Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:40

ӘЛЕМ

Украинада орыс тілі бар-жоғы 15 жылда ығыстырып шығарылды, кері жол жоқ

Украина президенті болып Виктор Януковичтің сайлануы Мәскеудің бұл елді өзінің ықпал ету аймағына қайта енгізу үмітін тұтатты. Бұл шаруа, әрине, орыс тілінің мәртебесін көтеру арқылы жүзеге асырылмақ. Алайда, Украина елі бүгінде өзгерген – президент барлық өзгерістерді бірдей бақылауға ала алмайды.

Бұрынғылар – Украина премьер-министрі Виктор Янукович (оң жақта), Украина президенті Виктор Ющенко (ортада), Ресей президенті Владимир Путин. Киевте келісімге қол қойғаннан кейін. 22 желтоқсан 2006 жыл.
x
Бұрынғылар – Украина премьер-министрі Виктор Янукович (оң жақта), Украина президенті Виктор Ющенко (ортада), Ресей президенті Владимир Путин. Киевте келісімге қол қойғаннан кейін. 22 желтоқсан 2006 жыл.
Мәтін көлемі - +

ҮЙІРДЕН БӨЛІНГЕН ТҮЛІК

Мәскеу 2004 жылы Виктор Ющенконың емес, Виктор Януковичтің жеңіске жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Мәскеудегілердің аптыққаны сондай, жұрт алдында ұятқа қалған жағдайға душар болды, яғни сол кездегі президент Владимир Путин Виктор Януковичті президент болып сайлануымен бір емес, екі мәрте құттықтап жіберді, бірақ бәрі де оның ойлағанына тұп-тура керісінше болып шықты. Қорқынышты түсі өңіне айналды. Құдірет-күші бар солтүстік аңшысының көзін жегідей жеген түлік үйірден бөлініп, уыстан сытылып кете барды.

Бұдан соң Мәскеу үшін жан төзгісіз тітіркенушілікке толы болған бес жылдан кейін Виктор Ющенко сайлауда жеңіліп, өкімет басына келген Киевтегі жаңа билік Ресейге басқаша көзбен қараған кездегі пәс боп қалғандарда қайтадан шат-шадыман көңіл-күйдің пайда болғаны жайында айтудың қажеті де жоқ. Көкейін қуаныш кернеген Виктор Янукович барлық күрделі саяси түйіндерді кеңінен Ресей жақтың пайдасына бұра бастады.

Жеңіске жетуімен бірге өзіндік екінші тынысы ашылған Виктор Янукович елдің тағы бір өте жанды жеріне қатысты шешім қабылдауда да көп ойланып жатпады. Ол – тіл мәселесі еді. Нақтырақ айтқанда, украин тілімен қатар орыс тіліне де мемлекеттік мәртебе беру мәселесі.

Бұл жолы Виктор Януковичті елдің Ата заңын өзгертпейінше тіл мәселесін шешу мүмкін емес деген қарапайым қағида тоқтата алмауда. Бұрын ол бұл қағиданы, өзі берген уәдесін орындай алмай, орыс тілінің мәртебесін өзгерте алмағанына жұрт алдында ақталған кезде басты себеп ретінде алға тартатын.

Президенттік сайлауда жеңіске жеткен Виктор Януковичтің тобы басқару мерзімінің ең басынан бастап барлық күрделі орыс-украиндік мәселелерді қуатты үгіт-насихаттық блокадамен ұрғылауға бел шешкен секілді.

Жергілікті бақылаушылардың айтуынша, Янукович пен оның жақын насихатшылары бұл үдерістердің барлығы ерікті-еріксіз болатын
Қырымдағы ресейшіл «Русское единство» қозғалысының белсенділері 56 жыл бұрын Қырымның Украинаға берілгеніне қарсылығын айтып, шеру жасауда. Симферополь, 19 ақпан 2010 жыл.
өзгерістер, сондықтан ел бұған көндігуге тиіс деген әсер тудырғысы келеді. Мәскеу Украинаның жаңа билігі бастаған сол жаппай науқанға белсенді түрде септесуге кірісті.

Бақылаушылар Виктор Януковичтің украин қоғамына өзінің ресейлік жобаларын өктемдікпен енгізуінің себебін Мәскеуден іздеу керек дейді.

Және де Виктор Януковичті аяқ-асты өзінің саяси бағдарын өзгертті деп ойлауға болмайды. Ол баяғыдан ресейлік саясаткер болып саналатын. Мұны насихаттық шабуыл деп ұғу керек. Және оның арындылығы мен ашықтығын да атай кеткен  жөн. Янукович өзінің алдағы іс-әрекеттеріне деген Мәскеудің барлық күмәнін сейілтуге тырысып бағуда.

Егер украин тілін осы елдегі жалғыз мемлекеттік тіл ретінде қарастыратын конституциялық баптарды өзгертудің сәті түспесе, Виктор Януковичтің тобы орыс тіліне мемлекеттік мәртебе әперу үшін арнайы референдум өткізуге барады.

МӘСКЕУДІҢ ҚАҺАРЫ

Егер Украинадағы орыс тіліне қазір күшті қолдау көрсетпесе көп ұзамай ол сөйлесу деңгейінде де анық қолданыстан қалатынын Мәскеудегілер де, Киевтегілер де түсінеді.

Енді ше, бар-жоғы 15 жылдың ішінде дәстүрлі орыс тілді Киев украин тіліне қарай елеулі түрде бет түзеді. Украин телеарналарында қазір
Украин тіліндегі кітаптар. Киев, 23 маусым 2009 жыл.
ана тілі толығымен үстем жағдайда. Мерзімді баспасөзде де көп нәрсе украин тілінің пайдасына қарай өзгерді.

Тіпті, Жоғарғы Рада депутаттарының басым бөлігі де украин тілінде сөйлеуді жөн санайды. Оның үстіне, Украинадағы орыс тілінің тірегі болып отырған елдің Шығысы мен Оңтүстігі де орысжанды топтардың өшпенді қарсыласуына қарамастан тұғырдан тайып барады.

Украин тілінің осы бір айқын жеңісі бәрінен бұрын Мәскеудің шымбайына батып, ашуын тудыруда. Ол жақтағылар ана тілі толығымен және біржола Украинаны алыстататынын және де Ресейдің ықпалын жүргізуге бағытталған кез-келген әрекеттің пайдасыз болатынын анық түсінеді.

Украина халқының тек өз билеушілерінің алдында ғана емес, сонымен қатар Ресейдің алдында да еш қорқынышы қалмады. Ана тілі отансүйгіштік сезімінің анық күшейткішіне айналды. Міне, сол себепті де Украинадағы орыс тілін сақтап қалу науқаны ресейлік доктринаның сыртқы саяси векторы үшін өмірлік маңызды дүние болып тұр.

НАЗАРБАЕВ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ФАКТОР

Әрине, бұл науқанның барлық постсоветтік кеңістікте жүргені маңызды. Бірақ, ондай науқан орыс тілді халық көбірек тұратын елдерде, әсіресе маңызды. Украина, Беларусь, Қазақстан – сол әлемнің басты елдері. Бұларсыз ресейлік саяси аймақтың өмірі тоқтайды.

Осы тұрғыдан алғанда, орыс тілі ядролық құрсау күші деңгейінде тұр. Міне, ресейлік билік өкілдерінің Украинаны өз ауқымына алуға көп күш жұмсауының себебі осында жатыр.

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен күндерінде Қазақстан президентін Виктор Януковичті қош алушылардың қатарына
Солдан оңға: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей премьер-министрі Владимир Путин ресми резиденциядағы кездесу кезінде. Ново-Огарево, 15 ақпан 2010 жыл.
қосып қойды. Екеуі үшін де саяқ кеткен түліктің үйірге қайта қосылуы маңызды. Сөйте тұра, Нұрсұлтан Назарбаев үшін қазақ тілінің туған елінде іс жүзіндегі және жалғыз мемлекеттік тіл ретінде біржола бекігені қалаулы екені сөзсіз.

Қалайша Ұлы Даланың ең басты адамы қазақ тіліне Қазақстанның барлық орыс тілді азаматтарының құрмет көрсеткенін, үйренгенін және ол тілде еркін сөйлегенін қаламасын? Мәселен, Франциядағы алжирліктер және Құрама Штаттардағы испан тілді азаматтар ол елдердің тіліне осындай сыйластық білдіреді.

Бірақ, әлбетте, саясат өз дегенін істейді, және ел ішінде де, сыртында да ресейлік фактормен есептесуге мәжбүр болып отырған жалғыз Нұрсұлтан Назарбаев қана емес.

ҚАЙ СЦЕНАРИЙ БОЙЫНША?

Бұл фактор әртүрлі жолмен көрініс береді. Владимир Жириновскийдің мысқылдарында қорқынышты фильмдерден алынған көптеген қызықты-сұмдықты пассаждар бар. Ол, әрине, құттықтауын өзінің ащы әжуаларымен тұздықтап, Виктор Януковичті жеңісімен алғашқылардың бірі болып құттықтап тастады.

«Эхо Москвы» радиобекетіне берген сұхбатында, енді бес жылдан кейін Украинаның шығыс бөлігі Ресейге қосылады деп мәлімдеген Жириновский, Виктор Януковичтің жеңіске жету себептерінің бірі – ол украин тілін білгенімен, шын тіні мен ділінде орыс адамы дегенді айтты.

Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Борис Грызлов Виктор Януковичтің Украинасы біртұтас экономикалық кеңістіктің бір бөлшегі ретінде Қазақстан-Белорусь-Ресей Кеден одағына белсенді түрде кірігеді деп үміттенеді.

Украин шолушылары атап көрсеткендей, қандай сыртқы жетістіктерге бай болса да Ресей тарабы Украинада қалыптасқан осы бір ахуалды Виктор Янукович қалай өзгертеді екен деген алаңдаушылығын жасыра алмауда.

Мемлекеттік жүйе тұрғысынан алғанда Украина қазір бұрынғыдан басқа елге айналған. Президенттің ел ішіндегі нақты билігі шексіз емес. Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь елдеріндегі әріптестері секілді елдегі барлық өзгерістерді толық бақылауға ала алмайды.

Тағы бір үлкен мәселе, кімнің ықпалы кімге жүреді дегенге тіреледі: ТМД құрамындағы көп елдердің ауторитаризмі Украинадағы өзгерістерге ме, әлде жаңа тәуелсіз Украина постсоветтік кеңістіктің одан кейіндеп отырған елдеріне өз ықпалын жүргізе ме?

Саяқ шыққан түлік үйірге орала ма, әлде үйір оның соңынан еріп кете бара ма?

(Тәуелсіз журналист Александр Народецкий бұрын «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Украин редакциясының директоры болып жұмыс істеген. Бұл мақаладағы аутордың жеке ой-тұжырымы Азаттық радиосының ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін.)



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
22.02.2010 18:06
+0 / -0
Егер украинада орыс тілі билік құрса, ол біздің онсызда орысшыл үкімет пен парламент үшін көктен тілегенін жерден тапқандай жақсы үлгі болар еді. Алайда украиндар қазақтарға қарағанда ұлттық намыс дегенді жақсы біледі. Олар өз тілдерін аса құрметтейтін халық. Олар мына орысшыл президентіне ерік беріп қойып қарап отырмас.

Кімнен: Adam_kz Қайдан: Pavlodar
22.02.2010 18:41
+0 / -0
Украина мен Қазақстанды салыстыруға болмайды... 20 жылда түкте істелмеді деп қақсай бергеннен бәрі соған сеніп қалды және өзге ұлт өкілдері де соған сеніп немесе сенген болып соны алға тартуда. Ал ел ішінде тіл саясатында ондайды айтуға болмайды ғой. Бірақ Президенттің ауызына салып бергендер болғандықтан, және сол айтылғанды қағып алып қайталап жүргендер көп.Әрине солай жеңіл, түкте істелмегендіктен, солар қазақ тілін білмейді...20 жылда көп жетістіктерге жеттік...Солтүстік өңірлерде, мен Павлодар облысын ғана алайын – қазақ мектептері 2-3 есе көбейді (Қазақтың саны қалада 35 пайыз, облыста 43 пайыз болғандығына қарамастан) Қазақ мектептеріне өзге ұлт өкілдері бара бастады... Бүгінгі күні 400-ден аса өзге ұлт балалары қазақ мектептерінде оқып жатыр, ал 900 -ден астам өзге ұлт бүлдіршіндері қазақ бала бақшаларында. Қазіргі таңда Павлодардағы кітап дүкендерінде 50-ден астам сөздіктер мен 60 - тан астам қазақ тіліне үйрету оқулықтары бар. Әрине осымен тоқтау керек деген емеспін, бірақ үйренемін дегенге жеткілікті, және әр адам ұнатқанын ала бере алады. Сонымен қатар әрі қарай да жаңа оқулықтардың сөздіктердің шыққаны да дұрыс. Ол прогресстің бір көрінісі ғой. Тағы бір зиянды пікір - ол қазақ тіліне оқытатын мұғалімдер жаман дегенді...Қазақ тіліндегі мұғалімдер жаман дегенді бірден тоқтату керек. Ұят сондайды айтуға. Біріншііден - қандай зерттеулердің нәтижесі бойынша осы пікір айтылады? Ең бастысы - мемлекеттік қызметшілерге болсын, қарапайым тұрғындарды қазақ тіліне үйреткенде жауапкершіліктің 90 тіпті оданда көп пайызы сол үйренушінің өзінің мойынында ғой. Себебі курстар мен кружоктарда оқыту – ол сырттай оқығанмен тең... Бірақ сол өзін-өзі ақтау мақсатында түк білмей шыққандар сол баяғы мұғалімді жамандай береді...

Кімнен: Adam_kz Қайдан: Pavlodar
22.02.2010 18:42
+0 / -0
Украина мен Қазақстанды салыстыруға болмайдыь дегенім, сол УКраинадағы орыстілді Шығыс пен оңтүстіктегілердің 90 пайызы орыстанған украиндер. Сонымен қатар тілдердің ұқсастығына байланысты олар қанша қарсылық білдірсе де украин тілін білмегендіктен дискомфортты жағдайға түсіп жүрген жоқ. Және сол қарсылық білдірген кезде , шектен тыс шықпайды да... Сондықтан біртіндеп украин тілі күшіне еніп келеді.
Ал қазақстанға келгенде сыншылар көп. Әрине, менде қазақ тілі барлық облыстарда кең қолданылғанын қалаймын, алайды демографиялық қалыптасқан жағдайды қалай ескермейміз... Егер Рудный қаласында қазақтар 7 пайыз шығар, ал Солтүстік қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір қалалар мен аудандарда қазақтар 1-2 пайызды ғана құрайды... Оны не істейміз? Ұнаса да ұнамаса да сол елді-мекендерде тұратындар біздің еліміздің тең хұқылы азаматтары ғой. Меніңше осы 20 жылда біздер үлкен жетістіктерге жеттік, соны насихаттауымыз керек. Бәрі өз орнына келе жатыр. 20 жылда түк істелмеді деген – ол қазақ тілінің жауларына ыңғайлы...кім өзі осыны Президенттің ауызына салған... Қазақстанда шынында да белден басуға болмайды...Не істейсіңдер, егер ертең сепаратистік қозғалыс бұрқ етсе (Мен қорққанымнан айтып отырған жоқпын...Мен жалтақтап отырған жоқпын) Ана Приднестровская Молдавская республика сияқты істесе сол бақырып жүрген демагогтар не істейді???? ТҮКТЕ!!!! Әскери күшпен шеше алмай, Халықаралық ұйымдарға шағынумен жүреді "Саяси жолмен шешеміз" деп... Меніңше кейбір орыс шовинистеріне қазақтардың орыстарды ашықтан белден басқаны керек, себебі сонда олардың көктен тілегені болып, қазақ тіліне ашықтан қарсы шығуға себеп-сылтау болады....
Ал әзірше олар еш нәрсе істе алмай тұр. Мысалы Павлодар облысында қарасам, қазақ тілі біртіндеп кең қолданысқа еніп келеді. Әрине демографияның рөлі ерекше. Кезінде Павлодар қаласында қазақтар 18-20 пайыздай болса - қазір қырыққа қарап қалыпты дейді.. Ал облыста кейбір мәліметтер бойынша 50 пайызға жақындап қалыпты... Неғұрлым қазақ көп болады, соғұрлым солардың ішінде қазақша сөйлейтіндер де көп болады. Егер 90 жылдары қазақ мектептерінде үзіліс кезінде балалар орысша сөйлейді деп алаңдаса ата-аналар, қазіргі кездегі оқушылар үзілістерде де қала көшелерінде де көбінесе қазақ тілінде ғана сөйлейді. Оны мен өзім қарапайым қала тұрғыны ретінде көріп жүрмін. Басқа солтүстік-шығыс облыстардағы жағдайды білмеймін, бірақ Павлодар облысындағы жағдай шүкіршілік деп сенемін.

Кімнен: Мұрат
22.02.2010 19:53
+0 / -0
Қазақ зиялылары Назарбаевтан заңды орындап, мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткенімен Назарбаев қазақша сөйлемейді. Бұл Назарбаевтың қазақ халқын қорлауы деп білу керек.

Кімнен: Анахарсис Қайдан: елдімекен
22.02.2010 20:59
+0 / -0
Pavlodarық Adam_kz -дің 20 жылда бәрі істелді деген мақаласын тәптештеп көріп шыққан соң ештеңе істелмегенін, әсіресе биліктің тіпті де кері кетіп, қазақ ұлтын жоюға бағытталған саясат ұстанып отырғанына көзім жете түсті. Өйткені бұл нәтижесымақтар 20 жылда емес 1 жылда-ақ орындауға болатын тым бәкіне нәрселер және ол әлдебір белсенділіктің емес, жалқаулықтың зеріккенде қолға алған азын-аулақ ермегінің арқасы екені қалай ойласаң да белгілі болып тұр. Егер президент келесі сайлауда жеңіліп, орнына ізгі ұлтшыл шықса, .орыстың итіне дейін қазақша үріп кетер еді. Түкке тұрғысыз ұсақ мәселелерді көпірте айтып, кедергілерді далитып айтып, түк істемегендеріңнен өздеріңді ақтағанша, егер осылай мимырт тағы бір 20 жыл жүрсек қазақ тілі қай жерге баратынын есептеп көрмедіңдер ме! Құдықтағы бақадай тар шеңберге арқандалмай, әлемге назар аударсаңдаршы, елдер не істеп жатыр, 20 жылда емес, 5 жылда қаншама жойқын өзгерістер жасап жатыр, ал біз не істеп жүрміз деп! Өтірікпен өздеріңді өздерің қанша жұбатқандарыңмен, тарих сендердің тәтті өтіріктеріңді емес, ащы шындықтарыңды ғана жайып салады ғой, күн ертең!

Кімнен: авыф Қайдан: авыф
22.02.2010 21:06
+0 / -0
Елбасымыз адамды кәртейтпейтін, өлтірмейтін дәрі жасап шығаруға бар назары ауып, қазақ тілін тарс есінен шығарып жіберген ғой! Айтпақшы, біздің ғалымдар адамды көртейтпейтін, мәңгі өмір сүреуге жәрдем беретін дәріні зерттеп жасап шығарды ма екен. Президентіміздің осы тапсырмасын ғалымдарымыз қаншалық деңгейде орындады? Бір хабар бар ма?

Кімнен: Adam_kz Қайдан: Павлодар
23.02.2010 12:33
+0 / -0
Анахарсис - Сен бұрмалап кеттің...Мен айтқан мәліметтерді мен газет беттерінен ғанаалған емеспін, мен күнделікті көріп жүрмін. Мен бәрі істелді деп айтқан емеспін. Мен түкістелмеді деп айта беруге болмайды!!! халықты соған сендіргесін - шынында да еш қозғалыс алға болмайды, себебі неге керек, түктеістелмеді деп айтып отыра беру жеңіл.
Екінші,мен айтылған өзгерістер1 жылда істелмейді.Егер Совет кезінде қазақтардың саны Павлодар қаласында 20 пайыздың жанында болса, оны 1 жылда өзгерте алмайсың. Сол 80 пайыз өзге ұлт өкілдерін не қыласың сол мезетте??? Ме,н айтыпотырған жоқпын бәрі шешілді, бәрі жақсы деп, бірақ бар нәрсені бар деген дұрыс. Кез келген радикалды қадам, радикалды жауапты алады, соны білесің бе? Біздердегі ұлтшылсымақтар балтық жағалауындағы елдерді, Кавказдағы грузин, армян, әзірбайжандағы тіл жағдайын алып сондай неге істемесе дегенді айтады..Кавказды салыстыру мүлдем жарамайды, себебі олар әрдайым 90 пайыздан көбін өздеріқұрап отырды. Ал Балтық жағадлауының халықтары кеше ғана мемлекеттігінен айырылғандықтан, Совет кезінде ұлттық сана сезімдері жоғары болды да бәрі шетінен өз тілдерінде сөйлеп отырды.