Келесі бағдарлама





Мультимедиа

Қазақстан

Оппозицияның митингісінен соң шеруге шыққандарды полиция ұстады

«Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.

30.01.2010
Өміржан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ

Алматыда оппозиция қазақ жерін Қытайға бермеу туралы талаппен наразылық митингісін өткізді. Билік рұқсат еткен жиыннан соң қала көшесімен шерулеп өтпек болған бір топ адамды полиция ұстап, әкімшілік іс қозғады.


30 қаңтар, сенбі күні Алматыдағы «Сарыарқа» кинтотеатрының артындағы саябақта, «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен билік рұқсат еткен митинг болып өтті. Жиынға қатысқан жүздеген адамның арасында Қазақстандағы үш оппозициялық партияның мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық топтардың өкілдері мен қатардағы азаматтар болды.

Митингті жүргізген «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов митингке бес мыңдай адам жиналды деп атап өтті. Алайда,
Қазақ жерін Қытайға бермеуді талап етіп, оппозицияның өткізген наразылық жиыны. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.
митингті бақылаған полиция қызметкерлері митингке қатысқан саны одан әлдеқайда аз болды дейді.

Жиында сөйлегендердің барлығы Қазақстан билігінен Жер кодексін өзгертуді талап етті. Сол жерде болған ондаған арнаулы қызмет өкілдері олардың сөзі мен іс-қимылдарын бейнекамераға ыждаһаттықпен жазып алып жүрді. Саябаққа кіре берісте өрт сөндіруші автомашинасы мен медициналық жедел-жәрдем көліктері тұрды.

Митингке сөз алған «Азат» ЖСДП партиясының тең төрағасы Болат Әбілов Қазақстан үкіметі Қытайға 200 мың гектар жер жалға беріп, ол жерлерде екі елдің біріккен кәсіпорындар құрмақ деп мәлімдеді.

Ал, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының жетекшісі ақын Мұхтар Шаханов «Билік Қытайға жер сатып жатыр» деген сөзді қазақ
Түрмеде отырған қазақ диссиденті Арон Атабектің жары Жайнагүл Айдархан оппозицияның наразылық жиынында тұр. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.
жерінің Қытайға жалға берілуіне қарсы шыққан азаматтар айтпағанын, наразылық танытушылар тек қана президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқанын қайталады деп атап көрсетті.

Митингкте сөйлегендердің бірі жазушы Софы Сматаев әртүрлі жиындарда халықтың сөзін сөйлейтін түр танытып жүретін азаматтар нақты іске келгенде бұғып қалатын айтып өтті. Сондай-ақ, Софы Сматаев жиналған жұртты биліктің халыққа қарсы іс-әрекетіне төзбеуге шақырды.

Митингтің соңында қабылданған қарарда қазақ жерін қандай да болмасын әдіс-тәсілмен шетелге жалға беруге және сатуға болмайтыны туралы талап айтылды.

Әйткенмен, митингте сөз кезегі тимей қалғандар да болды. «Арман» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев бастаған
Қазақ жерін Қытайға бермеуді талап етіп, оппозицияның өткізген наразылық жиыны. Алматы, 30 қаңтар 2010 ж.
бірнеше адам митинг мінбесіне ұмтылды. Алайда оларды митингті ұйымдастырушылардың қауіпсіздік қызметі мен ұйымдастырушылардың өздері және митингті жүргізуген Әміржан Қосанов мінбеге жібермеді.

Митинг өткізуге биліктің рұқсат еткен бір сағат мерзімі біткен соң оппозиция жиынның аяқталғандығын хабарлап, жұрт енді тарқай бергенде тағы да сол Ермек Нарымбаев бастаған бірнеше адам президент Назарбаевтың орнынан кетуін талап етіп, шеруледі.

Мұндағы жағдайды бастан-аяқ бақылап жүрген полицияның шенді басшылары «Азат» партиясының өкілдеріне аз ғана топтың шеруіне ерген жұртты сабырға шақырып, үйлеріне қайтуын айтуды сұарды. Алайда «Азат» партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов оппозицияның рұқсат етілген митингісі заң шеңберінде өтіп, ың-шыңсыз аяқталғандығын, ал, рұқсат етілмеген шеру жасап жатқандар
Оппозицияның наразылық митингісінен соң шерумен көшеге шықпақ болған бір топ адамның жолын полицейлер бөгеп, оларды тоқтатпақ болды. Алматы, 30 қаңтар 2010 ж.
үшін «Азат» партиясы жауап бермейтінін айтып, бұл іске араласпайтындығын білдірді.

Бұл кезде Ермек Нарымбаев бастаған шерушілер тобы Абай даңғылына шығатын көшені бетке алып, саябақтан сол жаққа қарай жылжыған еді. Бірақ та, полиция әп-сәтте саябақтан кинотеатрдың екі қапталымен шығатын жолдарды жауып, шерушілердің алдын бөгеді.

Ермек Нарымбаев пен оған ілескен бірнеше адам полицияның бір шебінен бұза-жара өткенімен, оның алдын кес-кестеген өзге полицейлер Нарымбаевты қос қарынан тастай ғып ұстап, дедектетіп машинаға салып алып кетті. Бұл кезде сағат түскі бір болатын.

Арада төрт сағаттан астам уақыт өткенде, Азаттықа радиосына Ермек Нарымбаевтың әйелі Зоя Нарымбаева хабарласып, полиция жиыны 13 адамды ұстағандығын хабарлады. Олардың арасында Ермек Нарымбаев та бар.

Зоя Нарымбаеваның айтуынша, саябақтағы шеруде ұсталғандарды полиция Алматының Әуезов аудандық ішкі істер бөліміне апарған.
Оппозицияның наразылық митингісінен соң полицейлер «Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаевты ұстап алып кетті. Алматы, 30 қаңтар 2010 ж.
Сол жерде олардың үстінен әкімшілік құқық бұзғандығы жөнінде іс қозғалған.

- Олар қазір Алматы қаласының әкімшілік сотында. Алайда, бізді ішке кіргізбеді. Олардың адвокаттары да жоқ. Бүгін күн сенбі әрі кеш болып кетуіне байланысты бүгін сот болмайтын шығар. Оларды дүйсенбіге дейін ұстап, дүйсенбіде сот болуы мүмкін, - деді Зоя Нарымбаева.

Зоя Нарымбаева полиция ұстап әкеткендердің арасында «Желтоқсан-86», «Жаңғыру», «Ұлт. Рух. Отан» секілді бірқатар қоғамдық қозғалыстардың жетекшілері барын айтты.

Азаттық тілшілері ұсталған азаматтар жайында Алматы қаласының ішкі істер департаментінен де, Әуезов аудандық полиция бөлімінен де сұрақтарға жауап ала алмады. Кезекші бөлімдегі құқық қызметкерлері бұл мәселе жайында тек жұмыс күні, яғни алдағы дүйсенбіде Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен анықтауға кеңес берумен шектелді.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Бокки Қайдан: Қытай-Өр Алтай
31.01.2010 04:17
біздың мау ата сендер жақта не ғып жүр-ей ?! козімды жарқ еткызды ғой, айналайын есыл атам, адам-бірінші өндіргіш кұш деген. енді міне, сол өндіргіш кұштеының арқасында, коршылерын дымдамай жайлауға кырыспты ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Айжан Қайдан: Алматы
31.01.2010 12:41
Мао Қытайда (1921-1976 аралығында) коммунистік Қытай билігін орнату үшін деректерге сүйенсек, ұзын саны 73 млн. адамды құрбан еткен (бұл сандық мәліметке Жапонға қарсы соғыспен ұлтазаттық соғыс қурбандары қосылмайды). Бұл адамзат тарихында 1-2- дүниежүзілік соғыста құрбан болғандардан көп. Сондықтан да коммунистік Қытайдың диктатор көсемі Гитлер мен Сталиннен де өткен жауыз, нағыз Адам жейтін қорқаұ, алқып кеткен қанқұйлы жадыгөй. Ал біздің Астанадағы билік сол Мао тәрбиелеп жетілдірген коммунистік Қытайдың 3-буын ұрпағымен достасып олардан жақсылық күтіп отыр. Бұл істі ойлаудың өзі қорқынышты ғой. Тарихқа үңілер болсақ көне Қытай территориясы 160 мың шаршы км жерді және айналасындағы ондаған мемлекетті соғыссыз жаулау арқылы (бейбіт жаулау, нопс жүткеу) территориясын 9 млн. 600мың шаршы км үлкейтіп іргемізге бірақ келді. Маоның 70 жылдардағы жасырын жоспары бойынша 21 жүз жылдықта Орта Азия, Сібір Россияның қиыр шығыс бөлігі мен оңтүстік бөлігін толығымен Қытайландыру мөлшермен 500 млн қытайлықты осы және де басқа Европа, Африка құрылықтарына қоныстандыру. Сонда Қ.Р қандай елге айланатындығын көзі қарақты оқырман өзіңіз болжай беріңіз...
Пікір алмасу

Кімнен: Cары Қайдан: Арыс
31.01.2010 13:11
Әрине басы-қасында болмағасын бір жақты пікір айту қиын. Бірақ та оппозициядағылар көз бояюшылықпен айналысып жүрген сияқты. Нақты мақсаттары жоқ , анда-санда қалғып-мүлгіп, оянып кетіп *Сарыақаның* жанында жиналып жалынды сөздер айтып, халықты оятамыз деу бекершілік.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Қайдан: Алматы
31.01.2010 18:45
Соның ішінде әсіресе қазір аяқ астынан "№1-ші ұлтшыл" бола қалған Бутяның партиясына сенуге болмайды. Бұлар тікелей билікпен жұмыс істеп, халықты алдап отыр. Кешегі митингіде олар Ермек Нарымбаевты өз қолдарымен полицияға ұстатып жіберді деуге болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Сұраушы
01.02.2010 01:28
Сары мен Марат!!! Сендер ертең опозиция билікке келіп, бізді алдап кетеді деп, қорқып жүрсіңдер ме? Ай-ай, балапандарым-ай, сүйтіп сендер адамның ішін ауырта бересіңдер ғой. Сендер неге "асатпай жатып құлдық"- деп жүрсіңдер? Қорықпасаңдар да болады, әзірге Нұрекең тірі тұрғанда олар билікке келе алмайды.

Кімнен: Болат Қайдан: Атырау
31.01.2010 23:09
Мына жоғарыда пікірсымақ білдіріп отырған Арыстың Сарысы сияқтылардан САҚ болайық. Қалай көлгірсіп отырғанын қараңдар. "Басы-қасында болмағасын бір жақты пікір айту қиын" деп көлгірсиді. Сол жерге баруға қорықтым деп турасын айта алмай отыр. Сөйтіп отырып, еркін ойлы азаматтарды "нақты мақсаттары жоқ" деп кемсітіп отыр.Ал, "Сарыарқаның артында жиналып" дегенге айтарым біреу-ақ - басқа жерге СЕНІҢ қожайындарың жолатпаса қайда барамыз?! К-іңе қарамай, "халықты оятамыз деу бекершілік" депсің. Сен сияқты мақұрымдарға айтарымыз біреу - ХАЛЫҚ әлдеқашан оянған, тек сәт сағатын күтіп отыр. Бір күнде аяғың аспаннан келгенін білмей қалма. Сол күнде ИшаллаҺ, СЕН сияқтыларды ақырындап есептеп шығарып, тауып аламыз. Ол жағынан қам жеме!

Кімнен: Болат Қайдан: Атырау
31.01.2010 23:16
Мына Арыс деген Сары үш әріптің ішіндегі АЗҒЫНЫ! Үш әріптің талайын көрдім, көбі халық болашағына кет әрі емес. Ал, мынау - нағыз АЗҒЫН! Мынаның жазған, комменттерін мұқият және талдап оқыңдар. Халқына топырақ шашқан осындайларға ЛАҒНЕТ! Айналаларыңда толып жүр осындайлар, мұқият тыңдап, есепке алып жүріңдер. Бірақ, бүгінше шыдап, ештеңе демей, сыр бермей, жүре тұрайық. Олардан ЕСЕП аатын КҮН келеді!!!

Кімнен: Османжан Қайдан: Қанталаған Үрімші
01.02.2010 00:12
Қайран қазақ. Былтыр бауырларың ұйғырлар Шығыс Түркістанның тағдырын айтып, Алматының қақ ортасында қытайларға наразылықтарын білдіргенде, бұл іс өздеріңізге қатысты еместей шетте тұрып далбалақтадыңдар, жұлдызды көк айшық көгілдір жалау-байрақтардан үркідіңдер (құдды сендердің елдеріңде тігетіндей). Енді міне өз бастарыңа сол күн мен сол ауыртпалық түсейін деп жатқанын біліп жатырсыздар. Қытайларға және олардың шетелде сатып алып арнайы сұрыптаған құйыршықтарына тек ғана исі түрк болып бірлесіп ғана қарсы тұруға болады. ҚХР ешқандай да алпауыт ел емес, жан жағының бәрін сес көрсетіп, алдап-арбаумен ғана "шаһар алған" һәм психологияны жақсы меңгерген алдамшы ел, сондықтан оны бірлессеңдер жеңіп шыға аласыңдар. Бұл сонай түрк қағандарынан, соның ішінде Күлтегіннен қалған ақиқат өсиет. Ал сендер болсаңдар, не бауырластарыңмен қосыла айлмайсыздар, не біріңді-бірің билікке ұстап бересіңдер. Қайтып ел боламын дейсіңдер!?

Кімнен: Сәбит Қайдан: Алматы
01.02.2010 00:58
Сенбейтін болсаңдар бұтаның түбінде күңкілдемей шығыңдар өздерің алаңға. Бастаңдар халықты шеруге! Ішкен- жегенге, киім кигенге мәз болып ақылгөйсігенді қашан қояды екенсіңдер!?

Кімнен: Сарапшы
01.02.2010 01:13
Ермек Нарымбайып деген қасқаның санасының деңгейі қазіргі заманнан 100 жылға кешігіп қалыпты. Баламысың деп, осындайда айтса керек. Қасындағы 10-нан сәл ғана асатын "тентектерімен", бақайшағына дейін қаруланған жүздеген мың әскері бар билікке қарсы шығып, билікті күшпен құлатамын деп жүр ме екен? Билікті күшпен емес, саясатпен, экономикалық рычагтармен, кемінде жүз мыңдаған халықтың қайтпас қысымымен ғана орнынан қозғауға болады.
"Халық оянды"- деп, опозиция алдын-ала "аванс" беріп, өзін де, басқаны да алдаусыратқанымен пайда жоқ. Оянса да, санаулы адам оянды. Тіпті сол оянғандардың өздері қалай өз құқын қорғаудың тәсілін білмейді.
Осыдан 100 жыл бұрынғы ағаш-таяқ, айыр-кетпен, қылыш-найза, шиті мылтықпен қаруланып, Амангелді Батырдың бастауымен патша ағзамға қарсы көтеріліске шыққан қазақ шаруаларының тәсілін әлі күнге дейін қолданғалы жүр. Қазақ шаруалары 16 жылғы көтерілгенінен не тапты? Патшаның езгісінен құтылып, онда да қырып-жойған революцияның салдарынан коммунистердің езгісіне түсіп, ақыраяғында 30-ші жыдары жартсы аштан қырылып, бір бөлігі елден ауа қаштып, жер бетіне тарыдай шашылып кетті. Олар елге қайта алмай әлі жалтақтап жүр.
Ана жаны жұмсақ қой деп, ер кісіге қарағанда қыз бала пысықтау келеді, дұрыс жол көрсетер деп, интернетте Айжан-қызымыздың пайда болғанына қуандым. Сүйтсем, "Ермек Нарымбаыпты қолдап, қолына ұран ұстап, көшеге шығып, демонстрация жасап, билік секілді елдің заңын ортан белінен басып, бұзып, ол үшін полицияға ұсталып, сол сияқты "пятьначкада" сасып жатпадыңдар"-деп, ол да опозицияны айыптапты.

Кімнен: Сарапшы
01.02.2010 01:15
Жалғасы:
Кеше ғана, Украйнада , тып-тыныш қана 100 мыңдаған халқы алаңға шығып, қайпастан, адам санымен ғана коммунисті жүйенің сарқыншақтарын "тышқанның мұрнын да қанатпай-ақ" биліктен кетіріп, таза сайлау жасайтын дәрежеге жетті. Көп батырады деген осы. Қиратып, қырып-жоятын революциялық жол емес, саяси жолмен билікті кетіру деген осы болады. Халқы (қазақ халқы сияқты емес) бірін-бірі үндемей түсінеді деген, бірін-бірімен қатты сыйласады деген осы болады. Бір президентті сайлап алып, келесі мерзімге басқа президентті сайлайды. Президенттер бір-екі мерзімнен кейін "артын сүртуге" де жарамай қалатынын олар біледі. Есесіне, мұнай-газ, басқа да тұнып тұрған қазба байлықтары болмаса да, жағдайлары жақсы, еңбекақылары біздікінен әлде қайда жоғары, зинетақылары біздікінен екі есе көп. Ресейдің кислородын жауып тастап, анда-санда қаң-қақсатып қояды. Сүйтіп, олар Ресеймен жауласқалы жатқан жоқ, ол өздерінің құрып жатқан саяси, алысты көксейтін "ішкі есептері".
Ал біздің қорқақ "әулие шалдар" болса көзіне көрінгенге таңданып, мүмкін өздерінің жеке бастарының пайдасы үшін Қ.Сұлтанып, ?.Кекілбайып, ?.Жолдасбайып, ?.Байдосып, ?.Қалетайып (аттарын ұмытыппын, кешіріңіздер) сияқтылар оны екінші құдай санап, "соқыр көргенінен жазбайды" демекші, өтірік дым көрмегендей тамсанып, бір адамға скоч сияқты жабысып алып, айырылмай қалады.

Осыдан 50 жылдай бұрын Америкада автобуста отырған бір қара нәсілді, қара жұмысшы әйелді (ол кезде қара нәсілділерге басшылық жұмысты кім берсін) ақ нәсілділер кемсітіп, отырған орнын тартып алады. Ол қара нәсілді, қара жұмысшы әйел сол күннен бастап, (аяғы қырқылып қалсада, намыстан шыдап) намыстанып, жұмысқа барарда да, қайтарда да автобусқа мінбестен жаяу жүретін болады. Және басқа қара нәсілділерді де өзі сияқты жаяу жүруге шақырады. Басқа қара нәсілділер оны сыйлағаннан, айтқанын істеп, автобуспен жүруден бас тартады. Халықтың басым бөлігі қара нәсілді халықтан тұратындықтан Американың көлікпен тасмалдау саласы экономикалық шығынға батып, жалпы Америка экономикасына әсер бере бастайды. Ақырғы соңында Американың конституциясына өзгерістер енгізіп, қара нәсілділер мен ақ нәсілділердің құқын теңестіріледі. Көрдіңіз бе, бір оқ шығармастан, "бір тышқанның мұрнын қанатпастан", біреуді біреу балағаттамастан, ешкімді ешкім қорқытпастан, ешкімді ешкім бетін тырнап айыптамастан, орта ғасырларда Африканың саваннасынан ұстап алып, мұхит арқылы кемемен құлдыққа алынып келген қара нәсілділердің санасының, мәдениетінің қалай көтерілгенін.
Бұлай өз мақсатына жетуді, экономикалық рычагты қолдану деп айтады.
Дәл қазір опозиция өте дұрыс саясат жүргізіп жатыр. Құранда "Алла халқына сай патша береді" дейді. Әзірге халқымыздың өзіне сай патшасы бар. Сондықтан опозицияға билікке келуге әлі ерте, тек әзірше қазақ халқының тілін, дінін, ділін, мәдениетін сақтауға, жерін қорғау,одан айырылып қалмау мәселесімен ғана халықпен жүмыс жүргізіп отыру қажет.
Пікір алмасу

Кімнен: Жадыра қызы Батима Қайдан: Алматы
02.02.2010 19:53
Қарай көр,.Сарапшы данышпан қалай сайрайды, сіз Том ағайдың кішкентай үйі атты кітабін оқып көргенбедіңіз? қайдағы ойдан шығарған ертегілерді айтып Халықты алдамаңыз,Америкадағы қара нәсілділердің ақтармен тең болу үшін, ғасырлар бойы күрес жасап көптеген адамдардың(қара нәсілділер) сол теңдікпен азаттықтың жолында, өз өміріни қүрбан еткенін ақыры соңында ақ насілділермен ұқсас дәрежедегі адамдар қаттарына қосылып ел болғанын күллі адамзат біледі, біз Қазақтарда өзіміздің азаматтық Құқығымызбен Қазақ елінің қүрушы негізгі үлты екендігімізді неге түсіне алмаймыз Сарапшы сыяқты " тәлімгерлер" анадан-мынадан естіген қатын өсектерін тізбелеп жазып өтіріктен-өтірік Халықтың алдында көсемсейді. Егемендік алған 18 жылдан бері қаншалаған партыялармен түрлі қоғамдық үйымдар жүздеген рет митынгілер өткізіп қаулы қабылдады, сонымен қаттар түрлі оппозитциялық ақпарат қүралдар арқылы жаздыда-айттыда бырақ соған мән берген бійлік болдыма?қүрметті Сарапшы сөйлеші кәне?осы жоғарда айтылған уәжіме алып қосарың бар ма?менің білуімде билік оның бірде-біреуіне түкірмедіде. Себебі Сарапшы сияқты ынжықтармен,намыссыз мәңкүрттер қай уақыттада тасада турып тас атуға қүмар,өзі осындай опасыз биліктерге қарсы шықпағанымен қоймай, арада саясатты толық түсіне алмай жүргендерді онанда бетер шатастыруға қумар.1921-;жылы 500 милионнан астам жан саны бар, алып қытай елінде 12 адам ғана бас қосып (Сарапшы секілді сатқынның жиналыс орынын әшкерелеп қойуына байланысты) оның өзінде шағын қайықтың үстінде өткізген. Сол комоністік Қытай партыясы 70 милионнан астам партя мүшесі бар милиарттан артық жан саны, қарыштап дамып келе жатқан экономйкасы бар, трлион доллырлық бүжеті бар алып екі елдің біреуі, Сарапшы болса оншақты ғана тентегі бар деп, елі, Қазағы ұшін қасқайып ортаға шығып ашшы шындықты жайып салған Ермектей батыр үлды кекетіп –муқатпақ болады, сен сыяқты қойан жүректер ондай ортаға шыққанды қойып, аты-жөнін басқа біреулерге айтуданда қорқады. Егер буған келіспесең 20 ақпан күні Пушкина көшесі 114 үйге сағат 10.00 конференцияға кел. Бетпе-бет отырып сөйлесеміз. Егер келе алмасаң сенің күнің қатыннанда төмен...
Пікір алмасу

Кімнен: Сарапшы
02.02.2010 21:18
біз Қазақтарда өзіміздің азаматтық Құқығымызбен Қазақ елінің қүрушы негізгі үлты екендігімізді неге түсіне алмаймыз
----------------------
Жадыра қызы Батима!!!
Мына сенің үтір, нүктесі жоқ, я сұрау белгісі жоқ СӨЗДЕРІҢНІҢ ЖИНАҒЫНА менде түсіне алмай тұрмын. Егер, неге түсіне алмайтындарыңды менен сұрап тұрған болсаңдар, сендердің неге түсіне алмай жүргендеріңді мен қайдан білейін? Тек, менің байқағаным, әсіресе сен танк сияқты екенсің.
Оң-солын білмейтін БЕТПАҚТАНҒАН ТАНК ӘЙЕЛДЕРІ БАР ОППОЗИЦИЯМЕН алысқа ұзай қоймайтын шығармыз. Айналайын, қазір танктің уақыты өткен. Он жерден "март айындағы мысықтардай шыңғырып", жерді тырнап, жыртсаңда, істің көзін таппасаң ешнәрсе өндіре алмайсың. Байқауымша, "А" мен "Б"-ны айырмайтын, ылғы "бір тектілер" бірігіп алып, "Айдағаның бес ешкі, ысқырғаның жер жарар"-болып жүрсіңдер ғой. Егер сендерге сондай ұнаса, сүйтіп жүре беріңдер, менің еш қарсылығым жоқ. Қазақстанға камераның сасық исін иіскеп жататын қазіргі заманның "қорықпайтын заманауи батырлары " да керек шығар? Жортқанда жолдарың болсын. Тек, басқаларға қатарласып, қианат жасамай, балағаттамай, ұятқа қалдырмай, не жасасаңдар де өздеріңше бөлек жасаңдар.
Енді мен сендерге "ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ ТӨҢКЕРІСШІЛ, АРМАНШЫЛ ОППОЗИЦИЯ"-деген, айдай әдемі атақ беремін.

Кімнен: Сарапшы
01.02.2010 01:33
Түзету: "Айна" деудің орнына "Айжан" деп, шатысыппын. Айып етпеңіздер.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2010 10:05
01.02.2010 09:29
Сарапшысымаққа
Сен сияқтылар "ертеңге салып" бір жерін қысып отыра берсе
қазақ бәрінен , тіпті соңғы жерінен айрылып бітеді. "Тыныштық
керек, қақтығыстың қажеті жоқ " деп жастарды ұстап отырған
сен сияқты қазақтың жауы .
Әділдік үшін , шындық үшін күресе алмаған ұлтта болшақ
жоқ .
Сен өзің айтқан қара нәсілді қатынның шаңына да жуый алмассың.
Ал оппозиция сымақ топ ( Азат-ОЗДП) өз к. өздері ашты.
Сен айтқан 10 шақты жігіттің қатары күннен күнге көбейеді.
Митингіде Мақсұт Оразай ағамыз қазақтың осы жағдайына
кінәлі Назарбаев екенін ашып айтты , ал қалғандары
Мәсімовпен шектелді, тіпті "Назарбаев кет " деген сөздерді
естігенде көздері жалақтап сценаридің бұзылып бара жатқанына қатты қобалжып, басқа ешкімге сөз бермей , жылдамдатып
микрофонды жинады .
Қазақ құл болмаса алаңға шығуға дайындалулары керек.

Кімнен: Апатай Қайдан: Елден
01.02.2010 11:21
Нарымбаев ермектің өзіне сол керек. Түйір ақыл жоқ. Түсінігі таяз адам. Бір сөзбен айтқанда выскочка. "Атың шықпаса жер өрте" дегендей, өзін ұстағандарын қалады ғой ол. Әйтпегенде, басқа белсенділер құрып қалып па, оппозиция соған қарап тұрма екен. Өзінің сөзін тыңдасаң, қылығын көрсең жүрегің айниды.

Кімнен: Айна Айтжанова Қайдан: Алматы
01.02.2010 11:49
Жаңа буын қарқын келеді із басып
Жол берейік жастарға біз сыйласып
Жанарлары қайсарлықпен жанады
Жүректері «Қазақпыз!» деп соғады!

Соққысына кезеңдердің ұрынған
Түсінбейді келе жатыр қай заман!
Жалтақтаумен басын аман қалдырып
Сол басымен бүгін бөгет тұр қылып!

Бақ талас па елдің қамын ойлау да?
Оппозиция жеке тақты соқты ма?
Біз көсембіз, жанашыры елдің деп
Жолатпады жас көсемді көппе деп?

Ақмақ дегің Ермек ерді бірақ та
Ерген елді ақмақ деуге бола ма?
Аблай хан да батырларды сыйлаған
Еш батырды көкірегінен баспаған!

«Ау, көсемдер, қосыламыз сізге біз!»
Деп іздеді «Арман» тобы таппай із
Бұл көсемдер биліктен де жоғары
Қабылдамай, жауап бермей қалғаны!

Не дегені? Елге билік аз ба еді?
Оппозиция оны қорғап тұр ма еді?
«Ермек тобын танымаймыз, білмейміз!»
Деп айтқанда: «Жан ашырлар кім дейміз?!

Беттен перде көсемдердің жойылды
Қазақ ақмақ сатқындармен сойылды!
Жиырма жылда сабырлық деп, қол байлап
Өз жағдайын жасап жүрді той тойлап!

Бала өседі, көкрек теседі, көсемдер
Қазақ елде таусылмайды, көріңдер!
Елмен жүріп, елдің көріп жағдайын
Өзгертуге жаңа буын тұр дайын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2010 17:53
Сарапшы болмай қалғыр!
тук білмесең тыныш аузыңды бақсаңшы!

Кімнен: Сұраушы
03.02.2010 06:57
Ұлтым, тілім, жерім, елім деп, 30 қаңтарда бірнеше мың адам қатысқан заңды митингте сөйлемек түгілі, атыда шықпаған, аты түгілі заты көрінбеген Қуанышәлі деген кесепат жігіт қайда жоғалып кетті екен?

Ол ең болмаса, шеруге шыққан "Арманшылдардың" да қатарынна қосылып, шеруге шықпапты.

Полицияға ұсталып, қамалып жатқандардың арасында да жоқ дейді.

Сонда ол не бітіріп жүрген оппозиционер, елін жерін қорғауға жұрт қатарлы атсалыспайтын болса?

Үлкен бір ұйым құрдым деп жүруші еді, ол қандай ұйым екенінде білмейміз. Өзі дұрыстап ұйымында қанша халық барын да айтпайды.
Өткен бір жолы билікті құлатамыз дегендей, біртеңке айтқандай болып, бірақ қалай құлататынын, алға қойған саяси жоспарын да ашып айтпай құпиялап қойды.
Уахабшылардың ұйымын құрып, біртеңкені бүлдірейін деп жүрмесе болар.

Бұрын қазақтың арасында ышпион жүре алмайды деуші еді, қазір не көп, ышпиондар көбейіп, екі қазақтың бірі ышпионға айналып кетті.
Қазір көрінгеннен секем алып, ышпион санап, қорқатын болдық қой.

Бірақ шынымен де қазақтың арасында ышпиондар жүре алмайды екен, біразын әшкерелеп, таза судың бетіне шығарып қойдық қой... .

Кімнен: Жадыра қызы Батима Қайдан: Алматы
04.02.2010 20:20
Сарапшы сіз айтқаныңыздың бәрі өтірік екеніне көзіңіз жеткен соң, түк таппаған соң, үтір-нүктемен ғана кінә тағайын дедіңіз бе? Мен ешқандай ұйымнан да, партиядан да емеспін. Деседе, Қазағымның мүддесіне қайшы келетін кез-келген жаңсақ көзғарастарды, масондық сайқал саясаттарды,айтпай тұра алмаймын.
Қасиетті ҚҰРАН кәрімде, әрбір мұсылман баласы әділетсіздікті, зұлымдықты халық алдында әшкере айтуы тиіс делінген. Үйткені нағыз мүмін мусылман адам жағымпаздықпен -жалтақтықтан, қорқақтықпен-ынжықтыққа әр кез бой ұрмайды. Ал атақ-абыройға келсек оны сіз Саудабаев, Кекілбаев ағарыңызбен бөлісерсіз біздер атақ пен абыройды алтынға орап берсе де, қазақтың муддесіне айырбастай алмаймыз.
     
Мәтін көлемі - +