Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:11

ӘЛЕМ

"Мерген мылтығының нысанасы - Рахат Әлиев" деп жазады Аустрия басылымы

Шетелде қуғында жүрген Рахат Әлиевті қолға түсірмек болған арнаулы қызметтің іс-әрекеттері әлі толастамағаны туралы Аустрия баспасөзі жазып жатыр. Венада қазақ дипломаттары сатып алған делінетін мерген мылтығына қатысты жанжал пайда болды.

Мәтін көлемі - +

ЕЛШІ  ХАБАРЛАМАЛАРЫ

Аустриялық «Фальтер» апталығы тамыздың 31-і күні жариялаған мақаласында Конституцияны қорғау жөніндегі федералды мекеменің қолына түскен «құпия деректер» Венадағы бұрынғы қазақ елшісі Рахат Әлиевтің көзін құрту мақсатындағы астыртын іс-әрекетке қатысты болуы ықтимал деп хабарлады. Сол үшін қазақ дипломаттары немістер жасаған арнайы мерген мылтығын сатып алған-мыс.

Басылым Аустрия арнаулы қызметі Венадағы Қазақстан елшілігінің кем дегенде екі дипломатиялық хабарламасын (депешасын) қолға түсіргенін жазады. Аустрия ішкі істер министрлігі «Астанаға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің штаб-пәтеріне жолданған құпия мағлұматтарды» Вена прокуратурасына тапсырған деп хабарлады газет.

Қазақ елшілігінің өкілдері енді ғана тұтана бастаған осынау жанжал мен соған байланысты қоғамда пайда болған сауалға дереу жауап қатып, аталған «елші құжаттарын» қолдан жасалған жалған деректер деп мәлімдеді. Қазақ жағы мұның артында Рахат Әлиевтің өзі тұр деп санайды.

«Фальтер» жазып отырғандай, кейбір «құжаттарға» қарағанда, Чехиядағы қазақ елшісі Вена арқылы Астанаға жіберу үшін снайперлік винтовка сатып алған. Ал Астана бұл мылтықты Рахат Әлиев бассауғалап жүр деп есептелетін Грекияға жібермек болған деген болжам айтылған.

Азаттық тілшілері осы мәселеге байланысты Чехиядағы қазақ елшісі Анарбек Қарашевтан немесе елшіліктің өзге қызметкерлерінен түсініктеме алу үшін Прагадағы елшіліктің қабылдау бөлмесіне телефон шалған еді. Бірақ елшіліктегілер аустриялық басылымда жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме беруге әзірше дайын еместерін айтты.


«МЫЛТЫҚ САТЫП АЛЫНҒАНЫ РАС»


«Фальтер» газеті болса қазақ өкілдері Грекияда Рахат Әлиевті тұтқындап, экстрадициялау мақсатында жергілікті билік арасында жедел ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген, егерде бұл әрекеттен ештеңе шықпаса, онда оны «залалсыздандыру» көзделген деп жазып отыр.

Қазақ елшілігінің адвокаты Рихард Сойер аустриялық басылымға берген түсініктемесінде снайперлік винтовканың сатып алынғанын растағанымен, бұл қару тек спорттық мақсатқа ғана арналған деп мәлімдеді.

Алайда «Фальтер» қазақ дипломаты сатып алған қарудың маркасы DSR 338 калибрлі снайперлік винтовка екендігіне дейін атап жазған. Газет осы іске тартылған аустриялық арнаулы қызмет өкілдері бірінің «қолға түскен құжаттармен» танысқанда «арқамыз мұздап қоя берді» деп айтқанын да сөзбе сөз келтірген.

Аустрия ішкі істер министрлігіндегілер егер жоғарыда айтылған жайттар дәлелденетін болса, онда мұны мемлекетік қылмыс деп бағаланатындығын айтып отыр деп жазады «Фальтер» басылымы.


АРНАЙЫ ТОПҚА АРНАЛҒАН ҚАРУ


Винтовканың сипаттамасы жазылған веб-сайттардың бірінде бұл мылтықтың қандай мақсатқа арналғандығы нақты көрсетілген. DSR-1 винтовкасын Германияның DSR-Precision GmbH фирмасы арнайы мақсаттағы снайперлік қару ретінде жасап шығарған.

Бұл винтовкамен немістердің терроршыларға қарсы GSG-9 элиталық тобы, сондай-ақ Еуропадағы тағы бірқатар елдерде полицейлер және антитеррорлық құрылымдар қаруланған.

Винтовкадан атылған оқтың нысанаға тию дәлдігі өте жоғары. 100 метр қашықтықтағы нысананы атқанда 5 миллиметрге ғана ауытқуы мүмкін. Ал оқ тиген жерінде көлемі бір жарым диаметрлік із қалады.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мурат Қайдан: Қазақ даласы
02.09.2010 08:08
+0 / -0
Алтынбек пен Заманбектің қатарына Рахатты қосқысы келеме?олар қоссада мен қатар қоя алмас едім......
Пікір алмасу

Кімнен: Айбек
10.09.2010 12:43
+0 / -0
Рахаттың Қазақстанның беделік түсіргеннен басқа, көтергені шамалы.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.09.2010 10:23
+0 / -0
Рахатқа бола мылтық сатып алғанша, әйеліне өлтірте салмай ма? Баяғыда Заманбек марқұм қайтыс болғанда Мақпал өлтірді депте айтып еді ғой, бұл билік. Мылтыққа шыққан шығынды әйеліне берсе қандай өлтіреді.

Кімнен: Шарасыз қазақ Қайдан: Қазақия
02.09.2010 14:30
+0 / -0
Жеке дәрігерді азғырғанша оданда осындай бір бентопка сатып алмай ма түрің құрығыр "южандар"!
Алаң-жалаңды қақ маңдайдан бір-ақ періп жалпайта салар едім өзім де, бірақ мені оның қасына кім жуытады?

Кімнен: Техас
02.09.2010 23:16
+0 / -0
о, шешең... шаруасын Шымкенттің жігіттеріне тапсыру керек еді...

Кімнен: Жамал апай Қайдан: Алтай
03.09.2010 12:51
+0 / -0
Шіркен-ай, сол бентопка Арыстың қолына түспей қор болып жүр ғой қайран ерің!
Түссе біразын ойсыратар еді, әттең-ай болғанда түспей тұр ғой!
Арекеңнің салдаман волгасынан басқа ештеңкесі болмаған соң да жігері құм болып, шарасыздықтан алжып кетейін деп жүр.
Ареке!
Жүнжіме, жүрме бос!
Алла жазса ондай бентопка да қолыңа тиер.
Сонда қоян атуға аңға шығамыз керек десең.
Пікір алмасу

Кімнен: Тастанбек
03.09.2010 14:52
+0 / -0
Жамал апай-ау, шамаңыз келіп тұрса сол бентопка құрығырды Арыс ағамызға әпере салмайсыз ба тәйірі!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.09.2010 04:50
+0 / -0
сатқын есек екнсыңой

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Кокшетау
06.09.2010 01:38
+0 / -0
Ал оқ тиген жерінде көлемі бір жарым диаметрлік із қалады.
------------------------------------------------
Мүмкін, "диаметрі : бір жарым сантиметрлік із" қалатын шығар

Кімнен: kubijik Қайдан: tokyo
13.09.2010 04:44
+0 / -0
karamakta Rahatpen oneng kayenjuragate arasenda kexirimsiz kayxelek ustemalep korinedi barxa jurtka,amaliyatta olar kazakstanneng iximen serte oz-ara astasep jatkan tonneng ixki bawenday bir tobening kaskerlare.senbesengder keyin koreyik----elding eleng ete tuskenin.

Назарға көп іліккен