Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:03

ҚАЗАҚСТАН

Полиция 16-желтоқсанда Алматыда ұстаған жастардың арасында «нашақорлар» болғанын айтады

Алматыда 16 желтоқсанда ту ұстап, әнұран айтып келе жатқан жастарды көшеде ұстаған полиция «олар тәртіп бұзып, кейбірі есірткі қабылдаған» деп отыр. Жастар болса өздерін Республика алаңына жеткізбей ұстаған полициядан таяқ жегендерін айтады.

Күләш Байсейітова көшесі мен Абай даңылығының бұрышында тұрған полицейлер. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл.
x
Күләш Байсейітова көшесі мен Абай даңылығының бұрышында тұрған полицейлер. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

23 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ШЕРУДІҢ ІЗІМЕН


16-желтоқсан күні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына бара жатқанда ұсталғандардың бірі – Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3-ші курс студенті Аршын Нұрбақытұлы, Азаттыққа берген сұхбатында, сол күні өздерінің заң бұзатындай ешқандай өрескел іс-әрекет жасамағандығын айтады.

– Біз жол ережесін сақтап жүрдік. Жолдағы көліктер ең көп дегенде жарты немесе бір минутқа ғана тоқтап қалған шығар. Бірақ, Абылай хан даңғылымен жүріп Бөгенбай көшесінен жоғары өрлеген кезде бізді полицейлер қоршай бастады. Оны да елемей туымызды көтеріп, еліміздің әнұранын айтып, заңға қайшы келетін ешқандай әрекетке бармай келе жаттық. Абай даңғылына шыққан кезде оңнан да, солдан да, алды-артымызды орап, полицейлер қаумалап алды. Бізге: «Қайтыңдар!» деді. Біз қайтпадық. Олар қоршауды қысып, әй-шәй жоқ ата жауына атылғандай ту ұстап келе жатқан жастарды ұра бастады. Қалғанымыз жан-жаққа қаша жөнелдік. 20-дан астамымызды сол жерде ұстап әкетті. Полицейлер әдейі жол ережесін сылтауратып, бізді алаңға жібермес үшін тоқтатты, – деді Аршын Нұрбақытұлы Азаттық радиосына.

Аршынның айтуынша, ол содан бір күн бұрын өзі тұратын жатақханадан қалада тұратын туыстарының үйіне баруға сұранып шыққан
Жандос Бердімбетов 2009 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстанның туын ұстап Республика алаңына келе жатқанда өзін полиция ұстап әкеткенін айтады. Алматы, 17 желтоқсан 2009 жыл.
екен. Ал өзге балалар сол күні жатақханадан шыға алмай қиындыққа кезіккен, кейбіреулерге тіпті жатақханадан қашып шығуға тура келді, дейді студент жас.

Ал 16-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүріп ұсталған 29 жастағы тағы бір азамат Жандос Бердімбетов жастарды полицейлер бөлімшелеріне апарып ұрып-соғып, күш көрсетті дейді.

– Олар қолына ілінгендерін жерге сүйреп тұрып ұрды ғой. Мені де ұстап алып, апарып қамап тастады. Сосын жеке бөлмелерге апарып, тепкілеп ұрды. Туды ұстағаным үшін: «осы бәрін бастаған, осының көзін құрту керек» деп балағаттады, – деді Жандос Бердімбетов Азаттық тілшісіне.

Ешқайда жұмыс істемейтін Жандостың айтуынша, ол сол күні Талғардан Алматыға келіп, Астана алаңында болып жатқан мерекелік шараларды қызықтаған. Түстен кейін сол жерден бір топ жас әнұран айтып, орталық алаңға беттегенін көріп соларға қосылып кете барыпты.

«ОЛАР ТӘРТІП БҰЗЫП, КЕЙБІРЕУІ ЕСІРТКІ ҚОЛДАНҒАН»

Алайда полиция жастардың бұл айтқандарын толықтай жоққа шығарып отыр.

Алматы қаласы бойынша ішкі істер департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Абай Тұрысбеков:

– Олармен Алматы ІІД бастығы генерал-майор Ерлан Тұрғынбаевтың өзі сөйлесіп, мән-жайды түсіндіріп барып, босатты. Олар
Абай Тұрысбеков, Алматы қаласы бойынша ішкі істер департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі. Алматы, 17 желтоқсан 2009 ж.
ұйымдасқан түрде Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Абай көшелерінде жол ережесін бұзды. Көліктер тұрып қалды. Ешкім де соққыға жығылған жоқ, – деді желтоқсанның 17-күні Азаттық радиосына.

Сондай-ақ, полиция полковнигі шерулеткен жастардың кейбірі есірткі қабылдаған деп отыр.

– Оған қоса олардың араларында наркомандар да бар болып шықты. Үшеуі есірткіге мас күйі жүргендігі анықталды, – дейді ол.

Алайда, ІІД Қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары есірткі қабылдағандардың кімдер екендігін, оларға қандай шаралар қолданылатындығын айтқан жоқ.

Алаңға бара жатқанда ұсталған жастар өздерін енді әкімшілік жазаға тартуы мүмкін дейді.

Сол оқиға болған күннің ертесінде, 17-желтоқсанда, тағы бірнеше студентті полиция алып кеткені жайлы жастардың арасындағы айтылып жүрген әңгімені Алматы полицейлері жоққа шығарды.

Сәрсенбі, 16-желтоқсан күні түстен кейін Алматыдағы Астана алаңынан Республика алаңына, осыдан 23 жыл бұрынғы аға буынның ізімен, Қазақстанның мемлекеттік туын ұстап, әнұранын шырқап бармақ болған жастарды Абай мен Фурманов көшелерінің қиылысында полиция тоқтатып, күшпен тарқатып, кейбіреуін алып кеткен еді.

Сол күні көше тәртібін бұзған 29 жастың ұсталғандығы туралы кейінірек Азаттыққа Алматы қаласының әкімі Серік Сейдуманов мырза хабарлаған болатын.

Алматыда қазақ жастарының Мәскеудің саясатына қарсы бас көтергеніне биыл 23 жыл толды. 1986 жылы желтоқсанның 17-18 күндері Алматыдағы Брежнев (қазіргі Республика) алаңына шыққан жастар Қазақстанды басқаруға республикадан тыс жерден – Ресейдің Ульянов облысын басқарған – Геннадий Колбинді жіберген Кремльдің шешіміне наразылық танытты.

Совет өкіметі жастар толқуын милиция мен әскердің күшімен аяусыз басып-жаншыды. Оған қатысқандарды қуғын-сүргінге салып қатал жазалады.

Сол кездегі советтік ақпарат-насихат құралдарында Алматыдағы жастар толқуы «коммунистік жүйеге жат пиғылдылар мен маскүнем-нашақорлардың басбұзарлығы» деп сипатталды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: куәгер
18.12.2009 20:43
+0 / -0
бәсе, Азаттық мұны неге жазбады деп едім кеше, тілшілері жүр еді ғой сол күні. Полицияға бұйрық берген соң олар студенттердің қолдарын қайырып мәшинаға тиеп әкетті, түстен кейін шықты олар айғайлап әндетіп, Шаханов сөйлеп болған соң жұрт алаңда түске дейін болып тарап кеткен, ал Сейдуманов сол кезде аяқ астынан алаңда пайда болды бір топ нөкерімен, полиция басшыларымен. Сірә, билік қатты қорықтыау деймін сол күні жастар көтеріліп кете ме деп.

жастарды полицияның қалай ұстағаны мына жерде бар http://www.respublika-kaz.info/news/politics/6866/
Пікір алмасу

Кімнен: Мәдина
18.12.2009 21:39
+0 / -0
Время газеті де жазды, бірақ жастар біздің тілшімізге қарсы сөздер айтып, жолатпады деді ғой мақаласында Айымбетова. Сонда жастарды ұлтшыл пиғылда әрекет етті дегісі келді ме екен.

Кімнен: Жасұлан
18.12.2009 21:35
+0 / -0
Жарайсыңдар, жігіттер! Мен сендерді қолдаймын, шетте жүрмін оқуда, әйтпесе жандарыңда болар едім. 86 жылғы желтоқсанда да театрдың студенттері алаңға бастап шыққан дегенді естіген едім, нағыз намысты жігіттер сонда болды ғой.

Кімнен: Атыраулық қазақ
18.12.2009 22:14
+0 / -0
Адам баласы,"есірткі қолданған" деген менттардың айтқанына өлсе де сенбейді ғой. Олар биліктің шынжырдағы иттері емес пе,а?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2009 22:51
+0 / -0
Сондай-ақ, полиция полковнигі шерулеткен жастардың кейбірі есірткі қабылдаған деп отыр.

– Оған қоса олардың араларында наркомандар да бар болып шықты. Үшеуі есірткіге мас күйі жүргендігі анықталды, – дейді

МА, мына Турысбеков 1986 жендетердин урпагыма не? Создери де истери де 86 гой. Олар нашакор,мас деп урганы нагых жауыздык кой. Жигиттер сол куни полиция алып кетке ушин шагым жазып жибериндер,комекке уйымдарга барындар. Недеген сумдык! Олар оздери шеттеринен нашакор болган сон,сендер де солай болып корингенсиндер гой.

Кімнен: Қонақ Қайдан: Алматы
18.12.2009 23:27
+0 / -0
86ж. құрбандарға жапқан жалаларын қайталап жатыр ма? естерінен айырылғандарға ұқсайды. Сол қызметкер сымақтар жалақылары үшін аналарын сатуға дайын шығар! Әй сатып та жатыр ғой.
17 күні бес мыңға жуық казақ келді. енді ғана жиналған еді Шаханов қайтарып жіберді. қарайып қалдандарға еселеп тұрып полицейлер тағы әкелінді. Олардікі ақиқат болса кімнен қорқады??
айтылып жатқан сөзді естіртпес үшін бар дауыспен музыка қойды мау.....
Енді келіп Алаңды тазалағыш болып қалыпты ғой. Осы сылтаумен жай тұрған елді итеріп, бүлікті полицейлер өздері шығармақшы болды. Бұл арсыздарға сенбеңдер!! ол арақ пен наркотикті беру сол қызметкерлерден ғана шығады.Айтқандарының бәрі құйдай ӨТІРІК!!! Жүректерінде рухы бар жастарымызға қолдарының ұшын тигізуге қандай хақылары бар???? ӘӘӘййй 86-да да дәл қазіргідей нақақ жас қыршынынан қиылды емес пе? Ал қазір бізге кім қорған болады? Не өзгерді?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
19.12.2009 00:23
+0 / -0
Қандай да бір ел болмасын, өз жастарын көтеріп отырады....
Ал енді біздің мына сасық билік, баяғы 89 жылғы сөздерді қайталап отыр!!!!.... Осыдан-ақ белгілі емес пе?, мына билік тұрғанда өзіміздің халықты көтермесі ап-айқын....

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
19.12.2009 00:58
+0 / -0
Ұсталған жігіттеріміз кім екен, калай хабарласса болады?
меннің адресім aygerim2010@yandex.kz Полицейлердің үстінен міндетті түрде арыз жазыңдар! патриоттарымызды емес полицелерді соттату керек!

Кімнен: Ұлпан Қайдан: Алматы
19.12.2009 01:05
+0 / -0
86-шы жылы режимнің овчаркалары тура солай айтып еді, бірақ орысша "...кучка одурманенных хулиганов" деп. Сонда сонау жылдан бері өз пікіріңнің болуына, ұлттық рухқа бас ию, желтоқсан құрбандарын атауға да құқығымыздан айрылғанымыз ғой.

Кімнен: Semeiden Қайдан: KZ
19.12.2009 02:02
+0 / -0
Durys!
Men kazir Almatyda emespin. Birah estip kaunyp kaldym. Bular sonda 86 dagy jalalaryn kaitalap jatyr ma? Akymaktar! Ana palkovnik symak otirik aitady!

Кімнен: Asan Қайдан: Alman eli
19.12.2009 03:42
+0 / -0
Minau Shaqanov degen kim sonsha,ozi zhinap,ozi tarata beretin.Kimning kisisi ekeni korinip tur emes pe.Soghan senetin zhastargha obal eken.Basqa, zhoni tuzu zholbasshi kerek,arandatpai aqil beretin.Qazaqta tugel qurip qalmagan shighar.Aitpese zhurtting ostip aqimaq bolip zhurgeni

Кімнен: Албанның қызы Қайдан: Алматы
19.12.2009 10:28
+0 / -0
Сол күні мен де болдым алаңда бастан аяқ! Ең соңында бәрін ұстап алып кетті де, мен қалып қойдым! Бәлкім қыз бала деп тиіспеді ме екен.?! Ол жерде жастардың көпшілігі намазхан жастар болатын! Мен де намаз оқимын! Біразымен танысып үлгергенімде байқағаным сол болды! Сосын 86-дағы арандатуды ұмытпағандықтан бір-бірімізге арақ таратылуы мүмкін, ешкім спирттік ішімдікке жоламасын деп ескертіп жүрдік! Жасасын қазақ жастары! Ел шетіне жау тисе шығатын аз ғана топ бар екенбіз! Көбісі бас сауғалап шықпай қалды... Егер бұдан да көп болғанымызда, барі де басқаша болуы мүмкін еді!

Кімнен: Атыраулық Қайдан: Содан
19.12.2009 10:32
+0 / -0
Бұл иттер бостандық аңсаған қазақ жігіттерін нашақор, мас деп 86 жылғы әндерін бастады. Намысты жігіттер, ештеңеге қарамаңдар. Тарих бәрін орнына қояды. Тек кімдер сендерді қуғындады. соларды ұмытпаңдар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.12.2009 07:38
+0 / -0
Дұрыс айтасың, қазір техниканың дамыған кезі, бар жағдайды суретке түсіріп, мүмкіндік болса видеоға түсіріп алу керек.

Кімнен: 33779
19.12.2009 10:36
+0 / -0
айтылып жатқан сөзді естіртпес үшін бар дауыспен музыка қойды мау.....
Енді келіп Алаңды тазалағыш болып қалыпты ғой. Осы сылтаумен жай тұрған елді итеріп, бүлікті полицейлер өздері шығармақшы болды. Бұл арсыздарға сенбеңдер!! ол арақ пен наркотикті беру сол қызметкерлерден ғана шығады.Айтқандарының бәрі құйдай ӨТІРІК!!! Жүректерінде рухы бар жастарымызға қолдарының ұшын тигізуге қандай хақылары бар???? ӘӘӘййй 86-да да дәл қазіргідей нақақ жас қыршынынан қиылды емес пе? Ал қазір бізге кім қорған болады? Не өзгерді
Ал ендеше музыка койганы неси? Оданшна келген адамдармен, 86 жылдын курбандарына бас иип келген халыктын созин тындамайма. Халык карулы келген жок,колдарында гул,Казакстаннын туы,,ан ураны,оларды сонда неге урып согып турмеге жабады.

Кімнен: Албанның қызы Қайдан: Алматыдан
19.12.2009 13:32
+0 / -0
Мен сіздерге оқиғаның қалай болғанын бастан аяқ айтып берейін: Мен сол күні (16-сы) "Жаңа алаңға" сағат 12-лер шамасында бардым. Ол кезде алаңда адам мүлде аз екен.. Бірнеше қыз-жігіттер мен бірен-саран үлкен кісілерден басқа ешкім болмады. Сәлден кейін қолдарына Ту ұстаған оншақты бала келіп, Туларын жалаулатып әнұранды айта бастады... Мына көріністен толқып көзімнен қалай жас шығып кеткенін де білмей қалдым.. Өз-өзімді тоқтата алмай біраз жылап алдым! Бар екен ғой өр рухты жастар деп ойладым! Сосын өзім солармен бірге Ту ұстап суретке түстім. Бәріміз қосылып әнұранды тағы бір рет айттық та, сол топ "Ескі алаңды" бетке алдық! Жол бойы құқық қорғау қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлері біздерден бір елі айрылмай жүріп отырды. Абай даңғылынан өткеннен кейін бізге шамамен 100-дей полиция әскерлері мен ҰҚК қызметкерлері лап қойды. "Неге рұқсатсыз шеру ұйымдастырасыңдар? Көшеде неге ән айтасыңдар? Сендерге Ту ұстауға, ән айтуға кім рұқсат берді? Кім ұйымдастырушы?"-деп дүрсе қоя берді.. Біз болсақ:"..Әнұранды бүгін айтпағанда қашан айтамыз? Ата заңымыздың қай бабында жазылыпты, көшеде әнұран айтылмасын деп! Ұстасақ өз Туымыз..! Топ болып жүруге неге болмайды?! Біз бүлікші топ емеспіз! Бүгін мейрам! Өз ұлтымыздың мейрамында қалай шаттануға да еркіміз бар!"- деп жауап қайтардық... Олар не деп тиісерлерін білмей сол жерде қалып қойды. Бірақ "ән айтпайсыңдар, Ту да ұстамайсыңдар! Болмаса басқаша сөйлесеміз!"-деген талап қойды... Біз ары қарай үн-түнсіз ескі алаға кеттік! Ескі алаңға жақындағанда Е.Құдайбергеновтың орындауындағы Ж.Молдағалиевтың "Мен Қазақпын" әнін бір жас бала орындап жатыр екен! Біздің Ту ұстаған жастар "Қазақстан! Қазақстан!"-деп ұрандатып ескі алаңға лап қойды. Сол мезет "Мен Қазақпын"әнін үзіп, сахнаға жын-шайтан орысша ән айтқан төрт-бес ұл-қыз жүгіріп шықты... Халық оларға тұтатқыш (зажегалка), қалам сияқты нәрселер лақтырып, сахнадан қуып шықты..! Сосын бәрі хормен "Ерболат! Ерболат!"-деп айқайлай бастады. Сахнаға "Мен Қазақпын!" әнін орындаған бала қайта шықты! Шамамен 1 сағаттай алаңда ұрандатқан жастар, қайта "Жаңа алаңға" бет алды. Не де болса жастарға бір нәрсе боларын сезіп, не көрсем де солармен бірге көрейін деп, соңдарынан ердім! Мақсатымыз қала көшелерінде ЖАЛАУЫМЫЗДЫ желбіретіп, ӘНҰРАНЫМЫЗДЫ айтып, ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ рухын көтеру болды! Кілең жігіт, екі-үш қана қыз болдық. Біздің топ Абай даңғылымен бұрылып, Фурманов көшесімен жоғары өрлеп келе жатқанда, арқасында "СОБР" деген жазулары бар, оперативті топ бізді домалақ қылып қоршап алды... Сосын бірте-бірте қыса бастады. Ақырында қоршауды бұзып қашып шыққылары келген жастардың арқаларынан бір-бір сабап, қолдарын қайырып, алдын-ала дайындап қойған автобустарға тией бастады... Мені көшедегі көп жүргіншінің біріне балады білем, ешкім тиіспеді. Айналасы 1 минутқа жетпей, Француз үйінің алдында ешкім қалмады. Не істерімді білмей тұрып қалдым да, қайта Жаңа алаңға бет алдым! Ол жақта да ешкім болмады. Сағат бұл кезде шамамен 16-ға таяп қалған болатын. Амалсыз басым салбырап үйге қайттым! Ертесі Жаңа алаңға тағы бардым. Сол жерде біраз өнерде жүрген жігіттермен бірігіп, ұсталған жастарды іздеуге кірістік... "Бостандық ауданына апарыңдар!"-деген бұйрықты өз құлағыммен естіген едім. Сол ауданның РОВД-сынан бастап біраз жерге барып, жастарды еш жерден таба алмадық! Бәлкім босатып жіберген болар?! Менің бар білерім осы!

Кімнен: Кайрат
19.12.2009 17:03
+0 / -0
Билік шынында 16-17 желтоқсан күннен қорқады. Сол күні барлық мемлекеттік мекемелерге қатаң тәртіп орнатылды. Кезекшіліктер қойылды. Өзім де мемлекеттік қызметкермін. Бірдеңе боларын ішім сезді.
Дегенмен, жастар жарайсыңдар! Казіргі билік іштей іріген, сыбайласкан. Мен мемлекеттік қызметкер ретінде іште жүргесін білемін, әрі мойындаймын.
Бүгінгі кір басқан биліктен арылу керек!

Кімнен: жандос
19.12.2009 21:33
+0 / -0
ал маған сол жастар біртүрлі күдікті көрінді, олардың ұйымдастырғандар болмады ма екен?

Кімнен: қорған
19.12.2009 22:50
+0 / -0
жатақханадағы қазақ жастарының орындауында Әнұран:

http://www.youtube.com/watch?v=OsImDMfGZGQ

биылғы жылы Алматыдағы барлық жоғары оқу орындарында 16-17-18 желтоқсанда студенттерді ауылға қайтарды, сол күндері екі үш сабақтан срочно емтихандар ұйымдастырды, көптеген жатақханадарда студенттерді сыртқа жібермей қамап ұстады.

Кімнен: Манар
19.12.2009 23:00
+0 / -0
Қазақстанның қоғамдық ұйымдары мен партиялары басшыларының назарына!
Құқықтық,демократиялық қоғам құруда екенін дүниежүзіне әлдеқашан әйгілеген Қазақстан Республикасы ОБСЕ-ге төрағалық ету қарсаңында адам құқықтарының аяқасты етілуіне жол беруде. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, 2009 жылдың 16-17 желтоқсан күндерінде, Алматы қаласында ЖОО басшылығы тарапынан студенттерге Орталық алаңға бармау жөнінде негізсіз талап қойылып, конституциялық құқығына қол сұғылған, кейбір ЖОО-да студенттер жатақханаға қамалып тасталған, Алматы қаласы бойынша ішкі істер департаменті қызметкерлері Республика алаңына топталып бара жатқан негізінен ұлты қазақ жастарды қандай да бір себеп-салдарсыз тоқтатып күшпен кері қайтарған. Түрлі дерек көздері бойынша, 29-60 адам полиция бөлімшелеріне еріксіз апарылған, олардың біршамасына тәртіп сақшылары әдепсіз сөздер айтып, ар-ожданын қорлаған, кейбіреулерін соққыға жыққан. ҚР Тәуелсіздік күні мерекесінде Республика алаңына барған немесе баруға талаптанған жастарға енді жұмыстан, я оқудан шығарылу, өзге де жазалау шараларына ұшырау қаупі төніп тұр. Мұндай жайттар 16-17 желтоқсан күндерінде және одан кейінгі күндерде Қазақстанның Алматыдан өзге қалаларында да орын алуы мүмкін.
Демек, осы оқиғаға құқықтық-саяси баға беру жөнінде қоғамдық комиссия құрылып, оның жұмысына адам құқығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдардың сарапшылары, құқыққорғаушы заңгерлер, өзге де мамандар тартылуға тиіс. Комиссия қорытындысы ОБСЕ-нің тиісті комитетіне ұсынылып, жұртшылыққа жария етілуі керек. Полиция қызметкерлері, ЖОО мен еңбек ұжымдары басшыларының заңсыз іс-әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, партиялық жаза белгіленуге тиісті, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің іс-әрекетіне саяси-құқықтық баға берілуі керек. Ал осы оқиға барысында заңсыз қамауға алынған, соққыға жығылған, ар-ожданы қорланған, конституциялық құқына қол сұғылған және өзге де зорлық-зомбылық түрлерін көрген азаматтар толық ақталып, оларға сот шешімімен морольдық зардап шеккені үшін өтемақы төленуге тиісті! Керісінше жағдайда адами құндылықтар аяқасты етіліп, заң талаптары өрескел бұрмаланған мұндай оқиғалардың Қазақстан Республикасында қайталануы жиі көрініс беріп, мемлекет өзінің құқықтық, демократиялық қоғам құру бағытынан мүлде ауытқып кетуі ықтимал.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.12.2009 07:45
+0 / -0
Сөздің қысқасы НАН-ның туған күнінде алаңға шықсаң полиция аулақ жүретін шығар?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2009 03:24
+0 / -0
1986 жылғы "нашақорлар мен алқаштардың" жандармдардың тепкісінен кейін туылған балалары да сондай болғаны ма? Солай айтуға қалай ауыздары барады тексіздер. Сотқа беру керек. Бәрін тексертіп, анықтатып, дәлелмен сотқа тапсыру керек. Халықты жазықсыз қорлағанның көкесін көзіне көрсету керек.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
20.12.2009 08:58
+0 / -0
Нашақорлар ұсталған болса, нашақорлықпен күрес неге алаңнан басталмақ екен.. Нашақорлықпен күресті көк жағалылар мандытпай жүрген сияқты..Жоғары жаққа баяндама жасағанда өйттік бүйттік деп жатады. Ендеше 16-17 сінде мұншама нашақор ұсталған еді деп газеттерге ресми түрде жаряланып та қалар...
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі