 мамыр 2014 жыл.

қолдайтындары байқалады. «Біз Қырым не Шығыс Украина емеспіз. Біз осында тұрып жатырмыз, тұрғымыз да келеді, бірақ жағдайды өзгертсек дейміз» деді Украина–Венгрия үкіметтік емес мекемесінде қызмет ететін Тарпай.

Бірақ ол ойлары іске аса ма?

Қала шетіндегі автобус бекеті маңындағы жергілікті футбол клубы қақпасының маңдайшасында «Достық» деген сөз украин және венгр тілдерінде жазулы тұр.

Шөбі ретсіз өскен стадион бос тұр. Венгрияның ең жақын қаласы бұл арадан он минуттық қана жерде.

(Азаттық тілшісі Глен Кейтстің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан).

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG