Келесі бағдарлама





Мультимедиа

Әлем

Конгрессмен Хастингс Назарбаевты өмірлік президенттік туралы идеядан бас тартуға көндірмек

АҚШ-тың Хельсинки комиссиясының тең төрағасы Элси Хастингс «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының кеңсесінде. Прага, 19 ақпан 2008 жыл.

09.02.2010

АҚШ-тың Хельсинки комиссиясының тең төрағасы Элси Хастингс, «Америка дауысы» радиостансасына берген сұқбатында, өзі жүрген барлық жерде президент Нұрсұлтан Назарбаевты өмірлік президенттік туралы идеядан бас тартуға көндіруге тырысатынын айтты.


МІНДЕТТЕМЕЛЕРГЕ КЕРЕҒАР

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселесі жөніндегі комиссия америка конгресінде – АҚШ-тың Хельсинки комиссиясы деген атпен де белгілі. Комиссияда сенат пен өкілдер палатасынан тоғыз мүшеден, сонымен бірге, мемлекеттік департаменттен, қорғаныс министрлігінен және сауда министрлігінен бір-бір өкілден бар.

АҚШ-тың Хельсинки комиссиясы адам құқы, демократия мәселесімен, сонымен бірге, ЕҚЫҰ-ның 56 еліндегі экономикалық, әскери және табиғат қорғаудағы ынтымақтастық мәселесімен айналысады.

Өткен аптада АҚШ-тың Хельсинки комиссиясында Қазақстан бойынша тыңдаулар болды. Комисияның тең төрағаларының бірі конгрессмен Элси Хастингс, 2007 жылдың өзінде-ақ, ЕҚЫҰ-ға мүмкін болар төраға ретінде Қазақстанның кандидатурасын қолдаған.

«Америка дауысы» радиостансасына берген сұқбатында Элси Хастингс Қазақстанға қатысты ұстанымын былайша түсіндірді:

«Сол кезге қарай, 2007 жылы мен ЕҚЫҰ-мен 12 жылдай ынтымақтаса жұмыс істегенмін. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын мен бұл ұйымдағы Парламенттік ассамблеяның президенті болдым. Олар тәуелсіздігін алған соң, алты-жеті жыл шамасында мен орталықазия мемлекеттерімен тығыз жұмыс істедім.

Қазақстанның орасан ресурстары бар, олар Қытайға және Шанхай тобына бағытталған. Оның Ресеймен байланысы өткеннің тәжірибесіне құрылған. Оның ресурстары, сонымен бірге, Батысқа, Еуроодаққа және Құрама Штаттарға бағытталған.

Батыс мемлекеттері, Хельсинки келісіміне қол қойылғаннан бастап ұзақ уақыт бедерінде ЕҚЫҰ ұйымының басшылығында, төрағалықты қоса алғанда, басымдау болып тұрғанын түсінгенмін.

Менің пікірімше, Орталық Азиядағы және өзге де аймақтардағы постсоветтік елдер үшін басшылық деңгейіне көтерілетін мезгіл жетті. Мен Қазақстаннан кейін бұл орынға келетін, ЕҚЫҰ-ға Литваның төрағалық жасауын да барынша қолдадым. ЕҚЫҰ жүйесінде бұл елдердің проблемалары бар. Бірақ олар ұйым алдындағы міндеттемелері деңгейінде өмір сүре алады деп ойлаймын.

Қазақстанның сыртқы істер министрі төрағалыққа өтініш білдіргенде мен Мадридте болғанмын. Қазақстан сол кездері барлық міндеттемелерге сай келді деп есептемеймін. Бірақ, қазір алғашқы қадам жасалған кезде, Қазақстан өзіне жауапкершіліктен де үлкен міндет арқалағандығына сенімдімін».

ІШКІ МӘСЕЛЕЛЕР

«Мен Қазақстандағы сайлауларды бақылау мүмкіндігіне ие болдым және олардың не істеп жатқандарын көрдім. Мен сынадым да, қолдадым да. Мен сынау мен қолдауды жалғастырып келемін, – деді АҚШ-тың Хельсинки комиссиясының тең төрағасы Элси Хастингс «Америка дауысы» радиосына берген сұқбатында.

«Жиырма жыл – демократияны құру үшін өте аз уақыт. Біз, Батыстағылар, бұны бір түнде жасап тастауға болатындай айтамыз. Құрама Штаттардың өзі осы жұмыстарды жүргізу процесінде деп ойлаймын.

Және, менің ойымша, Қазақстанда да шешімін күткен, мысалы, Жовтистің ісі сияқты, өзінің ішкі мәселелері бар.

Мен олар бұны шеше алады деп үміттенгім келеді. Олар үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды қолдау жөнінде жақсы қадамдар жасайды деп үміттенемін. Олар Интернет туралы заң айналасында жағдайды айқындайды деп есептеймін.

Президент Назарбаев, егер ол шынында да демократияға ұмтылатын болса, өмірлік президенттік туралы идеяны басынан шығарып тастайды деп ойлаймын. Және мен бұл жайында барлық жерде айтумен боламын.

Мен президент Назарбаевпен талай мәрте кездестім. Елде салауатты оппозицияның болуының қажеттігін оның толық түсінетіндігіне өте сенімдімін. Бұл оппозиция, әлемде жалғыз ғана пікірден бөлек, өзге де көптеген пікірлер бар деген идеяда өсіріліп, жеміс беруі керек. Бұл – ішкі мәселелерге қатысты.

Парламенттік ассамблеяның да, ЕҚЫҰ жанындағы адам құқы жөніндегі кеңсенің де араласы бар, маған жақын тағы бір мәселе, бұл – сайлауды бақылау мәселесі. Қазақстанның төрағалық кезеңінде әртүрлі елдерде 15-ке жуық сайлау болады. Мен осы бір толассыз проблемада үлкен батыл қадам жасалынады деп үміттенемін».
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Arman Қайдан: almaty
09.02.2010 14:21
Осы американын бизде шаруасы канша екен????
Ким президент болса да олардын шатагы канша?
неге ана бейбит жаткан Ауганыстан, Ирак сиякты мемлекетердин халкын кан каксаткан президеттерин жонге салмайды, бизге акылгойсимей?!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2010 16:58
Жөнге салған жоқ па ДАРҒА асып ,саған одан артық не керек
Пікір алмасу

Кімнен: Arman Қайдан: Almaty
10.02.2010 08:55
Хастингс сиякты "даналар" американын кай президентин дарга асты?!
Мысалы Дж. Буш бейбит жаткан Ирак елине ядролык кару тыгып отыр деген сылтаумен согыс ашып каншама халыкты кырып тастады. Бейкуна канша саби олди! Акырында ешкандай ядролык кару тапкан жок! Ал Саддам болса елимен бирге баскыншыларга карсы турды. Ели ушин олди акырында. Елин коргаган сондай азаматтарды бизге террорист, вахабист кып корсетеди.
Шын террорист америкалык президент дж. Буш!!!!

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана қаласы
09.02.2010 14:39
Ия. Дамыған елдердің халқының санасы да біршама ояу. Сөнген халықты басынатыны да сондықтан. Жалпы, заңдылық.

Хастингс - мамандығы заңгер. Сондықтан, өздеріне одақтас мемелекет болғысы келетін Қазақ елінен бірінші орында демократияны талап ететіні айтпаса да түсінікті болар.

Ресурс былай тұрсын, адам құқығы дамыған америка мен Батыс елдерінде бірінші орында. Қандай керемет. Әрине. Бассыздық пен жемқорлық және жеке басқа табынушылық жайлаған Совет үкіметінен кеше ғана шыққан Қазақ еліне демократия "бағанасын" тік тұрғызу үшін, әлі талай уақыт керек болар. Десе де, біз оған қалайда қол жеткізу үшін барлық мүмкіндігімізді аямауымыз керек.

Өмір бойлық билік расында санадан шығарылуы тиіс. Бұлай әділдік емес. Назарбаев мәңгілік король атануы үшін, Астана тұрғызуы мен, дайын жолға бағдар беруі жеткіліксіз. Қаласа, халық өзі-ақ мойындайды. (Әңгүдік-ау)

Кімнен: Уждан
09.02.2010 18:20
Элси Хастингс мырзаның достық пікірінде аса терең мән жатыр. Бірақ, Нұрсұлтан мырза мынау қоғамымыздағы күрделі де күрмеулі қателік пен келеңсіздіктерді өзі жөнге келтірсе ғана, халқымызды аппаттан сақтап, сол күрмеулерді де қиындықсыз шешер еді. Жалпы Элсидің сөзін ескерумен қоса,елдің ертеңінде ойланбай болмас. Бұл пәниде мәңгі ештемеде жоқ екенін есте ұстап, халықтың келешегін ойлаудан үлкен ұлағаттың жоқ екеніне иланған жөн.Мынау алақұйын заманда қандай қателік жасалса да, ертең гүрзідей соғып халықтың маңдайына тиеі қақ. Ел болып ендігі жерде осыдан сақ болсақ екен...

Кімнен: Анахарсис Қайдан: Арқа
09.02.2010 18:37
Элси Хастингстің пікірлері ақылға сыйады. Егер Қазақстан билігі өзінің ішкі құрлықтық тар өрісінен шығып, әсіресе советтік әдет шеңберінен шығып, әлемдік қауымдастықтағы тең құзырлы тәуелсіз даму жолын қалыптастырамын десе, демократияның ең қарапайым әлппелік сауаттарына адал болуы керек. Ол президенттің сайлану мерзімі екі реттен аспауы және Үкімет, Парламент, Сот ортасындағы бір-біріне бағынышсыз тең құқылы қарым-қатынастың болуы, бірін бірі бақылауы, сондай-ақ әкімшілік жолмен баюға қатаң тиым салу, биліктің мемлекеттік тілдің бірден-бірлік құқығын мойындауы және орындауы болмақ. Қазіргі президенттің қартайғаны байқалады және егер тағы да сайланса бұл қазақ тағдырына үлкен залал жеткізері анық. сосын отбасын басқара алмаған адамның ел басқаруы мүмкін емес деген бір ойшылдың сөзін де ескеру керек. Биыл бір жаңалық болады деп, ең болмағанда келесі елбасы сайлауында қазақ тағдыры дұрыс шешіледі деп сенейік және әзірленейік.
- Анхарсис

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА
09.02.2010 19:01
Біз қазір өте ауыр жағдайдамыз. Тәуелсіздік алғаннан бері күрделі-күрделі қателіктерде жібердік. Бұл қателіктердің ең қиыны кейінірек, тіпті халқымыздың басына апат болып төнуі де мүмкін. Оның үстіне, әуелбастан, төменнен жоғарыны қоса, ұрлық жайлаған әділетсіз қоғамды ел басындағы азаматтар өздері қолдан жасады. Халықты ұлт қып ұйытудың орнына, дүние-қоңыз ләпсіге беріліп,азаматтық сананы Улаумен, ішкі бірлігімізді әлсіретіп, халықтық намысымызды қорлаудамыз.Міне осындай жағдайларды терең түсініп, Елбасымыз НҰРЕКЕҢ тарихи шешім қабылдап, ертең Елге апат әкелетін қоғамдық дерттерді реттеуден кешігіп қалмаса екен деп тілеймін. Себебі, бүгінгі көптеген қателіктерді түзету, Нұрсұлтан мырзаға әлде қайда жеңілдеу болатынына сенемін. Мұны ол кісінің өзі де терең түсінеді. Біз сияқты аз халықтың сақ болғаны жөн...

Кімнен: Нурғали Қайдан: Шымкент
09.02.2010 20:55
Бұл идеядан бастартуға көндіретін Хастинг емес ол қазақ халқының шешімі болар.
     
Мәтін көлемі - +