Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:39

БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ саммитіне Вашингтоннан қолдау таппады

«Еуразиянет» сайты Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Вашингтонға сапарының негізгі мақсаты - Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу туралы Ақорданың бастамасына Вашингтоннан қолдау таба алмай қайтқанын жазады.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Венадағы баспасөз мәслихатында. 14 қаңтар 2009 жыл.
x
Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Венадағы баспасөз мәслихатында. 14 қаңтар 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

АҚШ АСТАНАДАН РЕФОРМАЛАР ЖҮРГІЗУДІ ТАЛАП ЕТТІ

«Евразиянет» веб-сайтының хабарлауына қарағанда, аталған іс-сапар барысында тараптар қандай да бір келісім-шартқа қол қоюға қол жеткізе алмаған. Онлайн-басылым бұл сөздің растығына дәлел ретінде АҚШ Мемлекеттік департаменті шенеуніктерінің ақпаратына сілтеме жасайды.

Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев сондай-ақ американ президенті Барак Обама мен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың екеуара бетпе-бет кездесуін өткізу туралы келісімге қол жеткізбек болыпты. Ол кездесуді Астана сәуір айында өткізбекке үмітті, деп түсіндіреді сайт.

АҚШ, өз кезегінде, Астананы адам құқығын құрметтеу саласында нақты іс-шараларды жүзеге асыруға көндіру үшін Қазақстанға қысым жасауға әрекет жасаған.

Вашингтондағы кездесу барысында Астана ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі кездесуін өткізу туралы өз бастамасына Барак Обама әкімшілігінің қолдауын алады деген кейбіреулердің үмітіне қарамастан, бұлай болмады, деп жазады «Еуразиянет».

Министр Қанат Саудабаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның кездесуінен кейін де ешбір ресми мәлімдеме жасалмаған және баспасөз мәслихаты да өткізілген жоқ.

Вашингтон іс жүзіне асуын қалап отырған нақты шаралардың бір де біріне қатысты Қазақстан «шешім қабылдауға (әлі) даяр» емес, дейді АҚШ астанасында болған әңгіменің егжей-тегжейінен хабардар АҚШ Мемлекеттік департаментінің бір өкілі. Аталған өкіл өз аты-жөнінің жарияланбауын өтінген.

БЕДЕЛІНЕ ДАҚ ТҮСТІ

Мемлекеттік департаменттің осы шенеунігінің айтуынша, кездесу барысында тараптар маңызды мәселелерді өзара «оң қабақ таныта отырып талқылаған». Әйткенмен кейбір мәселелер басы ашық күйінде қалып отыр.

Мәселен, Қазақстан Евгений Жовтистің ісіне қатысты сот шешімін қайта қарауға келісетін сыңай танытып отыр, дейді әлгі шенеунік.

«Қанат Саудабаев бұл жолы әсіре ымырасыздық танытпады. Ал осыдан бірнеше ай бұрын олар (Қазақстан шенеуніктері): «Біз тек заңның айтқанымен жүреміз» деп бет бақтырмаған еді. Алайда, олар өз заңдарының әділ қолданылмағанын әрі сот процесінде қателік жіберілгендігін мойындап жатыр», – деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің шенеунігі.

Оның айтуынша, қазақ шенеуніктері бұл тақырыптың шешімін табуы тиіс түйінді мәселе екендігін түсінеді. «Еуразиянетке» берген сұхбатында мемлекеттік департаменттің әлгі шенеунігі былай дейді:

– Вашингтон «бұл олардың беделіне дақ түсіріп отырған нәрсе болып табылатынын әрі олардың өз заңдылық жүйесінің жіберген қателігін түзеуі тиістігін атап көрсетеді». Алайда, Жовтистің апелляциялық арызына қатысты сот шешімі мамыр айына дейін қабылданбайтын секілді.

ОЛАР МҰНЫ ЖАРНАМАЛАЙТЫН БОЛДЫ

Вашингтондағы кездесу жылы қабақ таныту ахуалында өткенімен, АҚШ Астанада өтеді деп жоспарланған ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі кездесуіне қатысуға келісім беруге асықпаған.

2009 жылғы желтоқсан айында Афинада ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өткен еді. Содан бергі өткен уақыт ішінде, Астанада ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі кездесуін өткізу жөніндегі бастамаға  қатысты американдықтардың ұстанымы өзгерген жоқ, деп жазады «Еуразиянет».

«Афинадағы кездесуден соң, бұлар бүкіл әлемді шарлап, ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі кездесуін Қазақстанда өткізу идеясын ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттер қолдап отыр деп жар салды. Алайда, олар, өсти жүріп, біздің оларға айтып жүргенімізді көлеңкеде қалдырып отырды. Яғни, олар (Қазақстан шенеуніктері) бұған қол жеткізу үшін алдымен белгілі бір қадамдар жасауы тиіс. Бұл жолы да баяғыдай бола ма деген қаупім бар. Өз атақ-абыройын асыру үшін олар мұны баршаға даңғаза етіп жарнамалайтын болады. Мен (Астанада) саммит өткізу идеясына біз қарсымыз дегім келмейді, алайда бұл біз сол идеяны жақтайды деген сөз емес әлі», – деп атап көрсетеді АҚШ Мемлекеттік департаментінің шенеунігі.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: алим Қайдан: акудаистан
10.02.2010 19:32
+0 / -0
Кытайга мунай мен газды бересин,Ресеймен кедендик одак курасын,Бизге кайда деген шыгар-АКШ.Алде Саддам Хусеиннин не болганын умытып барасындар ма?-деп те коиган шыгар.Копвекторлы саясат казах халкы муддесине карсы саяси жезокшелик .

Кімнен: Есеңгіреген
10.02.2010 22:42
+0 / -0
"Қазақ саясаткерлерімен" салыстырғанда жезөкше "қыздар" өз-өздерін жақсырақ сыйлайтын шығар?
Бұл сайқымазақ-бетпақтар қазақ халқын дүние жүзіне масқаралап бітірді-ау.
Әлде қазақ халқы шыныменде сондай ма еді?
Болмаса, неге халақтың негізгі басым бөлігі оларды тайраңдатып қойып, үндемей отыр?

Кімнен: Анахарсис Қайдан: Жиделі
11.02.2010 01:52
+0 / -0
Олардың тайраңдап жүрген себебі қара қазақ баласынан назарбаевтер шын ақпаратты үзіп тастаған. Құлақтарын өтірік, тәтті сөздермен бітеп тастаған. Айтатындарды астыртын атып екбеттетіп тастады, белсенділерді қуды, түрмеге жапты, қысым көрсетті, сосын қара қазақ баласын ас пен суға, жер мен жұмысқа кенде қылып, ұлттық, мемлекеттік ұлы істерді емес, қара басының қамын күйттеуге мәжбүр етті. Мұғалімдер мен басқа зиалыларды елдің орташа тұрмыс деңгейіне жетпейтін азғантай жалақыға арқандап, олай тартса бұлай жетпейтін бейшара халге түсірді. құқық қорғау органдары тек биліктің құқығын ғана қорғайтын болды, барлық билік бір адамның қолына шоғырланғандықтан, ал оның айналасы табан жалап жан баққан әумесір жағымпаз жазушысымақтар мен саясаткерсымақтарға толғандықтан басым көпсандылар ішіндегі запыранды сыртына алып шығып, "неге бұлай, жоқ, бұлай болмауы керек!" деуге құзырлы болмады. Еуразия идеясы, үштұғырлы тіл саясаты, Қазақстандық ұлт, ел бірлігі доктринасы, көп векторлы саясат, ел байлығын шетелдіктерге аштыру, жерді сату секілді шатпырақтармен халықты жынды қылып, бөлшектеп, оларды не істерін білмейтін мең-зең күйге түсірді. Барлық әлеуметтік байлық аз санды адамның қолына шоғырланған, барлық мәселе тек ақшамен шешілетін жүйе қалыптасқан, әкімқаралардың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, алқағанын зор қылып, даттағанын жер қылатын зұлымдық орнаған. Дала тозған. Халық азған, быт-шыт. Ертеңнен еш қайыр жоқтай. бүгінгінің бәрі қылмыс пен алдамшылық, зорлық пен сұмпайылық. Тіл, дін, адамдық ар-ұждан бөлшектеніп, бір-біріне жау күштерге айрылған. Осындай жағыдайда қазақ ұлтын қалай қаралай аласың, 37 жылдың қорқынышы халықтың кеудесінде қайта оянған жоқ па? Билік ұлтты тауық көріп, алдымен оның жүнін әптен жұлып, сосын әлсіреген бейшараға азғантай жем шашып кіріптар күйге түсуруге тырсып келген жоқ па? Тіпті кешегі комунистік жүйе бұған қарағанда мынадай артықшылығы болды: ол кезде жауың анық болатын, ал қазір жауыңның кім екенін ажырата алмайсың және тіпті жауыңды таныған күнде де ол өзіңнің жақының, қандасың болып шығады. Мәселе қазақта емес, өзін қазақпын деп жүрген жеке адамдардың ішінен құрбан беруден тайынбайтын жанкешті, жауынгер қазақтың тым аз болғанында және осы себепті балақта жүруге тиісті биттердің басқа шығып алғанынан!
- Анахарсис

Кімнен: Бекір Қайдан: Ақтау
11.02.2010 09:28
+0 / -0
Мәселен, Қазақстан Евгений Жовтистің ісіне қатысты сот шешімін қайта қарауға келісетін сыңай танытып отыр, дейді әлгі шенеунік.
_______________________________________________________

Евгений Жовтис кім еді сонша?! Әмерика неге Мұқтар Шақановты жақтап сөйлемейді?!
Қанат Саудабаев, Қазақстан Республикасының Заңдарын БҰЗБАҢДАР!!!!
Еуропаның да Әмериканың да әкесінің...

Кімнен: паыв Қайдан: паыв
11.02.2010 17:12
+0 / -0
Әмерика емес Әмірика (әмір ика), немесе әлемге әмір жүргізуші Ика ғой! сондықтан ол Мұхтар ағаны қайтсін, оған өз христяндарының амандығы керек! Жолбарыстан көмек күтпей-ақ қойыңыз!

Кімнен: West
05.03.2010 02:47
+0 / -0
Не болғанда да алып әрі ұлы Американың айтқанымен жүрмей әлем ешқашан түзелмейді. Ал Американың айтқанына көнгісі келмейтіндерге қандай да бір күш тіпті қажет болса әскери күш қолдану керек!!!