Accessibility links

Ақтөбеде полициямен атысқандар кімдер?


Ғабит Азаматұлы Құрманқұл, Ақтөбеде полиция мен қарулы топ арасында болған қақтығыс кезінде тірі қалған шабуылдаушы.
Ғабит Азаматұлы Құрманқұл, Ақтөбеде полиция мен қарулы топ арасында болған қақтығыс кезінде тірі қалған шабуылдаушы.

Маусымның 23-і күні Ақтөбе қаласы Краснощеков көшесіндегі 46-үйге жасырынып, «полицияға қарулы қарсылық көрсетті» деп сипатталған үш жігіттің біреуінің тірі қалғаны туралы хабарланды.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қарулы қақтығыс кезінде жараланған азаматтың аты-жөні Ғабит Құрманқұл. Жасы әлі 18-ге толмаған.

Ғабит Құрманқұлдың анасы Балзира апай Ақтөбеден 90 шақырым жердегі Қандағаш қаласында тұрады. Көршілерінің айтуынша, күйеуі өмірден ертерек өтіп кеткен жесір әйел. «Жалғыз ұлын жеткіземін деп жарғақ құлағы жастық тимей жүретін» деді аты-жөнін атамауды өтінген Ғабит Құрманқұлдың көршілерінің бірі.

«Кешелі бері Балзира апайдың есігі жабық тұр» деді жаманат хабарды естіп, ол кісінің есігін «қайта-қайта қағып отырған» Қандағаштағы «Жастық» ықшамауданының тұрғындары.

«МОЙ МИРДЕГІ» МАРДЫМСЫЗ МӘЛІМЕТ

Қазақ жастарының арасында кеңінен танымал «Мой мир» әлеуметтік желісіндегі парақшасын Габит Курманкулов есімді қазақстандық қолданушы (туған күні 04.10.1994 деп көрсетілген – ред.) ең соңғы рет 2011 жылғы желтоқсанның 10-ы күні ашқан. Ал сол жылғы ақпанның 17-сі күні микроблогында қалдырған жазбада Габит Курманкулов: «juma kuni namaz bastaim» («жұма күні намаз бастайым») және «adamdar namaz bastandar» («адамдар намаз бастаңдар») депті. Парақшадағы мәліметке сәйкес қолданушының 24 «досы» бар.
Габит Курманкулов есімді "Мой мир" әлеуметтік желісінің қолданушысы жазған микроблогтар
Габит Курманкулов есімді "Мой мир" әлеуметтік желісінің қолданушысы жазған микроблогтар

Маусымның 23-і ақтөбелік полициямен қарулы қақтығыс кезінде қаза болған екі азаматтың бірі - 21 жастағы Жолмырза Бекбауов Ақтөбе қаласының тұрғыны. Онымен аттас Jolmyrza Bekbauov (транскрипциясы Жолмырза Бекбауов болып оқылады – ред.) есімді қолданушы (қаза тапқан азаматтың туған күнінен үш күндік айырма бар – 28.11.1994 ж. – ред.) «Мой мирдегі» парақшасын ең соңғы рет былтыр ашқан. 18 «досы» болған Jolmyrza Bekbauov микроблогына 345 тәулік бұрын қалдырған жазбада «А'узу билляhи мина шайтони роджим» депті.

Азаттық тілшісі бұл екі қолданушының әлеуметтік желідегі жазбаларынан қандай да бір төзімсіз діни лексика кездестіре алмады. Ресми орындар да әзірше "полицияға қарулы қарсылық көрсеткендердің" радикалдық исламға қаншалықты қатысы бар екендігі туралы ақпарат бермей отыр.

Маусымның 23-і күнгі атысқа куә болған тұрғындар Азаттық тілшісіне "ұрыс алаңынан полицейлер сүннет киім киген (ақ дамбал мен ақ көйлек) діндар адамды алып шыққанын, оның қолына кісен салынбағанын, шамасы атысып жатқандармен келіссөз жүргізген дін өкілі болуы мүмкін екенін" айтқан еді.

ЖАЛҒЫЗ ҰЛ

"Қарулы топтағы" үш жігіттің үлкені - Ерназар Мырзағали Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданының тумасы. Жасы – 23-те.

Маусымның 24-і, жексенбі күні Азаттық тілшісі Ерназар Мырзағалидың анасы мен жалғыз қарындасы тұратын Қарауылкелді ауылына телефон шалған болатын. Жексенбі күні түске дейін баласының не өлі, не тірі екенін білмей, зар илеп отырған Бағдагүл Байжанованың «бәрі өтірік» деп ештеңеге сенгісі жоқ.
Ерназар Мырзағалиға іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.
Ерназар Мырзағалиға іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.

- Ерназардың әкесі осыдан 10 жыл бұрын кісі қолынан өлген еді. Бар сенгенім де, бар үмітім де – осы бала. Қаржы тапшылығынан балам Ақтөбенің «Дүние» университетіндегі оқуын аяқтай алмады. Бірақ қол қусырып отырған күні жоқ. Төрт жыл бойы қаңғып жүріп ақша тауып, жалғыз қарындасы Жансұлуды оқытты. Қазір қызым ауыл мектебінде мұғалім. Ерназар қыстай ауылда болып, мал жайлады. Көктем шыға Ақтөбеге жұмыс іздеп кеткен. Намаз оқып жүргеніне бес жыл болып еді. Соңғы рет Ақтөбе қаласында кездескенімізде: «Мама, осы жазда үйленемін. Мұсылмандық жолында жүрген келін әкелемін» деп қуантқан еді, - деді Бағдагүл Байжанова телефонмен берген сұхбатында.

- Ағам әзірше қалта телефонын сата тұрам, жаз шыға құрылысқа кірісем деп жүрген. Қолына қару ұстамақ түгілі бір баламен жұдырықтасып көрмеген. Бәрі – жалған. Оны подставить етіп отыр ғой, - деді ағасының бір хабарын біле алмай отырған Жансұлу Есболатқызы.

please wait

No media source currently available

0:00 0:01:40 0:00
Жүктеп алу

Ақтөбе облысының тұрғындары Жолмырза Бекбауов, Ғабит Құрманқұл мен Ерназар Мырзағалиға маусымның 21-і жол полициясының инспекторы Темірбек Жаксылықбаевты атып өлтірді деген күдік бойынша іздеу жарияланған болатын.

please wait

No media source currently available

0:00 0:01:40 0:00
Жүктеп алу

30 жастағы жол полициясының инспекторы Темірбек Жақсылықбаевтың мәйіті маусымның 23-і өзінің кәсіби мерекесі күні жерленді. Дәл сол күні күдікті ретінде іздеу салынған азаматтар Ақтөбе қаласының «Малышка» аталып кеткен ауданындағы Краснощеков көшесінің 46-шы үйінде полицияға қарулы қарсылық көрсетті деген ресми ақпарат таратылды. Шернияз, Лермонтов, Герцен көшесінің тұрғындары атыс кезінде қауіпсіздік үшін үйлерінен шығарылған. Прокуратура таратқан мәлімет бойынша атыс кезінде екі шабуылдаушы өліп, бір полиция қызметкері жараланған.
XS
SM
MD
LG