Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:16

САЯСАТ

Қаржы полициясы Құлыбаевты арашалап алып, Әблязовтың өзіне сес көрсетті

Мұхтар Әблязовтің берген құжаттарын тексерген қаржы полициясы Тимур Құлыбаевтың іс-әрекетінен қылмыстық құрам таппағанын айтып, Әблязовтың өзіне сырттай шүйлікті. Оппозиция болса қаржы полициясының тексерулері «Ақорданың тапсырысымен жүргізілген» дейді.

Мәтін көлемі - +

ҚҰЛЫБАЕВҚА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛМАЙДЫ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғалмайды деп хабарлады қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Мекеме басшысы жұма күні Астанада БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы активтерінің заңсыз саудасы туралы мәлімдемелеріне қатысты жүргізілген тергеудің нәтижелерін жариялады.

Қожамжаровтың айтуынша, «тексерудің нәтижелері Құлыбаевтың және басқа да лауазым иелерінің іс-әрекетінде қылмыстық құрам жоқ екендігін көрсетті, агенттік қылмыстық іс қозғамау туралы шешім қабылдады».

Осы жылдың басында Мұхтар Әблязов, Қазақстан және Қытайдың билік органдарына жолдаған мәлімдемелерінде, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевты 20 миллиард доллар ұрлады деп айыптаған болатын.

«Әблязов өзінің жолдауларында құжаттардың бір бөлігін ғана ұсынды, олар жасалған операциялардың толық көрінісін бермейді. Оның мәлімдемелерінде келтірілген деректер дәлелденген жоқ», - деді Қайрат Қожамжаров.

Бұған қоса Қазақстанның қаржы полициясы «ұлттық компанияның акциялары мен облигацияларына қатысты барлық операциялар көпшіліктің көз алдында өткізілді» деген тұжырымын жариялап отыр.

«ӘБЛЯЗОВ БІР КҮНІ ҚОЛҒА ТҮСЕДІ»

Қайрат Қожамжаров қуғындағы топ-менеджердің шулы мәлімдемелеріне қатысты тексеру нәтижелерін жариялаумен ғана шектелген жоқ, ол сондай-ақ Мұхтар Әблязовтың өзіне қатысты жеке көзқарасын да жайып салды.

Қаржы полициясы басшысының пікірінше, БТА банктің бұрынғы басшысы әйтеуір бір күні қазақстандық соттың алдында жауап береді.

«Қазақстанның прокуратура органдары, өзінің уәкілеттері мен заңдардың негізінде, Әблязовты экстрадициялауға күш салып жатыр. Білгіңіз келсе, мен оның ертелі-кеш сот алдында жауап беретіндігіне сенемін», - деді Қайрат Қожамжаров.

Бұл пікірінің өміршеңдігін дәлелдеу үшін ол «Наурыз банктің» бұрынғы басшысы Оразалы Ержановты мысалға келтірді. Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Ержанов биыл наурызда Мәскеуде ұсталды деп хабарланған еді.

Сонымен бірге Қайрат Қожамжаров Мұхтар Әблязовтың осындай мәлімдеулерді таратудағы көздеген мақсаты – «қылмыстық жауапкершіліктен қашу, өзге елде саяси баспана мен азаматтыққа ие болу» деп есептейтіндігін мәлімдеді.

Қаржы полициясының басшысы Ресейдің құқық қорғау органдары Мұхтар Әблязовқа қатысты «алаяқтық» қылмысы бойынша істі тергеп жатыр делінген ақпаратты растап шықты.

«Мен бұл деректі растаймын», - деп қысқа қайырған Қожамжаров, алайда қылмыстық істің жәй-жапсарын ашып айтудан бас тартты.

Бұған дейін ресейлік «Коммерсантъ» газеті Мәскеудің Тверь аудандық соты 2 миллиард доллар көлемінде қаржы жымқыру фактісі бойынша «Евразия логистик» компаниясы басшыларының ұсталғанын, қылмысты ұйымдастырған Мұхтар Әблязов деген күдік барын жазған еді.

«БҰЛ ҚЫЛМЫС ЕМЕС, БҰЛ - БИЗНЕС»

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев БТА банктің бұрынғы басшысы жариялаған деректер «қиял мен болжамдардан құрылған, оны дәлелдеу тіпті мүмкін емес» деп есептейді. Ертісбаев жұма күні Азаттық радиосына былай деп мәлімдеді:

«Менің өзім, құжаттарды қарай отырып, бұл – бизнес деген тұжырымға тоқталдым. Бірақ қайдағы бір пара туралы айту, мемлекеттің бюджетіне миллиардтаған қаржы түспеді деп, оны 20 миллиард долларға есептеу – ақылға сиымсыз дүние. Өйткені 1 миллиард доллары бар адамның өзі халықаралық қаржы қауымдастығына жақсы таныс болады».

Президент кеңесшісі сонымен бірге Мұхтар Әблязовтың айыптауларына «қарабайыр әрі негізсіз» деген сипаттама беріп отыр.

«Мұхтар Әблязовтың Тимур Құлыбаевқа қарсы шабуыл жасай бастауынан ешқандай нәтиже шықпайды. Шынымды айтсам, мен оның өзі жиі айтатын Назарбаевтың саяси режиміне қарсы осындай қарабайыр қадамдар жасайды деп күтпеген едім», - деді Ермұхамет Ертісбаев.

«ТЕКСЕРУ АҚОРДАНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ЖҮРГЕН»

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбілов қаржы полициясы кешенді тексеру жүргізеді дегенге сенбейтіндігін айтады. Оның пікірінше, кеңсе тексерулерінен аспай отырып бұл жағдайға толық сипаттама беру мүмкін емес.

«Толық тергеу жүргізу үшін Лондонға барып, сол деректерді таратқан Мүхтар Әблязовпен кездесіп, деректердің түпнұсқаларымен танысуы, аты аталған компаниялардың басшыларымен кездесулері керек еді. Мұндай іс-әрекеттер жасалмағандығына мен сенімдімін.

Сондықтан жұрттың көкейінде күмән болады. Бұл материалдардың объективтілігіне жеке өз басым сенбеймін және мұның барлығы, бәлкім, Ақорданың тапсырысымен жасалған деп түсінемін», - деді Болат Әбілов.

Бұған қоса оппозициялық партияның жетекшісі қаржы полициясын «тәуелсіз емес орган» деп атап, оны таратуды баяғыдан бері талап етіп келе жатқандығын тағы да еске салып өтті.

Тимур Құлыбаевтың өзі, Азаттық радиосына ақпан айының басында берген қысқа-қайырым сұхбатында, Мұхтар Әблязовтың айыптауларына қатысты пікір білдіруден бас тартып, «барлық деректерді тексеру органдарына тапсырдық, солардың жауабын күтейік» деген еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мәулен Қайдан: Алматы
19.03.2010 22:44
+0 / -0
Осы бір Ертісбаевтың дегеннің аузын жабатын адам табылар ма екен, соның пікірі біреуге зәру болғандай, айтып отырған сөздерін қарамаәйсың ба, арамы.

Кімнен: ООО Қайдан: Атырау
19.03.2010 23:15
+0 / -0
Мұқтардың барлық сөзінде шындық бар. Әйтпесе, бұлар сонша дүрлікпес еді. Ержанов ұсталды дегендері Құлыбаевтан қалықтың назарын басқаға аудара тұру, сосын ұмыттыру. Құлыбаев үкіметтің соңғы жиналыстарында болған жоқ, шетелде қашып жүр. Қысқасы бұл күйеу бала да ұры болып шықты. Өз айналасын тия алмаған назарбай кімді тия аладаы? Кетуі керек!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.03.2010 00:44
+0 / -0
Бұл жерде ең назар аударатын нәрсе, ол Россия органдарының бұл іске араласуы дер едім. Россияға Назарбаевтың керек екенін бұрыннан да білетін едік / Қазақстанды өз уысында ұстау үшін, болашақта кедендік одақ арқылы , бірте- бірте тағы сондай біріктіру институттарын құрып, Қазақстанды Россияның құрамына кіргізіп алу/, мұнысы сорақылық, бірікпей жатып, өзге/әзірше/ елдің ішкі ісіне араласуы деп түсіну керек. Россия Қазақстанда билікке демократиялық топтардың келуінен зәресі кетіп қорқады, мысалы Украина, Грузия сияқты. Ал ол әбден мүмкін сценарий. Ол жағдайда Россияның жоғарыда айтылған пиғылдары жүзеге аспай қалады. Міне сондықтан, Россия Аблязовпен күресетін болады.
Сондықтан Мұқтар ініме сақ бол- інім дер едім.

Адай.Ақтау

Кімнен: Сәкен
20.03.2010 02:48
+0 / -0
Мұхтар Әблязов адал азамат!!! құл..в - жалмауыз ұрлықшы

Кімнен: Nur-Saken Қайдан: Nurstan
20.03.2010 08:38
+0 / -0
Менин ойымша билик осындай ареккеттерден халыктын конилинин баска жакка аудару ушин ар турли аппатарды уйыдастырган сиякты мысалыга Кызылагаштагы жане Шыгыс Казахстандагы
Пікір алмасу

Кімнен: khanki Қайдан: mongolia
21.03.2010 10:23
+0 / -0
Halyn elim hazagym hairan jurtim ustarasiz auzin tusti murtin. Hurtip jatsa da hozgalu jokh, a.

Кімнен: Айбар Қайдан: Ақтау
20.03.2010 12:04
+0 / -0
Мұхтар деген елге де достарына да сор болды. Соттатып, тезірек құтылса екен. Ашкөз, ұрлықшы неме.......

Кімнен: Ерлік Қайдан: Атырау
20.03.2010 12:07
+0 / -0
Толық келісемін. Лондондағы сатқынды соттау керек. Орыстар қосылыпты ол шаруаға...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.03.2010 15:07
+0 / -0
Бүкіл қазақстанды астына басып алып отырған НӘН сатқын емес, Мұхтар сатқын болып шықты ма? Әр халықтың басы өзіне сай деген рас ау.

Кімнен: hazah Қайдан: hetay
20.03.2010 13:16
+0 / -0
eeeee sorle hazahtar ores ketip mansap tiyip edi birin biri ytxe talap jater. hayda barasengdar .birlik bolw kerek .hazahha tek birlik kerek

Кімнен: ерте Қайдан: jkkf
20.03.2010 19:01
+0 / -0
Айбар, Ерлік деген бірдеңелер биліктің бұралқы иттері ғой, Оларға сонша неге мән беріп кеттіңдер. Бұл секілділер естуге қарағанда осындай сөздер жазғаны үшін арнайы Нұротаннан ақша алып тұрады екен. Менің бір досыма сондай ұсыныс түскені бар. Ал ол келісім бермепті. сосын олар оған біртүрлі қарай бастаған көрінеді. Бұл бейшараларды кінәләп, олармен ауыз ауырта дауласып керек емес. олар шынайы Қарсылас болуға жарамайтын ұсық-түйек, белсіз, қортық, өлміші бірдеңелер! Онанда Бүкіл халық болып қазір елде нәнге деген өшпенділік, оның отбасына деген ыза кернеп тұрғанын, тек пілте жоқ, от тамызушы жоқ болғандықтан ғана шыдап тұрғанын сезулерің керек еді. Осынау пілтеге от тамызуды "Қазақтың келістірер қай баласы?" (АБай)

Кімнен: Жанжігіт Қайдан: Жанжігіт
20.03.2010 21:54
+0 / -0
Түптің түбінде Мұқтар сияқты азаматтар елге тұтқа болу керек деп ойлаймын. Маңдайың жарық болсын Мұқа. Мұқалма. Әуезев және Мағыжан рухы.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Жамбыл
21.03.2010 11:45
+0 / -0
Сорсұлтан ұрыларға ұры қосты, күйеу баласын қорғаған болып. Пракуратураға, қаржыполициясына, ҰҚК-не, ІІМ-не жол ашып бергенмен тең ғой, оларға неге пара алдың, неге жепжатырсын деп қалай айтады, ЖОЛ АШЫП БЕРДІ !!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.03.2010 18:07
+0 / -0
Nur-sakenнің дегені көкейге қонымды. Биліктегі иттерден не сорақының бәрін күтуге болады. Әйтпесе Қызылағаштың әкімі қашып бара жатқанда көршілеріне тым құрығанда сендер де қашып үлгіріңдер деп айғай салуға болатын еді ғой. Тұрғындар қатер болатынын сезіп, әкімдерден жөн сұрай барғанда, "елді дүрліктірмей жайларыңа жүріңдер" деп ұрсар ма еді?!
Соған қарағанда халықтың назарын ТҚтың ұрлық ісінен басқаға аудару үшін апат боларын біле тұрып, әдейі шара қолданбай қалуын біздегі билікте отырған ұрылардан әбден күтуге болатын жәйт.
ТҚ-қа қатысты биліктен белгілі бір дәрежеде әділеттілік күткен едік. Алайда күткендегідей болмай шықты.
Ендігі кезек ар-ұяты тапталмаған мемлекетіміз бен халқымыздың болашағы үшін бей-жәй қарамайтын азаматтарға қалды. Тәуекелге бел байлау керек!

Кімнен: Sekebai Қайдан: Алматы
21.03.2010 23:41
+0 / -0
Эээ қазақтың жауы қазақ деген осы не боп барамыз Иманы бар бір ақылшы барма өзі НӘНға ақыл беретін.

Кімнен: АНазарссис Қайдан: Тұран
22.03.2010 17:07
+0 / -0
Нәнге ақыл ұсыну керек емес, бір болса оған келіскен дырау қамшы беру керек, болмаса, асылып өлетін мықтылау бір арқан беру керек! Ақыл ол кісінің мына құлағынан кіріп, енді бір құлағынан шығып кетеді!