Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:18

ҚАЗАҚСТАН

Мұхтар Жәкішев ҰҚК-нің абақтысында қиял-ғажайып шығармалар оқиды, оған жаңа кітаптар мен дәрі-дәрмек қажет

Жұма күні Жәмила Жәкішева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астанадағы тергеу абақтысында отырған жұбайы, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының экс-президенті Мұхтар Жәкішевпен кездесті. Ол күйеуінің денсаулығын ауруханада тексеруді сұрап шағымданатынын айтты.

Жәмила Жәкішева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысына күйеуімен кездесуге кірер алдында. Астана, 31 шілде, 2009 жыл.
x
Жәмила Жәкішева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысына күйеуімен кездесуге кірер алдында. Астана, 31 шілде, 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

«ЖҰБАЙЫММЕН ТЕРГЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ»

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев тұтқынға алынғаннан кейін екі жарым айдан соң ғана оның әйелі Жәмила Жәкішева жұбайымен кездесуге мүмкіндік алды. Шілденің 31-інде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астанадағы абақтысына кіріп, қамауда отырған ерімен жүздесіп, тілдескен Жәмила, одан шыққаннан кейін журналистерге жұбайының денсаулығына алаңдайтындығын жеткізді.

– Күйеуіммен кездестім. Қатты жүдеп кетіпті. Денсаулығына байланысты басы жиі ауыратынын айтып шағымданды. Көп дәрілер
Жәмила Жәкішева, Астана, 31 шілде 2009 жыл.
сұратты. Осы уақытқа дейін шын мәнінде үш рет жедел-жәрдем көмегіне жүгініпті. Мен күйеуімді ауруханаға жатқызып, денсаулығын толық тексеру жөнінде шағымданамын. Талап етемін,- деді Жәмила Жәкішева.

Бастапқыда ҰҚК тергеу абақтысының қызметкерлері Жәмила Жәкішеваға абақтыға адвокатсыз жеке өзінің кіруін сұрады. Алайда Жәмила Жәкішева жалғыз кіруден бас тартты. Осыдан соң 20 минутқа созылған үзілістен кейін барып, тергеу абақтысының қызметкерлері Жәкішеваға қорғаушысымен кіруге рұқсат етті.

Бірақ абақтының сыртқы есігінен кіргізгенімен, ішкі кіреберісте адвокаты босағада қалып қойған. Ал Жәмила күйеуімен кездесу шамамен 40 минөтке созылғанын айтады. Онда да, ҰҚК-нің үш қызметкері түгелдей бақылап, ерлі-зайыптылардың жандарында отырыпты.

– Мен тек оның денсаулығын ғана сұрадым. Маған: «тергеу ісіне қатысты әңгіме қозғасаң, бірден кездесуді үземіз» деп талап қойды. Сондықтан, онымен тергеу амалдарына қатысты сөйлеспедік. Қазір Мұхтар ешқандай адвокатсыз қалып отыр. Ол отбасының бөлген
Данияр Қанафин, Мұхтар Жәкішевтің адвокаты. Астана, 31 шілде 2009 жыл.
қорғаушысын жіберу жөнінде бірнеше рет өтініш жазғанын айтты. Оның адвокаты Данияр Қанафинге де бірнеше арыздар жазып жіберген екен. Бірақ оның бірде-біреуін Данияр алған жоқ, – дейді Жәмила Жәкішева.

«МҰХТАРДЫҢ АЯҚТАРЫ САУ ЕКЕН»

Жәмила Жәкішева қамауда отырған жұбайының аяқ-қолы аман екеніне көз жеткізгенін айтты.

– Шын мәнінде, ол 45-ші өлшемді аяқкиімді өзімен көрші отырған адамға сұратыпты. Оның аяқкиімі тозып кетіпті. Ал ол адамның ешқандай жақындары жоқ екен. Мұхтардың өзіне аяқкиімді жолдастары апарып беріпті, – дейді Жәмила Жәкішева.

Жәмила кетерінде жұбайы одан көптеген кітап сұратыпты. Оның ішінде фантастикалық әдебиет те бар. Жәмила күйеуінің фантастикалық әдебиетті, соның ішінде Роман Злотниковтың шығармаларын сүйіп оқитынын айтады.

САРА САҒЫНДЫҚОВА КҮЙЕУІМЕН ӘЛІ КЕЗДЕСЕ АЛМАЙ ЖҮР

Мұхтар Жәкішев отырған Астанадағы ҰҚК-нің тергеу абақтысында оның оққағары болған Талғат Қыстаубаев та қамауда жатыр. Шілденің 31-і күні ҰҚК-нің Астанадағы абақтысына Жәмила Жәкішевамен бірге Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова да барған еді. Алайда, абақты әкімшілігі оған күйеуімен кездесуге рұқсат бермеді.

Сара Сағындықова күні бүгінге дейін жұбайынан хабарсыз екенін айтады. Қамаудағы Талғат Қыстаубаевтың жағдайымен таяуда танысып қайтқан құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетова Сара Сағындықоваға күйеуінің тергеу абақтысына мамыр айының 30-да
Сара Сағындықова, Мұхтар Жәкішевтің оққағары Талғат Қыстаубаевтың зайыбы. Астана, 31 шілде 2009 жыл.
түскенін айтыпты. Ал Сара болса күйеуін мамырдың 24-інде ұстап әкеткен дейді.

– Сонда алты күн бойында күйеуімді қайда ұстап отырған? Ол жағы маған түсініксіз. ҰҚК -нің қызметкерлері оған Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша, яғни «қызметін асыра пайдаланды» деген айыппен қылмыстық іс қозғағанын айтады. Менің күйеуім бар болғаны – оққағар. Ол жалақыны да «Қазатомпром» компаниясынан емес, арнайы «Күзет» қызметінен алды. Сонда онда қандай қызметін асыра пайдалану болмақ? Бұл жағы да түсініксіз, – дейді Сара Сағындықова.

Сонымен бірге, Сара Сағындықованың айтуынша, ҰҚК-нің қызметкерлері оған: «егер үйіңде жасырылған құпия құжаттарды тауып берсең, күйеуіңді босатамыз» депті. Бірақ ол күйеуі ешқашан үйге ондай қағаз-құжаттар әкелмегенін айтады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті үстіміздегі жылдың 21-ші мамырында тұтқындады. Оған аса ірі көлемдегі уран кенішін шетелге сатты деген айып тағып отыр.

Мұхтар Жәкішевтен соң іле-шала «Қазатомпром» ұлттық компаниясының тағы бірнеше жауапты қызметкері қамауға алынғандығы белгілі.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Kazakh
31.07.2009 19:38
+0 / -0
Көрдіңіздер ме, жамағат, ол қорқаулар халықтан өлердей қорқады. Оларды бір қарапайым әйел адам жерге қаратып өзінің заңды талабын орындаттырды. Демек, ағайын, олармен тек қорықпай күресу керек, сонда ғана қазақ азат халық бола алады.

Кімнен: Астанайка Қайдан: Астана
31.07.2009 21:09
+0 / -0
Казактын осындай ор минезди кыздары кобейе берсин!

Кімнен: атырау Қайдан: атырау
01.08.2009 00:18
+0 / -0
адамдар алдай бере бере бередеи оларга сенбендер.олар суайт килен.

Кімнен: Satan Қайдан: Aktau
01.08.2009 07:48
+0 / -0
Jaraisyz, Jazira! Sizdin kaisar minezinizge suisindim, er-azamatka tan erlik bar eken boinizda. Sattilik tileimin sizdin otbasina.

Кімнен: Мұқтардың жанашыры
01.08.2009 08:08
+0 / -0
бұл Жәмиланың үлкен еңбегімен келген жеңіс екендігі даусыз. Жарайсың, жар болса сендей болсын! Мұқтар Жәкішевтің отбасындағы жағдайды барлық БАҚ бірдей жазған жоқ, биліктің қолынан тоқаш жеп жүргендер әлі ешқандай сот болмаса да "Жәкішев-қылмыскер" деп жария етіп қойды, үш әріптің заказымен деректі фильмдер көрсетті. Өте жиіркенішті-ақ! Бірақ, құдайға шүкір, ақшаға сатылмай, кәсіптеріне адал журналистер бар, Жәмиланың Мұқтармен жолығуына қол жеткізуге солардың да қосқан үлесі бар, рахмет сендерге тәуелсіз журналистер

Кімнен: Сағын
01.08.2009 11:24
+0 / -0
меніңше, кнб бұл істі аяғына дейін жеткізуге тырысады, шаптырбай үшін енді шегінерге жол жоқ: не ол жакишевке "қылмысын" мойындатқызады, немесе оны масқара етіп жұмысынан алады. әрине, шаптырбай жұмыстан кеткісі келмейді, шенді мансаптан айырылмау үшін кінәні мойнына алғысы келмеген адамды ана жаққа досрочно аттандыра салудан да тайынбайды бұлар, сықпыты жаман...

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
03.08.2009 10:15
+0 / -0
Жақында Берия туралы деректі фильм көрдім. Әлгі фильмге Ресейдің небір мықты адамдары (оның ішінде тарихшылар, жазушылар, саясаттанушылар бар) қатысыпты. Айтпақшы, сөхбат бергендердің арасында Берияның немересі де бар екен. Оның аты жөні есімде қалмапты. Осы фильмдегі мені қызықтырған нәрсе, ол Сталиннің қолшоқпары болып, басшылардың айтқанымен, кейде өздігінше талай адамдарды қырып, сонау тыңыш жатқан Кавказды ырың жырың етіп бөліп, халқын туған жерінен аластатып жіберген Берияның өлімі әлі күнге дейін жұмбақ болып қалуы. Фильмге қатысқан өңшең өз мамандығының білгілрелі нақты сұраққа жауап таба алмады. Бірі, Берия Мәскеу орталығындағы өз үйінде әскерилер танкпен барып аттып өлтірді десе, екіншілері Берияны басшылардың бас қосу болып жатқан жерге, қаруланған әскерилермен бірге маршал Жукуов кіріп барып, Берияны тұтқындаған деді. Сонымен не керек, Берияның өлімі туралы әрт үрлі долбарлар бар, бірақ, нақты тарихи дерек жоқ. \\


Осының барлығын айтып жатқан себебім, соңғы жылдары Қазақстан -37-38 жылдарды қайтадан басынан кешіріп жатыр деген пікірлер жиі айтылатын болып жүр. Неге? Үш әріптің басшылығына Берия секілді адам келгендіктен осындай пікірлер туып жатыр ма? Қалай болғанда да, біздің басшылар тарихтан сабақ алмағаны көрініп тұр. Өкінішіті. Десекте, жасар амал жоқ. Биліктің барлығы сол топтың қолына шоғырланған. Ақ ордадағы оншақты адам туралы айтып жатырмын. Ертең олар да әлгі Сталиннің қолшоқпарлары секліді көмусіз қалады ау.

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Есіл жағасы
07.08.2009 11:20
+0 / -0
Шапырашты емеспен толык келісе аламын. Мен дал казір қазақ жерінде болып жатқан жайттарды айтып жеткізе де алмайтын шыгармыз деп ойлаймын. Тек журегім ауырып, жаным жай таппай Жаратканга жалбарынудан озге колымнан тук келмейтіндей. Дарменсізбіз бе деймін карапайым халык. Буйткен демократиясы курысын. Ойларына келгенін істеп жаткан байсалды ойлаудан алшак билік, ашынган алеумет. Арты не боларын кайдам, бірак жастардын озі азер жур казір. Мен бейшараны 18-ге жана толган деп те ешкім айтпайтын шыгар. Абден куш кеміп, кажыгандай куй кешіп журмін дал казір.