Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:44

ҚАЗАҚСТАН

Түрмеде аштық жариялаған Арон Атабектің өміріне қауіп төніп тұр деп дабыл қағады туыстары

Саяси диссидент Арон Атабек аштық жариялап түрменің изоляторына түсті деп хабарлады оның жұбайы Жайна және ұлы Асқар Айдархан. Алайда Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты растамай отыр.

Мәтін көлемі - +
Азаттық радиосына сәрсенбі күні Арон Атабектің жұбайы Жайна және ұлы Асқар Айдархан хабарласты. Олар Қаражал түрмесіндегі бір кісілер өздеріне Арон Атабектің (жеке төлқұжаты бойынша Арон Едігеев) аштық жариялап түрме изоляторына түскендігін және оның өміріне қауіп төніп тұрғандығын жеткізгендігін сол күні кешкісін Азаттық тілшісіне баяндап берген.

– Бізге хабарласқан кісі «Аронды мүмкіндігінше тезірек басқа лагерге ауыстырыңыздар. Өйткені ол өте қауіпті жағдайға тап болды. Түрмедегі басқа да сотталғандар одан кек алуды қалайды» деп жазыпты, – деді Жайна Айдархан.
Алматы қалалық сотында Шаңырақ ісі бойынша айыпталушы Арон Атабек темір тордың ішінде тұр. Алматы, 5 қазан 2007 жыл.

Атабектің ұлы Асқар Айдарханның айтуынша, хабар жеткізген кісі Қаражал түрмесінде 140-қа жуық шұғыл отряд тобы екі барактағы сотталғандарды ұрып-соққан болуы мүмкін.

– Осы отрядтың әрекеттері түрмедегі сотталғандардың қатты ашу-ызасын туғызған. Яғни, жүйенің күштері түрмедегілер арқылы Арон Атабекке қысым көрсетуге талпынып жатыр, – дейді Асқар Айдархан.

Атабектің жақындары түрмедегі жағдайға қатысты мәліметтерді жеткізген кісінің жеке басының қауіпсіздігі мақсатында оның аты-жөнін атаудан, сондай-ақ Қаражал түрмесіндегі жағдайға қатысты тағы бірқатар жайттарды айтудан бас тартып отыр.

«НАЗАРБАЕВЩИНА ЖӘНЕ РЕВОЛЮЦИЯ» МАҚАЛАСЫНАН КЕЙІН ҚЫСЫМ КҮШЕЙДІ»

Алайда олар Атабектің денсаулық жағдайы өте нашар екендігін, соның салдарынан ол жалпы 30 келі салмағынан айрылғандығын хабарлады. Сонымен қатар, Атабектің жақындары бұл жағдайлар Қаражал түрмесінің өз ішіндегі, атап айтқанда мекеме басшылығы мен сотталғандардың арасындағы келіспеушіліктің салдарынан туындауы мүмкін екендігін айтып отыр.

Бұдан бөлек, олар Атабектің жеке басына қатысты қысымның көбеюін жақында ақынның бірқатар өлеңдері интернетте жарық көргендігімен де байланыстырады.

– Жақында Арон өзінің өлеңдерін интернетте жариялады. Ол «Назарбаевщина және революция» атты мақаласының екінші бөлімі ретінде жарық көрді. Осы мақаладан кейін қысым одан сайын күшейе түсті, – деді Жайна Айдархан.
Ол «Назарбаевщина және революция» атты мақаласының екінші бөлімі ретінде жарық көрді. Осы мақала жарық көргеннен кейін қысым одан сайын күшейе түсті

Осыған орай Атабектің жақындары оның жеке басының қауіпсіздігі үшін қатты алаңдаулы екендіктерін, сондай-ақ ақынды тез арада басқа бір лагерге ауыстыруды сұрайтындықтарын айтып отыр.

ЕДІГЕЕВТІҢ ӨТІНІШІН ТЕКСЕРГЕН КОМИССИЯ НӘТИЖЕСІ БЕЛГІСІЗ


Алматы және Алматы облысы бойынша пенитенциарлық мекемелердегі адам құқығының сақталуына мониторинг жөніндегі қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанәбілова, Азаттық радиосына берген сұхбатында, Арон Едігеевтің жақындары өзі басқаратын ұйымға хабарласқандығын және соның негізінде Астанаға хат дайындайтындығын айтты.

– Бұған дейін де Едігеевтің өтініші бойынша КУИС-ке (Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті) хат жолдаған болатынбыз. Комитет биылғы жаздың соңына таман Қаражалдағы түзеу мекемесінде тексеру жүргізді. Алайда сол тексерудің нәтижесі әлі жарияланған жоқ. Біз тағы да хат жазамыз, – деді Жанәбілова.

Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Михаил Лырчиков, бейсенбі күні Азаттық радиосына телефон арқылы берген сұхбатында, Арон Едігеевтің түзеу мекемесінде аштық жариялағандығына қатысты ақпарат бұл комитетке жетпегендігін, сондай-ақ Қаражалдағы түзеу мекемесінде шұғыл жасақ ешқандай операция жүргізбегендігін мәлімдеді.

2006 жылы шілде айында Шаңырақта болған жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, тұрғындар мен полицияның қақтығысында полиция қызметкерінің қаза табуына айыпты деп табылып, 18 жылға сотталған ақын Атабек Қарағанды облысының Қаражал қалашығындағы 159/22 түзеу мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатыр. Үкім 2007 жылы 5 қазанда шықты. Жалпы Шаңырақ ісі бойынша барлығы 24 адам сотталған болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айтуар Қайдан: Алматы
22.10.2009 21:09
+0 / -0
ит тіршілік

Кімнен: Алтынай Қайдан: Астана
22.10.2009 21:38
+0 / -0
Арон Атабек ағамызды қорғап қалайық, ұлт үшін жанын аямаған азаматымыздың түрмеде өліп кетуіне жол бермеу керек. Қазақтар ояныңдар, Алаштың нағыз азаматы Арон ағаға қолдау танытайық. Бәріміз дің пікіріміз бен әрекетіміз бір жерден шықса, оның жанын сақтап қалуға атсалысайық.

Кімнен: токе Қайдан: астана
22.10.2009 22:38
+0 / -0
нағыз азаматті бәріміз сақтап қапуға атсапысайық

Кімнен: Сырым Қайдан: Балқаш
22.10.2009 22:39
+0 / -0
НАН кетпей ол шықпайды! Мәңгі ештеңе жоқ! баяғы Сталиннен кейін амнистия болғандай Арон атамыз да бостандыққа шығар! тек аман болса игі!

Кімнен: dabas Қайдан: Kzylorda
22.10.2009 23:15
+0 / -0
Маған десен бірін өліп бірін қалындаршы ей. Бұл қазақ бірнәрсені бүлдіреді де билікті жамандап оппозиционер болып шыға келеді. 70 жыл бойы орыстарға қарсы шықпадын дар ма? Маған бәрібір.Өзімнің қарным тойып, соғыс болмаса болғаны. Қой қарным ашты тамақ жеп қайтайын.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат
23.10.2009 10:01
+0 / -0
Сен сияқты боққарындар құртатын бәрін

Кімнен: Жанашыр Қайдан: Алматы
23.10.2009 09:27
+0 / -0
Осындай жағдайда жалғыз Арон ғана емес, жанындағы 3 жігіттің де жағдайы мәз емес. Әсіресе Ерғанат Тараншиевтың жағдайы өте ауыр жағдайда екенін бәрі біледі. Қол созып көмек беріп жатқан адам бар ма екен. Кезінде сол балалардың атынан қоғамдық ұйым құрып алған адамдар қазіргі таңда қандай көмек беріп жатыр екен. Шаңырақ РҚҚ сол азаматтар жайлы туыстарымен немесе өздерімен хабарласты ма екен десеңізші, Ертең бір жақсылық болып ақталып келіп жатса, не бетімен қарар екен біздің бетке ұстарларымыз. Естуімізше осы балалардың ата-аналары балаларын әлі күнге дейін көре алмай отырған сияқты. Бірнеше бетке ұстар азаматтарға барып, көмек сұраған екен деп естідік. Аронның мына жағдайына қарағанда оларға еш жәрдем берілмеген сияқты. Осы азаматтар жазықсыз сотталып бара жатса да мойымай артымда шаңырағым, халқым бар, қолдаушы Болат, Асылбек, Рысбек, Жармахан сияқты ағаларымыз бар, бәрін жеңеміз, халықтың жері қалып, халық жыламаса деген еді, енді оларға түрмеде де тыныштық бермей жатқан көрінеді. Тек Жаратқан ие жар болып, аман - есен оралсын деп тілеймін. Уақыт емші жігіттердің билік тарапынан алған жаралары жазылар, бірақ қазақтың мен деген азаматтары жандары қиналып жатқандарын ести тұра көмек бермегені олар үшін жазылмас жара, таңба болары қақ.

Кімнен: оралман Қайдан: алматы
23.10.2009 09:29
+0 / -0
Алтынай айтқанына толық келісем.Арон Атабек халқымыздың тірі Исатай мен Мақанбеті деуге болады. мен ол адамды өте қурметтеймін.Шаңрақ уақиғасы кезінде Арон аға бастаған өз жан ұясын қорғаған адал азаматтардың ағаттығы алде қателігі деүге болама әйтеүр
бүлдірүге келген "шаш ал десе,бас алатын " жендеттердің... мен буны жайден-жай аитып отырғам жоқ,арғысына бармай-ақ кешегі 86 ның желтоқсаненда бір топ (қазақтың ұлт сатқындары) "белің сенғыр белсенділер" көген жастардың қанын төкен жоқпа? біз қашанғы орыс отаршылары мен олар тәрбйелеп өсірген мәңкүттердің қылшының астында жан тапсыра береміз? біз оралмандар қаншалықте жат елде жүрсекте, өз намысымызды әр кез таптатқан емеспіз. көзі ашық оқырман кешегі қытайда өткен Оспан батырдың тариқын оқыса жетіп атыр ...

Кімнен: Венера Қайдан: Алматы
23.10.2009 11:32
+0 / -0
Арон және басқа 3 жігіттің тағдырына ат салысыңдар. Олар халық үшін құрбан болғандар. Қазақтың халқым жыламасые деген осындай жігіттері өте көп болса, дәл қазіргідей болмас еді. Мен деген. Халқы үшін отқа түсуге даяр азаматтарды түрмеге тығып, қорқытады. Ал олар сол түрмеден қорқып отырған жоқ. Алды 18 бен 14 жылды жазықсыз қатал режимдегі түрмелерге арқалап кетсе де, олардың халық алдында ары таза. Құрметті қазақтың бетке ұстар қаймақтары осы жігіттердің ішінде қатты азап шегіп, бұрынғы НКВД түрмесінде отырған Арон мен Ерғанаттқа көмек беруге шақырамын. оларға баруға туытарының жағдайлары келмейді екен, жәрдем беріп, туғандарымен хабарласайық