Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:16

ҚАЗАҚСТАН

Мұхтар Әблязов Тимур Құлыбаевты әшкерелейтін құжат көшірмелерін Қытай билігіне жолдады

Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қатысты әшкерелеуші құжаттарды Қытайдың мемлекеттік орындарына жолдаған Мұхтар Әблязов өз хатында ресми Бейжіңнен «Құлыбаевқа пара берді» деп таныстырған қытайлық корпорациялардың басшыларын жазалауды сұраған.

Мәтін көлемі - +
«БТА Банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Қытай билігіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың қытайлық корпорациялардан пара алған делінген фактіні тексеруін сұрады. Әблязовтың хаты Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның, сондай-ақ сол елдің бірқатар мемлекеттік органдары басшыларының атына жазылған.

Дүйсенбі күні жарияланған жолдауында Мұхтар Әблязов «Қазақстан үкіметі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы акцияларының тұйықталған пакеті сатылатындығын жариялаған соң CNPC оффшорлық CNPC International (Caspian) Ltd кәсіпорынын құруға мәжбүр
Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев.
болды, оның 49 пайыз үлесі кейін Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы оффшорлық Darley Investment Services Inc компаниясына бар болғаны 49 долларға сатылды» деп жазды.

Әблязовтың мәліметі бойынша, «кейін бұл 49 пайыз үлесті CNPC және оның құрамдас бөлімдері сатып алды, екі келісімшарттың аясында Darley Investment Services Inc жалпы көлемі 165,9 миллион доллар төледі».

Сондай-ақ, Мұхтар Әблязов Қытай басшылығының әділдігіне сенім білдіре отырып, мәлімдемеде көрсетілген «қытайлық компаниялардың бірқатар басшыларының заңды және моралдық-этикалық ережелерді өрескел бұзғандығын айғақтайтын құжаттардың көшірмесін» жолдағандығын мәлім еткен.

Бұдан бөлек, топ-менеджер қытайлық компанияларды айыптауды мақсат тұтпағандығын баяндай келе, «бұл қылмысты жекелеген тұлғалар өзінің корпорацияларының Қазақстан аумағындағы бизнес-мүдделерін ілгері жылжыту мақсатында жасады» деп есептейтіндігін, сондай-ақ «Қазақстан президентінің күйеу баласы ретінде республикада зор ықпалға ие Тимур Құлыбаевтың қысымына қарсы тұра алмаған» деп атап көрсеткен.

Мәлімдеме соңында Әблязов «құжаттардың көшірмесі ҚХР-ның құқық қорғау органдарына пара берушілерді анық және қатаң жазалап», осы әрекеті арқылы Қытай басшылығының сыбайласқан жемқорлықпен күрес саласындағы бағытын тағы бір дәлелдейтіндігіне сенім білдірген.

Бұған дейін Әблязов сөз болып отырған құжаттардың көшірмелерін Қазақстанның билік органдарына жолдағандығын жариялады.

Топ-менеджер осы жылы қаңтар айында Азаттық радиосына берген сұхбатында «қазір менің қолымда, сөз жоқ, анық, сенімді деректер бар. Егер Құлыбаев мырзаның күмәні болса, қазақ банкі сияқты мені Англияда сотқа беруі керек» деп мәлімдеген болатын.

Алайда Қазақстан билігі Әблязовтың компраматтарына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Тимур Құлыбаевтың хатшылығына хабарласқанымызда, кеңседегілер оның екі аптаға жұмыс бабымен шетелге шығып кеткендігін және 8 ақпанға дейін Қазақстанда болмайтындығын айтты, сол себепті Құлыбаевқа қояр сауалдарды алдын-ала жазбаша түрде жолдауын сұрады.

Қытай басшылығы Мұхтар Әблязовтың ашық хатына байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл мәселеге қатысты ресми Бейжіңнің ұстанымын білмек болып Астанадағы Қытай елшілігіне бірнеше мәрте телефон соққанымызбен, бұл әрекетімізден нәтиже шықпады.

Қазақстан полициясы 2009 жылы Әблязовқа халықаралық іздеу жариялады. «БТА Банк» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасына ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды деп айып тағылғандығы хабарланды. Алайда Әблязовтың өзі бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: zheltocsan Қайдан: Қызылорда облысы
01.02.2010 21:38
+0 / -0
жарайсыз Мұха! Бір бірлеріңізге аяушылық болмасын! Ұрыларды негұрлым барынша әшкерелеңіз, жасаған қылмысыңызға байланысты берілетін жазаңыз да соғұрлым жеңіл болады.

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА
01.02.2010 22:24
+0 / -0
Назарбаевтың билік жүйесі, келімсектерді есіртіп, Қазақты тұқыртып ұстау саясатының арты ашылып қалды. Қазір ел арасында және ғаламтордағы ақпараттар Т.Құлыбаев және К. Мәсімовтардың ойындарын хабарлайды. Олар Елдің келешегі мен ұрпақ қамын ойлап отырған жоқ. Өйткені, олар қазақтың Тілі мен Ділі түгіл, қарапайым дәстүр-салтын да түсінбейді. Міне, осындай рухани жарымжан жандарды Ел билігіне әкелу Назарбаевтың қазаққа деген жанашымастығын көрсетеді.

Кімнен: Уждан
01.02.2010 22:27
+0 / -0
Біздер өз қадырымызды өзіміз түсінбей жүрген Елміз ! Мұның ең негізгі себебі, сонау Хандық заманнан бері Ханы - халқын қастерлемеген, өйткені олар өздернің Тегін - қоластындағы жұрттан бөлектенген. Міне осынау тарихи КАРМА бүгінге дейін жалғасып отыр. Қазіргі Назарбаев басқарған Өкіметте - Қазақ халқының қамын ойлап отырған жоқ. Бұлар да бұрынғы Хандар тәрізді - өз бастарының қамын, өз құлқындарын ойлаудан аса алмай отыр. Осы құлдық психологияның салдарынан, Үкімет басындағылар ( ауыл әкімінен бастап, мекеме басшылары мен Президент, Минстрлерге дейін ) өз халқын ҚАСҚЫРША ТАЛАП отырса, сырттан келген ЖЕМіРЛЕРДЕН пара алып, олардың Ел мен Жердің байлығын СҮЛІКТЕЙ СОРҒАНЫНА жол беріп отыр.
Қашанда халық боп қауымдаса беретін жұртты, ҰЛТ ЕТІП ҰЙЫТАТЫН тек Үкімет екенін түсіне алмай жүрген БАСШЫ сымақтар, мінеки Тәуелсіздік алған 20- жыл өтсе де, бүгінге дейін Ұлттық идеологияны әдейі жасамай отыр. Қазаққа мұндай үкіметтің қажеті қанша ? Оларды - Халық сайлады емес пе ? Тіпті, бұл оспадарсыздардың асып-тасқандығы сонша ма, бейне "Үкімет басы" болуды, Әкелері мұраға қалдырғандай сезінеді. Ендеше, иісі Қазақтың баласы ертеңіңді ойламай болмайды. Дана халқымыз айтқан; " Бас кеспек болсада, Тіл кеспек жоқ" деген ғой. Мұны анау Назарбаев тобына жаным ашығаннан да айтып отырмын. Бауырларымыздың ары, ұяты оянып азаматтық шешімге келіп, әлі де мынау соры қайнаған жұртын дұрыс басқарып, келешекте пенде пиғылдан да үлкен мақсат барына ұмтылар деген үміттемін...

Кімнен: ТОР
01.02.2010 22:51
+0 / -0
Саясаткерлер айтқандай, осы тартыстың соңында "жас түркілер" жеңіп шығады-ау. Жеңіп шықпаған күннің өзінде билікке мініп алғандарды біраз шайқап өтсе, кейін өңгеріп түсіруге жеңіл болар. Мұха, қорықпа, білген-білмегеніңді жариялай бер!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2010 05:18
+0 / -0
ой, сорлы немелер , енды қытайға келып ,к...тін тыққан екен ғой, өзі де осы керек қытайға. бірыңды-бірыңе салады да отырады.
не боп барады жағдай ?
Қытекеңдер деп жыртып жатыр екен

Кімнен: Ара Қайдан: аршалы
02.02.2010 09:23
+0 / -0
"белгісізден би шығар, белдеусізден үй шығар" деп дана халқымыз бекер айтпаған. шетінен тексіз, тойымсыз қорқау қасқырларды тәубесіне келтіретін, қатал мінезді, темірдей тәртіп керек. бұл тәртіпті жүзеге асыратын тастүлек ұлан керек. құлдық сана-сезімге бой алдырмаған, ұлттық рухы биік, халықаралық деңгейде, мемлекеттік басқару мамандығынан білім алған, өжет мінезді, қайсар, ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын, ары да, жаны да, таза,шетелде туылған, ұлты қазақ азаматын Президенттікке тағайындау керек. бізге, қазақ халқына, өз елін тығырықтан алып шығатын, ірі реформатор керек.шеттен келген қандастарымыздың арасында, мемлекет қайраткері болатын тұлғалар баршылық. бізге олардың билікке келуі маңызды емес, қайта олардың білімі мен дарыны керек. біздің бойымыздағы үрей мен қорқыныш оларда атымен жоқ.

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
02.02.2010 09:37
+0 / -0
Егер мына дәйектері шындық болса, онда жынданған Мұхтардың өзі болды. Қазақстан билігін былықтырдың деп қытай өз азаматтарын жазалайды дегенге кім сенеді? Енді бір жағынан, пара беруші қытайлар оны өз елінің болашағы үшін жасап жатыр, оларға керегі де сол ғой. Біліп алыңыз, Отанына осындай орасан құбылыс жасаған қытай баласын қытай үкіметі мақтамаса соттамайды.Мұқаңның мынасы бейшаралық, шарасыздық!
Пікір алмасу

Кімнен: Мако Қайдан: Алматы
02.02.2010 12:58
+0 / -0
Мақсат қытай параберушілерін жазалауда емес, мәселеге халықаралық мән беруде. Режимді шайқау.
Пікір алмасу

Кімнен: Білгіш
02.02.2010 23:44
+0 / -0
Жыл сайын Қазақстан, Африка сияқты елдердің басшыларын пара беріп, сатып алу үшін Қытай бюджеттен құпия қаражат бөліп, оны заңды түрде бекітеді.

Қытайдың халықаралық дауларға түкіргені бар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2010 18:45
+0 / -0
Өзіңіз де "бас десе құлақ деп" қуады екенсіз. Әңгіме Құлыбаевтың қылмысын әшкерелеу туралы болып отыр ғой. Мұхтардікі өте ақылды, айлалы қадам! Қытайлардың да қытығына тию. Енді олардан тек Мұхтар емес, бүкіл әлем жауап күтеді ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Мәулен Қайдан: Қаратау
02.02.2010 23:49
+0 / -0
Дұрыс айтасың ей!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2010 09:52
+0 / -0
Бұл Мұхтарың Ху мырзаға хат жазғыз болса, сондағы жазушымызда елге алдырып алмайды ма?

Кімнен: zheltocsan
02.02.2010 11:39
+0 / -0
ақымақтықтан ада адамға әңгіме қытайға жалбақтау үшін жазылмағаны алыстан белгілі. Мақсат парақорлық оқиғасына қатысты жақтардың бірін (бұл жерде ол қытайлар) арадағы істе парақорлықтың орын алғаны туралы мойындату болып отыр. Егер қытайлар істе парақорлықтың орын алғандығы туралы мойындаса, онда Құлыбаевтың крышасының, яғни Әблязовтың ата жауының тығырыққа тірелетіні сөзсіз... Бірақ, бұл жерде мәселені қозғағанда қытайлар назарға алатын қытайлар үшін өте маңызды бір жай бар. Егер қытай компаниясының "Ақтөбемұнайгазды" парамен алғаны мойындалса, онда қытайлардың оны сатып алуы да заңсыз болып шықпақ. Демек, бұл жерде мәселені шешу қытайларға да ауыр тимек: қытай коммунистері не ұстанымдарын сатпайтынын көрсетеді, не олар да Батыс әлемі сияқты шикізаттың құлы екенін әлемге танытпақ..
Пікір алмасу

Кімнен: Сарапшы
02.02.2010 23:49
+0 / -0
Желтоқсан!!! Жасаған саясисараптамаңның деңгейі өте жоғары.

Кімнен: самат Қайдан: ақтөбе.
02.02.2010 11:56
+0 / -0
мұқтарау.ана мұнай компаниялары толығымен қытай мемлекеттік компаниялары.олардын сайасаты қытай мемлекеті сайасаты.осынын бәрін олар біліпістеп отыр.бір жағынан пара арқылы мұнай басқа байлыққа қол жеткізіп,екіншіден парамен қәзіргі қазақстандағы қолында билік бар,немесе билікті қолына алатындарды компрамат арқылы байлап отыр.ертең олар қытайға қарсы бір ауыз айта алмайды.к...т. б..қ.

Кімнен: 007 Қайдан: astana
02.02.2010 12:25
+0 / -0
жалпы халық көре алатын бір теле арнаны сатып алу керек. бұған шақанов бастаған зиялылардың шамасы келсе де қаражаты жетпес, қаржыны қашып жүрген жанашырлар бермей ме? сонда ғана халықты ойатуға болады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2010 13:13
+0 / -0
Топ-менеджер болса да басы істемейді, жынданғаннан болса керек. Соның бәрін қытай үкіметінің өзі жасап отыр, керісінше Мұхтарды өзін жазалауы әбден мүмкін. Дәлел ретінде Қытайдан BMW, LEXUSтың дәлме дәл көшірмелері қытайша аталып шығады. Бас кезінде немістер менен жапондар Қытай сотына шағымданды, нәтиже шықпаған соң оны да доғарды бишаралар.......

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2010 13:33
+0 / -0
Jaraisyz Muhtar agai!!! osulai kishkentai jemkordan bastap, ulken jemkoruna dein shunduktarun ashkereleniz, isterinizge tabus tileimyn!!!

Кімнен: zheltocsan
02.02.2010 15:23
+0 / -0
"Қытайдан BMW, LEXUSтың дәлме дәл көшірмелері қытайша аталып шығады" деген әңгіме қате пікір. Себебі қытай көшірмелерінің сапа жағынан неміс пен жапонның BMW, Lexusтарымен ешуақытта дәлме дәл болулары мүмкін емес.
Пікір алмасу

Кімнен: Білгіш
02.02.2010 23:58
+0 / -0
Желтоқсан!!! "Қытай" деген сөзбен "сапа" деген сөздерді қатар қолануға халықаралық дәрежеде тиым салынғанын естімеп пе едің?

Кімнен: zheltocsan Қайдан: Қызылорда облысы
02.02.2010 18:49
+0 / -0
Мұхтар Әблязов анау жекешелендіру кезіндегі бизнесін қалай жасағанын, кәсіпорындардың, банктің акцияларын қалай сатып алғанын, оларды сату алу кезінде кімдерге қанша пара бергенін нақты фактілермен жария етсе енді дұрыс болар еді. Бірақ, "АҚШ-тың президенті кіші Буш сияқты ешкімге керегі болмай далада қалған банктің акциясы құлдырып тұрғанда оны сатып алып, ал кейін ол акциялардың бағасы нарықта көтеріліп кетіп, аяқ астынан миллиардер болып шыға келдім" деген сияқты сандырақтардың қабылданбайтынын ескерген жөн..
Пікір алмасу

Кімнен: Жәбірленуші
02.02.2010 23:53
+0 / -0
Өйй, желтоқсан!!! Дені дұрыс адам Қазақстан жағдайында байи алады ма?

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
03.02.2010 09:57
+0 / -0
Ей, жігіттер! Сонда Қазақстандағы Ұлы жемқорлықты қытайға немесе басқа азулы елге шағымданып тоқтатуға болады дейсіңдер ме? Бұл деген күлкілі ғой! Қазақстанның "Жемқор ел" екені онсызда әлемге белгілі. Тағы айтамын: Өз халқын өзгенің есебінен асырайтын қытайға керегі сол. Кеңес одағы тарағалы қытайдың да бағы ашылды. Әрине, дәл осындай жолмен... Басқасын білмеймін, М.Әблязовтың мына тірлігінен түк те өнбейді.

Кімнен: Пүліш Қайдан: Б.Майлиннің туындысынан
07.02.2010 00:10
+0 / -0
Бейшара Әблазов мырза жемқор Тимур Құлыбаевты Қытайдың алдында жықпақ болғаны не әпереді?! Қытай атам заманнан бері қолданған "Тағыны өзге тағыға айдап салып күйрету", "Сай ішіндегі екі жолбарыстың алысуын төбешік үстінде отырып тамашалаған маймыл" секілді саясаттарын қолданатыны сөзсіз. Өз компаниялары өз елінің мүддесі мен абыройы үшін қызмет етуде. Ал бөтен елдің белшесінен қарызға батқан жемқорларының тағдырына олардың түкіргені бар ма.
Одан да АҚШ Конкресіне жазсын мына істерді - соның пайдасы көп болар ма еді деп ойлаймыз.
Қытай болса, өз ішінен "Бірің өліп, бірің қал" дейтіні баршаға аян.
Сақтан қазақ! Өз күшіңе ғана сен: қатаң заңдар қабылда, сол заңдарға шемішке сатып жүрген үйсіз-күйсіз де, иномарка айдап шет елдерде тайраңдап жүрген жемқор қалталы да бірдей дәрежеде түсуін қамтамасыз ет. Ең әрі кетсе, бой бергісі келмеген 400-500 өз билігіне үміттенген жарымес МҒҚ-лар ("мордасы ғана қазақ") заң алдында атылса атылар. Қалған ел есін тез жинап, Қазақ елінің мемлекеттік құрылысын одан әрі өнімді де таза кіршіксіз түрде жүргізе берер.

Кімнен: мен-Қазақ Қайдан: Алматы
13.02.2010 11:52
+0 / -0
Бұл Қытайға қызық Әнгіме емес,көп болса пара берген компанияға--иттін баласы! шандыртбай бермедіңдерме!-дейді.Өйткені 5000 жыл мәдени тарихіміз бар деп мақтанатын көршіміз,атам-замандан бері ата-биліктерімізге Қыз беріп-ырытып,алтын\күміс\жібек беріп -бұындарын жұмсартып,Қытай қорғанның батыс солтүстігінен бізді осы територияға ығыстап әкелді,енді олар ата-дәстүрі бойынша жаңа заманның жаңа тырлыгын жасауда!
Пікір алмасу

Кімнен: Ауылбай Адам ұлы Қайдан: сарыдала
23.02.2010 11:22
+0 / -0
мен қазақ өте дұрыс айтасыз ,пара беру қытайдың ата дәстүрі,ал осы дәстүрге қазақ кәзіргі кезде атасын сыйлаған әдепті келіндей іиліп сәлем беруі ең сорақы боп тұр.қытайдың пара беріп,қыз беріп , келін түсіріп ең соңында қолыңды құусыртып ,тізеңді бүктіртіп,босағасынан сығалатып қою әлем таңқалмайтын әдісі.соңдықтан бабаларымыз айтқан;өзіңе өзің мықты бол,көршіңді ұры тұтпа! деп тегін айтпаған.арғы жағын айтпаймын ішің білсін ару-ай! ,,,,,,,