Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:29

ҚАЗАҚСТАН

Талдықорғанда өртеніп кеткен ауруханада болған кейбір адамдар өлгендердің де, құтқарылғандардың да тізімінде жоқ

Талдықорғанда наркологиялық диспансердің емдеу-сауықтыру ғимараты өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, мекемеде жатқан науқастардың көпшілігі өрттен жан сауғалап, терезелерді шағып, оның сыртын құрсаған темір торды сындырған. Алайда тірі қалды делініп отырған кейбір адамдар әлі табылмай жатыр.

Астанадан келген шенеунік өртенген аурухананың ауласында. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.
x
Астанадан келген шенеунік өртенген аурухананың ауласында. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +
Ғимарат қыркүйектің 13-і күні таңсәріде жалынға оралған. Өрт туралы хабарды естіген жұрт ғимараттың маңына жинала бастаған. Осы мекемеде емделіп жатқандардың тағдырын білу үшін бұл жерге олардың туыстары да келді.

Өртенген аурухананы қоршауға алған полиция оның ауласына ешкімді кіргізбеді. Өрт кезінде ауруханада болғандардың туған-туыстары қақпаның сырт жағында тұрған мекеменің қызметкерлеріне барып, өрттен қаза тапқандардың тізімінде өз жақын-жуықтарының
Өртенген аурухананы қоршауға алған полиция оның ауласына ешкімді кіргізбеді. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.
бар-жоғын анықтап жатты.

Аурухана қызметкерлері қаза болғандар тізімінде 35 науқас пен мекеменің 2 қызметкері бар деп хабарлады. Екі адам жан сақтау бөліміне жатқызылған. Денелерін күйік шалған 7 адам облыстық ауруханаға жеткізілген.

Мәлім болғанындай, өрт шыққан уақытта емдеу мекемесінде 72 адам болған екен. Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың ішіндегі науқастар терезенің әйнегін шағып, сыртын құрсаған темір торды сындырып шығып, тірі қалған.

Бірақта кейбір науқастарды туыстары әлі таба алмай отыр. Олардың аты-жөндері өрттен құтқарылғандардың да, қаза тапқандардың да тізімінде болмай шықты. Сонда ол адамдар қайда деген
Шенеунік наркодиспансерде емдеуде болған ұлын тауып беруді талап еткен әйелді жұбатуға тырысты. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.
сауалға аурухана қызметкерлері: «Сірә, олар ертерек қашып үлгерген болуы керек» деген екіұшты жауап қайтарды.

Бұндай жауапқа қанағаттанбаған туыстары өлі-тірісі белгісіз науқастарды дереу іздестіруді талап етті. Кейбір әйелдер жылап-сықтай бастады. Жылап тұрғандарды фото және бейнекамераға түсірмек болған журналистерге билік өкілдері тыйым салмақ болды. «Адамдар қайғы шегіп жатса, сіздер суретке түсірмексіздер» деді облыстық әкімшіліктің бір шенеунігі тілшілерге.

Сол күні оқиға болған жерге Астанадан үкімет делегациясы да келіп жетті. Бірақ, оның құрамындағы шенеуніктердің ешқайсысы болған жағдайға қатысты журналистерге түсінік бергісі келмеді. Тек Алматы
Өртенген наркологиялық диспансердің бір қабатты ғимараты. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.
облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкенов қана кейбір сұрақтарға жүре жауап берді.

«Өрт таңғы сағат 05.30-да басталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Сарапшылар жұмыс істеуде. Өрттің себебін анықтауда. Қаза болғандар неге көп дейсіз бе? Өйткені онда мәжбүрлі түрде ем алып жатқан науқастар болатын. Есік-терезелердің барлығы тормен құрсауланған», – деді ол Азаттық радиосының тілшісіне.

Талдықорғандағы 150 орынға арналған бір қабатты наркологиялық диспансердің ғимараты өткен ғасырдың бас кезінде салынған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
14.09.2009 11:05
+0 / -0
Өте ауыр, қайғлы жағдай. Олардың арасында да адасып жүрген жақсы адамдар болды ғой. Бұл жерде еріксіз, мәжбүрлі түрде араққа, есірткіге тәуелділіктен емделіп жатқан адамдар ғана емес, ірі көлемдегі есірткімен ұсталып, тергеуде жүрген сезіктілер де емделіп жатуы мүмкін ғой. Енді, есірткі мафияларының каналдарының құпиясын ашып қойғаны үшін немесе ашып қоймас үшін олардың көзін құрту мақсатында немесе басқа да бір мүддлерге байланысты әдейі, дайындалып өртеуі мүмкін ғой. Олай болмаған жағдайда, қанша ұйықтап қалса да, сонша көп адамдардың қаза болуы мүмкін емес қой. Ал, облыс әкімшілігінің шенеулігі алысты ойламайтын, тек қана өзінің "орынтағынан айырылып қалам ба" деп ойлап, қорқатын адам шығар.

Кімнен: MAHABBAT
14.09.2009 11:58
+0 / -0
OTE OKINISHTI ORNY TOLMAS KAZA. KINALILERDIN JAZASYN KUDAI OZI BERSIN!eNDI MARKUMDARDYN JANDARY JANNATTA BOLSYN!

Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
14.09.2009 14:12
+0 / -0
Кейбір науқастар өрттен бұрын қашып кеткен болса, олар өрт болатынын білген шығар. Немесе өздерінің ізін жасыру үшін, өздерін "өртеніп кетті деп ойласын" деп, қамыстан жасалған "қорасын" өртеп кеткен шығар. Бұл, менің ойымша, осындай есірткіге қарсы күрес заманында, ешқандайда да, кездейсоқ бақытсыз жағдай емес сияқты. Бізде қай саланы түртсең де, өрмекшінің торы секілді сол саланың барлық жеріне әсер етіп, бұрқырап, бықситын әдеті емес пе. Талдықорғанда осы уақытқа дейін мемлекеттік мекеме қамыс уйді қолдана ма? Мұңсыз екенсіңдер ғой, елдеріңе қалай жандарың ашымайды. Жүректерің тасқа айналып кеткен бе? Ем түгілі сайтан да жоқ, құр босқа арамтамақ болып, қамалып жатқан науқастарға (өздеріңе тегін котедж, виллалар салдыра бергенше) еңбек терапиясы ретінде, асарлатып, кесек құйдырып, қам кесекпен болса да өргізіп, сылатып, әктетіп, өртенбейтін баспана жасатуға болатын еді ғой. Жер шарының халқы бұл адам қамайтын "қораны" теледидардан көріп, Қазақстан туралы не ойлап жатыр екен. Бетім-ай. Сендерді білмеймін, ал менің бетім түгілі артыма дейін қып-қызыл болып, ұялып кетті. Міне, саған мақтаған БАЙ, МҰНАЙЛЫ ЕЛІҢ, міне, саған "Евразияның жер кіндігінде орналасқан ғажап қала - Астанамыз бар деп, мақтанған Еліміздің түрі. "Мақтаған қыздың керін киді" деген осы.