Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 15:22

ӘЛЕМ

Жемқорлық дауына қалған Тимур Құлыбаевты «Форбс» миллиардерлер тізіміне енгізді

Ерлі-зайыпты Тимур және Динара Құлыбаевтар «Форбс» журналының миллиардерлер тізіміне қайта оралды. Осының алдында ғана Тимур Құлыбаевтың атына «20 миллиард доллар ақша жеді» деген айып та айтылған еді.

Мәтін көлемі - +

«Форбс» журналы әлемдегі ең бай адамдарды 24-ші мәрте санап шықты. Мексикалық магнат Карлос Слим Элу 53,5 миллиард доллар дәулетімен әлемдегі ең бай адам атанды. Мексикалық магнаттан жарты миллиард доллары кем Билл Гейтс рейтингте екінші орында тұр. 47 миллиард доллары бар Уоррен Баффет үшінші сатыға жайғасты.

1011 миллиардердің арасында Қазақстанның жеті тұрғыны бар.

ВЛАДИМИР КИМ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ БАЙ АДАМ

«Қазақмыс» корпорациясының басшысы Владимир Ким Қазақстанның ең байы адамы атанды. «Форбс» журналының биылғы есеп-қисабы бойынша, оның дәулеті 3,7 миллиард долларға бағаланып отыр. Ким бай адамдардың әлемдік рейтингінде 247-ші орында тұр.

«Өткен жылғы нарық дағдарысы салдарынан дәулеті бес есеге азайған мыс өндіруші "Қазақмыс" басшысы Ким миллиардерлер санатына қайта қосылды» деп жазды «Форбс».

Әлемдік журналдың миллиардерлер тізімінде 2005 жылдан бері аты аталып келген Владимир Ким «Форбстың» 2009 жылғы есебіне енбей қалған-ды.

Мыс магнатының аз уақыттың ішінде қомақты қаржы жинап үлгеруін «Форбс» қазақстандық қор мен қытайлық компанияның көмегі арқылы жүзеге асты деп атап көрсетеді.

«Жақында компания, мыс өндірісін ұлғайту мақсатында, Қытай даму банкі және Қазақстанның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан 2,7 миллиард доллар кредит алды» деп жазды «Форбс».

ЕУРАЗИЯЛЫҚТАР: МАШКЕВИЧ, ШОДИЕВ, ИБРАГИМОВ

Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы (Eurasian Natural Resources Corporation) қожайындары Әлиджжан Ибрагимов, Александр Машкевич және Патох Шодиев бай адамдар тізіміндегі жағдайларын біршама жақсартқандығы байқалады.

«Форбс» олардың әрқайсысының дәулетін 3,3 миллиард долларға бағалады. Үшеуі де рейтингте 287-ші орынға жайғасты.

Әлемдік журнал Машкевич, Шодиев және Ибрагимов триосы «Қазақстанда таукен-металлургиясы империясын» құрды деп атап көрсетті. Сонымен бірге «Форбс» компанияның өткен жылы шамамен миллиард долларға Орталық Африка тау-кен және зерттеу компаниясын сатып алғандығына тоқталып өткен.

Қазақстанда тұратын Израиль азаматы Александр Машкевич, «Форбс» журналының есеп-қисабы бойынша, Израильдің ең бай миллиардері атанды.

НҰРЖАН СҰБХАНБЕРДИН

Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі - «Қазкоммерцбанк» компаниясының негізін қалаушы әрі басқарма төрағасы Нұржан Сұбханбердиннің дәулетін «Форбс» журналы 1,1 миллиард долларға бағалады. Сұбханбердин - әлемнің 880-ші бай адамы.

Халықаралық журнал келтірген мәліметтерге сүйенер болсақ, «Казкоммерцбанк» өткен жылы үкіметтен шамамен 1 миллиард долларға жуық қаржы алды, соның есесінен Сұбханбердин миллиардерлер тізіміне қайтадан еніп отыр.

Банктің «Орталық Азия инвестициялық компаниясындағы үлесі арқылы Қазақстанның мұнай және газ, энергетика, телекоммуникация, көлік және медиа саласында мүддесі бар» деп келтірді «Форбс».

Сонымен бірге «Форбс» Нұржан Сұбханбердиннің тағы бір қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевпен бір университетте оқығандығын атап өтуді де жөн санапты.

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ҚҰЛЫБАЕВТАР

Ерлі-зайыпты Тимур және Динара Құлыбаевтардың әрқайсысы 1,1 миллиард доллар дәулеттерімен «Форбс» рейтингіне қайта кірді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы өткен жылғы тізімге кірмей қалған еді. Бұл екеуі Халық банкіне қожалық етеді.
"Kazenergy" қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев Астанадағы энергетикалық форумда. Астана, 25 қыркүйек, 2009 жыл.


Құлыбаев мемлекеттік және жеке компаниялардың басшылығында отыр. Ол «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасының орынбасары, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстан темір жолы», «Самұрық Энерго», сондай-ақ KazEnergy коммерциялық емес ұйымының басшысы қызметін атқарады.

Халықаралық журнал «Самұрық-Қазына» ұлттық қорының өткен жылы Халық банкке 600 млн доллар бөлгендігін, соның арқасында ерлі-зайыпты Құлыбаевтар байлардың рейтингіне қайта оралғандығын атап көрсетті.

«Форбс» Құлыбаевты миллиардерлер қатарына оны үлкен көлемде қаржы жеді деп айыптап жатқан сәтте қосып отыр. Назарбаевтың күйеу баласына қарсы айыптардың авторы – БТА Банктің бұрынғы басшысы, қазір Қазақстаннан тыс жерде жүрген Мұхтар Әблязов.

Ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың «соңғы бірнеше жыл көлемінде елден ұрлаған қаржысы 20 миллиард доллардан асады» деп мәлімдеді.

Тимур Құлыбаев бұл айыптауларға қатысты пікір білдіруден бас тартып, барлық деректерді тексеру органдарына тапсырдық, солардың жауабын күтейік деген еді Азаттық радиосына ақпан айының басында берген қысқа-қайырым сұхбатында.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: пенде Қайдан: атырау
11.03.2010 22:24
+0 / -0
молаға сол ақшаны алып кетсе ғо шіркін
Пікір алмасу

Кімнен: Кенжебек Қайдан: Сарысудан
12.03.2010 01:56
+0 / -0
Молаға алып кеткені несі ей өз ақшамызды қалай беріп қойып қарап отырамыз а. бұл ақшалардың бәрін қайтару керек бізге одан да соны ойлайықта.

Кімнен: Asan Қайдан: Alman
11.03.2010 22:43
+0 / -0
Eng bai ' qazaq' Mittal umit qalipti
Пікір алмасу

Кімнен: Мәулен
11.03.2010 23:40
+0 / -0
Миттал қазақтың қойнауын сіміріп жатқанымен оның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.

Кімнен: Еркінай Қайдан: Алматы
12.03.2010 01:16
+0 / -0
Миттал әлемдегі ең көп коррупцияланған елде бизнесін жүргізеді деген сөз рас па? Олай болса Кулыбаев мырза неге онымен істес болып жүр?
Пікір алмасу

Кімнен: Zara Қайдан: turkey
18.03.2010 21:43
+0 / -0
siz oz suragynyzga ozynyz jauap beryp tyrgan siyaktysyz)))

Кімнен: Революционер
12.03.2010 01:25
+0 / -0
Біздерге революция жасау керек.Қазақ революциясы.

Кімнен: Ержан Қайдан: Астана
12.03.2010 01:55
+0 / -0
Әй, қазақтар-ай! Қайта қазақтардың әлеммен терезесі тең, бай болғандығына қуанбайсыңдар ма, балақтары мен етегінен тарта бермей..
Пікір алмасу

Кімнен: Zara
18.03.2010 21:46
+0 / -0
Sol bailykty dyrys koldansa eken deimyn-au)))

Кімнен: Asan Қайдан: Alman
12.03.2010 02:51
+0 / -0
Sonda Mashkevish tughan uling boldi ghoi

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
12.03.2010 10:08
+0 / -0
Адамбаласына Алланың тағдырына байланысты , түрлі - түрлі байлықтар табылады . Бірінші байлық - денсаулық , екінші байлық - ақжаулық ,... дегендей . Ал мұның себебі де әр қилы ғой . біреу өз еңбегімен табысқа кенеледі . Тағы бір неме ұрлық , жемқорлықпен елдің хұқын талан таражға салады да тоқал алып не тамырласып дүниеде талтаңдаған болады . Бірақ денеге клеткалар қордаланғанда рак дерті қозғандай , бұл дүниелер де қожайынымын деп жүрген сұммрайдың сорын қайнатқаны күтпеген жерден айқындалады . Тым құрығанда әлгі бай патшалар мал -мүліктерінің құлы болып жүргенін фәниден қол үзгенде білсе керек . Сондықтан , шарйғат , заң бойынша табыстың адал болған жағдайда да оның салық - зекетін төлеп тазарту керек болған . Қарынбайларлардың зекетсіз малдары сүндетсіздерге бұйрып жүргені бұрыннан келе жатқан үрдіс екені сөзсіз шындық .Тоқсан сөздің тобықай түйіні , билік бишігі қолында тұрған орындар ел қазынасына аманат деп қарап оны қарға құзғындардан қорғауы парыз .

Кімнен: Қала баласы Қайдан: Қазақстан
12.03.2010 10:16
+0 / -0
Ең көп миллиардер АҚШ-та екен. олар мұнымен мақтанады, ал бізде қалай біреу байыса екіншісі кері тартып, көре алмайды. форбс тізімін беріпті, енді қара да отырыңдар, барлық қазақ жалпы қазақстандық БАҚ-тар осыны беріп, масқара масқара деп жамырай бастайды. бізде заң жетік емес, ақылы жетіп, заң мен тәртіптің кетігін тауып байыған олар кінәлі ме? жасай алсаң жаса, байы!оның несі жаман! қазакемді осы ынжықтығы құртады... Ким мим, Шодиев подиев, Құлыбаев мұлыбаевтар жасай беріңдер!

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
12.03.2010 11:32
+0 / -0
"Forbes-тің" жазғанына қарасаңыз "Тимка" 20 млрд доллар ұрлаған адамға ұқсамайды ғой.
Бар жоғы "1,1 млрд ақ доллар"!!!! Басқалардың ақшасына қараңыз да, "Тимкаға" қараңыз. Кедей ғой, кедей! Бейшара ай...
Жейтін нанын таба алмай отырған шығар. Амал жоқ, сосын ақша ұрламағанда қайтсін...

Кімнен: Asan Қайдан: Alman
12.03.2010 22:49
+0 / -0
maulen,sen ishtartip otirghan Mashkevish Izraiil azamati,Shodiev Belgia azamati,qazaqti satqan Nazrbai Qazaqstan azamati sanaladi,biraq Mittal siaqti qansha zhalmap zhatqanimen oning da Qazaqstangha qatisi zhoq

Кімнен: Aibek Қайдан: Atyrau
13.03.2010 02:24
+0 / -0
Қайран қазағымның байлығы ұстағанның қолында тістегеннің ауызында кеткен

Кімнен: Мәрт жігіт Қайдан: Шымкент
22.03.2010 12:38
+0 / -0
Ей, Тимур 20 млд-ты "Самұрық"-қа қайтарып, мәрт жігіт атанбайсын ба? Ақша деген қолдың кірі, оны тыға бергенше ел игілігін көрсін.әсіресе қазақтар!

Назарға көп іліккен