Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:00

САЯСАТ

Назарбаевтың бір ауыз сөзі қазақ белсенділерін Қытай консулдығының алдынан бір-ақ шығарды

Бір топ қазақ белсенділері Қытайдың Алматыдағы бас консулдығының өкілдеріне петиция тапсыруға әрекеттенді. Олар миллион гектар қазақ жері Қытайға жалға берілуі мүмкін деген хабарға өз наразылықтарын білдіріп келді.

«Свобода Слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева мен «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай Қытайдың бас консулдығының алдындағы наразылық шарасында. Алматы, 11 желтоқсан 2009 жыл.
x
«Свобода Слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева мен «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай Қытайдың бас консулдығының алдындағы наразылық шарасында. Алматы, 11 желтоқсан 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +
ҚАЗАҚ ПЕТИЦИЯСЫ

Қытай миллион гектардан астам қазақ жерін ауыл шаруашылық мақсатында жалға алу туралы Қазақстанмен келіссөз өткізбек деген хабарға қарсылықтарын айтқан бірнеше белсенді желтоқсанның 11-інде Қытайдың Алматыдағы бас консулдығына келіп, оның қызметкерлеріне наразылық петициясын тапсыруға әрекет жасады.

Қытайдың бас консулдығының маңына шамамен 20 шақты адам жиналды. Бірақ олардан петицияны алуға консулдықтан ешкім шықпады.

Қытай тарапына арналған мәлімдемеде қандай желеумен болмасын, қазақ жерінің шетелдік иеленушілерге берілуі «ұлттың ашу-ызасын» тудыруы мүмкін екендігі айтылған.

«Біз Қытай Халық Республикасы үкіметінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы миллион гектар жер алқабын жалға алу мәселесін қоюдан бас тартуын сұраймыз. Қытай консулдығынан осы жолдаманы Қытай билігінің қаперіне шұғыл түрде жеткізуін сұраймыз», – делінген алматылық белсенділердің петициясында.

Өзгелермен бірге Қытай консулдығы ғимаратының алдына келген алматылық «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан
Қытайдың бас консулдығының алдына қазақ белсенділері бұл елге қазақ жерін жалға бермеу туралы талаппен келді. Алматы, 11 желтоқсан 2009 жыл.
Ерғалиева Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Шетелдік инвесторлар кеңесінде Қытайдың ұсынысы жайында айтуы бұл мәселені ендігі Ақорданың шешіп қойғанын білдіреді деп санайды.

– Онымен қоса, қазір төрт облыс – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында премьер-министр Мәсімовтың нұсқауы бойынша алдын ала толық жер кадастры жасалып жатқаны белгілі болып қалды. Яғни, біздің жерімізде бұрын-соңды өсіріліп көрмеген дақылдарды егуге қолайлы жерлердің кадастры жасалуда. Демек, әңгіме Қытай билігінің бізде ұйымдастырғысы келіп отырған плантациялары турасында болып тұр. Сол себепті, егер бұл ұсынысты президенттің өзі жария етіп отырса, демек, ол өте маңызды мәселе деп білеміз. Қытай тарапының ұсынысын қабылдамау керек, – деді Гүлжан Ерғалиева.

СЫЙЛАМАУ ЖӘНЕ ҚОРҚЫТЫП-ҮРКІТУ

Шараны ұйымдастырушылар бұл петицияның Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоға және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бірдей жолданатынын мәлімдеді.

«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай шараға қатысушыларға жүзін көрсетуді қажет санамаған Қытай консулдығы қызметкерлерінің бұл ісін Қазақстан қоғамының пікірін сыйламау деп бағалады.

– Біз оларға қонаққа келіп тұрған жоқпыз. Біз өз жеріміздің тағдырына алаңдаушылығымызды білдіру үшін келдік. Олардың бізге шықпауы – мүлде сыйламайтындығының белгісі. Қалай болғанда да біз Қазақстан азаматтарымыз ғой, олар бізге құлақ асуға тиіс, – деді Рысбек Сәрсенбай.

Наразылық шарасы кезінде оған қатысқандардың біреуін полиция қызметкерлері күштеп алып кетті. Бірақ, бірнеше минуттан кейін жас студентті қайта алып келді. Полиция қызметкерлерінің бұл әрекетін шараға қатысушылар қорқытып-үркіту деп бағалады.

Қытай консулдығы ғимаратының маңында бір сағат тұрған наразылық білдірушілер у-шусыз тарасты.

ҚЫТАЙ ЕЛШІСІ «МӘСЕЛЕДЕН БЕЙХАБАР»

Еске сала кетейік, биылғы 4-желтоқсанда Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылық мақсатында 1 миллион қазақ жерін сұраған Қытай үкіметінің ұсынысы жайлы хабарлады. Бұл жерде әңгіме Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде соя мен рапс дақылдарын өсіру жайында болып отыр.

Ал, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чэн Гопин сәрсенбі күні журналистерге өз елінің соя мен рапс өсіру үшін Қазақстаннан бір миллион гектар жер сұрап отырғаны жөнінен бейхабар екенін мәлімдеді.

Бұрын Қазақстанның Қытайдағы елшісі болған қоғам қайраткері Мұрат Әуезов бұл мәселеге қатысты Азаттық радиосына берген сұхбатында аталмыш хабардың қауіпті жаңалық екенін айтты. Оның пікірінше, Қытайдың қазақ жерін игеруге ұмтылуының астарында Қазақстанды отарлау қаупі жатыр.

12-желтоқсанда Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға екі күндік ресми сапары басталады. Қазақстан СІМ хабарлағандай, сапар шеңберінде Ху Цзиньтао мен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан – Қытай газ құбырының бірінші арнасын пайдалануға енгізу рәсіміне және екінші арнасындағы балқытып дәнекерлеу жұмыстарының аяқталу рәсіміне қатыспақ.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Адам Қайдан: Қала
12.12.2009 01:56
+0 / -0
Балық басынан шіриді. Бізді Аллаһ шірігендерден сақтасын, әмин.
Пікір алмасу

Кімнен: Алтай Қайдан: Астана
14.12.2009 12:57
+0 / -0
Қытайға Алтай сынды ата-бабамыздың жерін де бердік емес пе? Керісінше соны қайтарып алу керек. Ол қарақұрттарды есіктен қаратпау керек. Ал бүгінгі тексіз биліктің дәл осынысы ешқандай ақтауға келмейтін тарихи қылмыс болмақ. Нағыз сатқындық.
Пікір алмасу

Кімнен: ел
17.12.2009 15:04
+0 / -0
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған жерімізді өзге елге жалға беру НАМЫСЫМЫЗҒА ТАҢБА БАСҚАНМЕН БІРДЕЙ!!!!!!!

Кімнен: Жанболат
12.12.2009 07:55
+0 / -0
жерді бермеңіздер !!!

Кімнен: Ерлік Қайдан: Елден
12.12.2009 10:34
+0 / -0
атабабамыз талай құрбандықтар бере жүріп бізге жеткізген жерді бермеу былай тұрсын, сатылып кеткен қазба кендерін тіпті сүйемдей жерімізді қайтарып алу үшін күресейік ағайын! Бұл мәселені Шахановтың аксицсымен бірге қозғау керек деп ойламайсыздар ма?

Кімнен: АйТ САМАТ Қайдан: Ақтөбе
12.12.2009 12:06
+0 / -0
мына гақұбыры бойында қытайларлар орнығып алды.кез келген құбыр бойына кіре алмайсын.ал егер жер берсек тіптен бітті деген сөз.ана ұйғұрдын жағдайы бізді ойландыруы керек еді.бірақта біздін "зиалы қауым,басшылар" ойы бірнәпсе болса қазақстанды тастап оесейге,бақа жаққа кетеміз деген ой.ал ана жақта олардын өзі,ұрпағы бишара болатынын ойламайды.ана әбілхайырдйн ұрапғы нұралы уфада айдауда өлді,ералы сы,басқасы да жайсыз өлді.осына ойландар,қәзір сендерді өтірік көтереді.ал ертең құныдарын беш тиын ғұрлы болмайды.

Кімнен: Макпал Қайдан: Алматы
12.12.2009 12:14
+0 / -0
Әрине, күресу керек! Бас қосатын кез жеткен сияқты, ҚАЗАҚТАР!!!

Кімнен: Olzhas Қайдан: Shaikenov
12.12.2009 12:24
+0 / -0
NO

Кімнен: Арлан Қайдан: Астана
12.12.2009 14:14
+0 / -0
Р. Сәрсенбайдың бұл әрекеті - ерлік. Қытайға жер берсең одан түпкілікті айрылатыныңда сөз жоқ. Ал Ресейден келетін қауіпті неге айтпаймыз. Әлде ол - өзіміздің адам, өзіміздің туысқан ба?! Кедендік одақ - Кеңестік одаққа апармай ма? Ресейдің қолтығының астына қайтадан кіруімізге жол болсын?! Осыны неге талқыламаймыз?

Кімнен: батырхан Қайдан: актобе
12.12.2009 17:54
+0 / -0
біздың сенып журген атка мынерлерымыз енды жер сатуға кошпекшма?

Кімнен: myrza Қайдан: Karagandy
12.12.2009 18:25
+0 / -0
Jerdi aiyasundar ma? Berinder!
Ozimiz igermesek olar igersun! Olarda Adam goi biz sekildi, olar syragamanmen. Nege adam sherude shukty!
Пікір алмасу

Кімнен: караказактын баласы Қайдан: атырау
25.12.2009 00:53
+0 / -0
myrza.такен елимиздин ишиндеги онбагандардын ози екенсиндер,не себептен биз кытайга жер беруге тийстимиз,неге ресейден,озбектерден,туркменнен сурамайды--себеби олар жерин елин сатпайды,Мумкин сендер билмейтин шыгарсындар шет елге барин сатып,былай айтканда сатылмаган ештене калмады-енди журмиз оз елимизде оз жеримизде соларга кул болып.казыр 1 млн га беремиз,ертен 2млн га беремиз сонда озимизде не калады соны ойладындарма акымактар.кытайга сол керек жайлап-жайлап барлык жерди алганы.укимет басындагыларга барибир казыр барин сатып ертен тайып турады,оларга сенде менде халыкта керек емес.колдарында билик барда сатып калу керек сосын зытып туру керек

Кімнен: ел Қайдан: ақ
12.12.2009 20:34
+0 / -0
Кейін Қытайстан болып жүрмейік. Ресей мен Өзбекке берген жеріміз аздай..., 1,5 млрд...? оңай емес.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
12.12.2009 21:57
+0 / -0
Несіне Қытай халқынан үркесіңдер...Негізінде олар еңбекқор диқаншы ел...Жер берілуге тиісті болса, өздерінің қазақтығы жоғалып шүлдірлеп орысқа қыздарын беріп құда болып қауқылдасып бара жатқан аймақтардағы игерілмей жатқан жерлерді қытай ұлтына босатып беруге болады. Жаман Қазекең орыс болғанша қытай болып ес жисын. Ал Шымкент Қызылорда Атырау тағы басқа нағыз қазақтар тұратын жерлерді аман сақтап қалайық орекеңдерден де қытекеңдерден де...Неғұрлым орыстар басып бара жатқан жерлерге Қытекеңдер қоныстанғаны қауіпті емес...
Пікір алмасу

Кімнен: Бәкең Қайдан: Ақмоладан
13.12.2009 14:43
+0 / -0
Сен абайлап сойле
Север жақта орыстың қызын қазақ алмаса қазақ қызы орысқа тимейді
Сен одан да өзіңе қарап ал, екі жүз жыл бойы Хиуа ,Қоқан озбек пен туркімен әскерлері мен бектері қатын қылганы аздай енді қаптаган жезокшелер Астана вокзалын толтыруда, осы ма сендердің "қазақшылықтарың"?
Айтпайтын созді айтқызасың,кінә өзіңнен, бұдан да ауыр шындықты естігің келмесе аузыңа ие бол ТӘКЕ
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
13.12.2009 15:33
+0 / -0
құрметті форум оқырмандары,

сайт бетіндегі пікірталас кезінде бір-бірлеріңіздің көзқарас-пікірлеріңізге сыйластық, құрметпен қарауларыңызды өтінеміз. Ұлтқа, дінге, тілге, жынысқа, т.б. ерекшеліктерге қатысты ар-намысты қорлайтын ғайбат сөздерден аулақ болуды сұраймыз.

Форум ережелеріне қайшы келетін пікірлердің жарияланбайтындығын еске саламыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Бәкең Қайдан: Ақмола
13.12.2009 17:53
+0 / -0
Модератор
Тәкең дегеннің бүкіл бір регион қазақтарын қаралаған создері сіздерше ғайбат сөз емес пе?
Ключевой создерімді неге қысқарттыңыздар, ана Тәкең деген сұмырай білсін әңгіме кім туралы екенін
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
13.12.2009 18:09
+0 / -0
Құрметті Тәкең, Бәкең,

осы форумға белсенді қатысып келе жатқандарыңыз үшін сіздерге рақмет айта отырып, өзара пікір жарыстырғанда бір-бірлеріңізге құрметпен қарап, сыйластық танытуға тағы да шақырамын.

Кімнен: ел Қайдан: ақ
12.12.2009 22:41
+0 / -0
Кезінде Әбілқайыр қазаққа хан бола алмаған соң өз жұртын бөлектеген, содан кейін орысқа бодан болды. Ақыр аяғы не болды бүкіл қазақ орысқа бағынышты болды. Сен не қытайға солтүстікті бөліп беріп соңынан өзің берілмекшісің?. Тағы да 70 жыл күтесіңбе?

Кімнен: qazaq Қайдан: shetel
12.12.2009 23:38
+0 / -0
Құрметті редакция!
Мына айқын әбден шіріп бітті, өздерінің іріп шірігенімен қоймай, арттарынан қыңсылаған күшіктерін тастамайды, Асанәлінің (енді ағадан садаға кет) айтқандарына қаным қарайып отыр, ағайын!
Мен осы күні, 17 желтоқсан жақындаған сайын еліміздің зиялы қауымынан жиіркене бастадым. Көпке топырақ шашпа дейді, дұрыс та шығар. Десек те айтпасқа амалым жоқ, мына Жолжақснов, Нұрғалиев, Асанәлі Әшімов қазақ тілінен садаға кетсін, балаларының, немерелерінің обалына қалады, болашақ ұрпақ алдында жауапқа тартылатын күнге жетеді, сатқындарды! Назарбайдың құйыршықтары!

Кімнен: askar Қайдан: almaty
12.12.2009 23:46
+0 / -0
Take bilzhirama. Osidan bir neshe zhil burun Kitaiga zher satildi ma berildi ma, birak shekara bolu kezinde Taldikorgannin bir boligi endi kitadiki. Endi 10 zhil otpei tagi zher daui shikti. Namis kada, kazak sin goi, bauim. Eldi kazir kim baskarip zhur Masimov siaykti kitaizhandilar. Oian kazak, kazak elin kazak zherin kazaktar baskarip kazaktar eilenu kerek. Eldi bastaitin azamattarimiz, batirlarimiz kaida. Nureke el tizginin adal ultzhandi kazaktarga bosatatin kez kelgenine biraz uakit bolip kaldi goi. El ishinde bazin zhendiniz. Tabigatti zhene almassiz, zhasiniz bayagda keldi goi

Кімнен: Амантай кажы Қайдан: Алматы
13.12.2009 01:38
+0 / -0
Аттан! Аттан! Жердi бермеймiз! Мафия! Аттан! Аттан!!!!!!

Кімнен: USA Қайдан: ALASHE
13.12.2009 01:40
+0 / -0
f......y...u nazarbay

Кімнен: Alash Қайдан: Almaty
13.12.2009 02:08
+0 / -0
Ай Қазақтар қорқпаңдар, саспаңдар,бундай өсекті естімендер, елбасы бізді қазырға дейін жаманшылыққа алып келе қойған жоқ. бунын барлығы баспен ойлап келістіретін саясат, ел бас аман болса бізде аман боламыз, барлығы тусінікті қытайдың бізге деген түпкі ойы, оданша басымызды жинап елбасшыдан бүлікпей сабырлы мінезді болайық. ештеме бола қоймайды. қытайлар мақсатына жетпейді, былай олай деп сабырсыздық корсетпейік.

Кімнен: USA Қайдан: ALASHEҚазақғм
13.12.2009 03:00
+0 / -0
"жерді берген дген --- бас берген "!!!сендерді қытайларлар Назарбайдың құйыршықтары сатып Жеберып КетКенін былмей сың дер !!Назарбай сендерді қытайдың құлы болқызбақшма ???Назарбай -жоғалсын.
!!! Қазақ-жасасынын!!!Назарбай -жоғалсын.!!! Қазақ-жасасынын!!!Назарбай -жоғалсын.!!! Қазақ-жасасынын!!!

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА Қайдан: АСТАНА
13.12.2009 13:31
+0 / -0
Бұл НАН-ның жеткен жері. Ол ел басқарудан кетуі керек. Бүкіл ұяттан безген Жағымпаздары мен ұрсұлтанды аруақ атсын. Иісі Қазақ енді өз тағдырыңды өзің шешуге батыл түрде кіріс ! Бұл - қазіргі Қазақ мемлекетін басқару жүйесінің іріп-шірігенін көрсетеді. Қазіргі Президент пен Үкімет жұмыстан кетуі керек !!!...

Кімнен: Арман
13.12.2009 15:46
+0 / -0
мен өкіндіретіні қытай елшісінің алдына барған Гүлжан мен Рысбектен, олардың жанындағы оншақты адамнан, Қытай бір пұшпақ жерді алып алса бұл қазақ жерін отарлаудың бас екенін айтқан ғалым Мұрат Әуезовтан басқа ешкімге бұл мәселе керек болмады ма сонда? Қайда біздің зыялы деген ақын-жазушыларымыз? Әлде Әбіш Кекілбай секілді барлығының аузын жылтырақ темір, пәтер, қызметпен алып қойып па еді халқына опасыз бұл билік?
Пікір алмасу

Кімнен: Ескендір Қайдан: Астана
15.12.2009 00:15
+0 / -0
Жерді бермеген дұрыс. Шығыс Түркістанға бұл қарақұрттар кірген кезде өздерімен бірге шаруаларын алып келіп кірген. Оларға жаман жерді бергеннің өзінде, біраз жылдан кейін қайта жиналып жақсы жерлерді өздеріне иемденіп, қолға келтіріп алады. Осы жағынан тәжірибелері мол. Өйткені диқан халық ғой. Бізді батысқа көшіре салады олар, әлденіп алса. Ұйғырлардың қазіргі хал-ахуалы ертеңгі қазақтардың жағдайы болып жүрмесін.
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі