Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:50

САЯСАТ

Төрағалықты төрт «Т» ұранымен бастаған Астанадан ресми Вашингтон өнеге боларлық іс күтеді

ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан Венада ұйымның Тұрақты кеңесінің отырысында төрт «Т» деген тың ұран көтерді. Елдегі оппозиция болса халықаралық қауымдастықтан Қазақстандағы демократия жағдайына байланысты тыңдау өткізуді сұрады.

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің жиынында сөйлеп тұр. Вена, 13 қаңтар 2010 жыл.
x
Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің жиынында сөйлеп тұр. Вена, 13 қаңтар 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

НАЗАРБАЕВТЫ ДӘРІПТЕУ

Қаңтардың 14-і күні Венада ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстан ұйым төрағасы ретінде мақсаттарын белгіледі.

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев өз елінің 2010 жылы ЕҚЫҰ-дағы мақсаттары лаңкестік пен тағы басқа қауіптерге назар аудару, Ауғанстанды қайта құру, ынтымақтастық пен төзімділікті алға тарту мәселелерін қамтиды, деп мәлімдеді.

Қанат Саудабаев Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің барысында демократиялық принциптер мен әлем қауіпсіздігін алға тартуға назар аударылады деп мәлімдеді. Қазақстан мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бұл уәделердің орындалуы өз елінде басталатынын атап көрсетті.

«ЕҚЫҰ жұмысының адами аспектілеріне үлкен назар аудару арқылы біз ең алдымен өз еліміздегі бұл үдеріске деген міндеттемелерімізді көрсетіп отырмыз. Қазақстанда демократияландыру саласындағы келесі қадамдар ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіміз барысында алдымызға қойған мақсаттарымызға сай болмақ», - деді Қанат Саудабаев.

Ол өз сөзінде алдағы айда Оңтүстік Кавказ елдеріне сапар жасап қайтатындығын атап өтті. «Афиныда қабылданған ядролық қаруды таратпау жөніндегі министрліктер декларациясына сәйкес, әлемде жаппай қырып-жою қаруларын таратпау жөніндегі көшбасшылардың бірі саналатын Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ядролық қарусыздануды жаһандық қолдау жөніндегі міндеттемелерін де орындауға үлес қосады. Біз, әсіресе, заңсыз есірткі айналымы мен терроризммен және қазіргі заманның өзге де қауіп-қатерлеріне қарсы күреске барынша күш салатын боламыз. Бұл ретте біз осы мәселеге байланысты Афиныда қабылданған шешімдерді қуана қолдаймыз», - деді Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.

ҚАЗАҚ ОППОЗИЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Қазақстан өзіндегі адам құқықтары жағдайына байланысты бұл еуропалық ұйымды басқаруға дайын емес деген пікірлер бұған дейін халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар тарапынан бірнеше рет айтылған болатын.

Қанат Саудабаев Венада ресми Астананың ұйымға төрағалық кезіндегі мақсат-бағыттары жайында айтып жатқанда, бірқатар ақпарат
Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретінде жұмысқа кірісуіне арналған концертте домбырашы қыз өнер көрсетуде. Вена, 13 қаңтар 2010 жыл.
құралдарында Қазақстанның оппозициялық «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Еуропалық қауымдастыққа арнаған үндеуінің мәтіні жарияланды.

Онда Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету міндеті берілгеннен бастап, елде демократиялық ілгерілеушілік болады деген халықаралық қауымдастықтың үміті ақталмағаны өз алдына, керісінше, бұл тұрғыда кері кету байқалатыны баяндалған.

«Тек өткен жылы тәуелсіз ақпарат құралдарын қуғындау мен құқыққорғаушы, журналистерге қатысты әділетсіз сот процестері белсенді түрде жалғасты. Ал көзбояушылық сипаттағы жемқорлықпен күрес кланаралық қақтығыстардың құралына айналды. Бұған дейін талқылаусыз-ақ Парламенттен өткен Конституцияға енгізілген өзгерістер саяси институттардың рөлін бәсеңдете түсті. Қазақстан авторитарлық режимдегі ел ретінде өткен ғасырда «тұрып қалды» деген Фридом Хаус ұйымының пікірі айдан анық келді», - делінген мәлімдемеде.

Партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбайдың пікірінше, Қазақстан аталмыш ұйымға төрағалық ету кезеңін пайдаланып, еуропалық стандарттарға сай өзгерістерге қарай ұмтылмаса, төрағалықтан ел үшін келіп-кетер пайда жоқ.

Қаңтардың 14-де Азаттыққа берген сұқбатында Жармахан Тұяқбай:

«Қазақстанның саяси жағдай мәселесі төңірегіндегі тыңдау біріншіден, Еуропадағы, жалпы осы ұйымға кіретін басқа да мемлекеттердің алдында Қазақстандағы бүгінгі хал-ахуалды анық-объективті түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Сол арқылы Қазақстан билігінің бүгінгі таңда халқына, еліне жасап отырған қудалауын тоқтатуымыз керек», - деді.

Алайда, осы партия елдегі өзге саяси-қоғамдық ұйымдарды бір үндеудің астына біріктіруді қажет етпегенге ұқсайды.

«Мұндай ұсынысты бұрындары да ЕҚЫҰ-дан келген адамдардың алдына талай мәрте қойғанбыз. Ал енді Азат партиясы сондай қағазға қол қойып жіберіп жатса, оған мен қосылам. Бірақ көпшіліктің, саясаткерлердің көңілін аударатындай маңызы болсын дейтін мәселелерге жалпы бұрын біз бірігіп қол қоятынбыз. Бұл жолы бізге бірігіп қол қою туралы ұсыныс түскен жоқ», - деді Қазақстанның Коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин Азаттық радиосына.

Ал Қазақстанда ресми тіркеуден өте алмай жүрген оппозициялық «Алға» партиясының үйлестіру кеңесінің төрағасы Владимир Козлов:

«Мұндай бастаманың Қазақстандағы демократияның хал-ахуалына әсер ететініне күмәнім бар. Себебі, бұған дейін осы секілді жүздеген ұсыныстар болды. Дегенмен ұсыныстар неғұрлым көп болса, соғұрлым жылдам нәтижеге жақындамақпыз. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасайтыны билік үшін өзін демократиялық мемлекет ретінде көрсетіп, көкірек көтеру болса, халық үшін түк пайдасы жоқ. Ал елдегі демократиялық күштер үшін олардың өмір сүруін қиындатқаннан өзге ешнәрсе әкелген жоқ», - деді.

«Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымының төрайымы Тамара Калеева партия көтерген ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

«ЕҚЫҰ-на төраға ел ретіндегі демократиялық бет-бейнеміз әрине, өте жұпыны. Бұл ұйымның мүшелері әлбетте, елдің ішінде не болып жатқанын білуі тиіс және Қазақстан қайткен күнде елдегі ішкі өмірді жақсартуға күш салуы керек. Біз қазір көп жағдайларды халықаралық қауымдастықтан жасыруға тырысамыз. Мұндай екіжақтылыққа жол бермеуіміз керек. Бұл тұрғыда оппозициялық партияның бастамасы қуантады», - деді Тамара Калеева.

ВАШИНГТОННЫҢ АҚОРДАҒА ТІЛЕГІ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Венадағы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысына қатысушыларға бейнежазба арқылы жолдаған үндеуінде, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде төрт «Т» ұранымен жұмыс атқарады деп атап көрсетті.

- Қазақстан бұл ұйымды Trust, Traditions, Transparency, Tolerance, - яғни сенім, дәстүрлер, ашықтық және төзімділік - деген ұранмен басқаратын болады, - деді Назарбаев.

АҚШ Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы барысында оның осы ұйымды үлгі ретінде басқаруы мен іс жүзінде ұйымның принциптеріне сай болуына қатысты әрекеттерін қолдауға әзір. Бұл туралы бейсенбі күні Венадағы Тұрақты кеңестің отырысында ЕҚЫҰ-дағы АҚШ миссиясының жетекшісі Кэрол Фуллер мәлімдеді.

АҚШ өкілі өз сөзінде ЕҚЫҰ-ның адам өлшемдері саласындағы жұмысы басымды бағыттардың қатарында екендігін еске салып, ол міндеттерді орындаудың маңыздылығына тоқталды. Ол ЕҚЫҰ аумағында соңғы жылдары журналистерге төнген қауіп-қатердің күрт көбейіп, тәуелсіз және балама баспасөз ауқымы жылдам тарылып кеткендігін; сайлау еркіндігінің шектелетіндігін; баршаның құқығын қорғауға арналған сот органдарының көбінесе шөкімдей ғана топтың сойылын соғатындығын атап айтты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2010 09:08
+0 / -0
Қазақстандағы саяси қудалауды тоқтатуды талап еткен бір топ адам Венада Қазақстан басшылығымен ОБСЕ жиыны өтіп жатқан жерде пикет жасады. http://www.youtube.com/watch?v=QccAxUbjF9A

Кімнен: Сұраушы
15.01.2010 11:29
+0 / -0
"Қазақстандықтарды" оқытып болып, енді еуропаның "сауатсыз-надан" 56 мемлекетін әліппенің ортанғы "Т" әріптерінен бастап оқытып, бірнәрсеге үйретіп жатыр. Оқуды бітіргеннен соң оларға аттестат бере ме, әлде диплом берер ме екен?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2010 12:45
+0 / -0
Еуропаның 56 еліне қазақ сияқты төзімді болыңдар, мал сияқты билік не істесе де төзіп жүре беріңдер деп үйретпекші ғой... Оған кім көнер екен???

Кімнен: Бұйрабас
15.01.2010 14:51
+0 / -0
Төрт Т -- Таз Таранғанша Той Тарқайды

Кімнен: Бұйрабас
15.01.2010 14:52
+0 / -0
Төрт Т -- Төбеңнен Төмен Төніп Тұрмын

Кімнен: Бұйрабас
15.01.2010 15:00
+0 / -0
Төрт Т -- Түлкі Төбеттің Төбесіне Т...шыпты

Кімнен: Бұйрабас
15.01.2010 15:02
+0 / -0
Төрт Т --- Тасик, Тұқым Тұқияныңды Тентіретесің!

Кімнен: Бұйрабас
15.01.2010 15:05
+0 / -0
Төрт Т --- Тал Түсте Тұрды Т...

Кімнен: Бұйрабас
15.01.2010 15:09
+0 / -0
Төрт Т -- Тасмағамбетовтің Төбесіне Тәжин Т...пты

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
15.01.2010 16:01
+0 / -0
Қырғыздың Үналгысы Саудакеңді сүйкімді қып шығарып қойыпты өз сайтына. Ал сіздер Саудакеңнің ернін дүрдитіп ("уф айтып біттім ғой өзі", дегендей тұр ғой мына қасқаң) шығарып қойыпсыздар, бәрекелді, өте дұрыс істегенсіздер, осылай қойса қойғандай ғой бұл өзі, қазақты жарылқап басқа қалғандай айдаладағы ауғандарға елу млн доллар береміз деп көпіргенде түңіліп ем осы Саудакеңнен. Қазақтан жырымдайтын, қайдағы біреулерді текке жарылқайтын қасқаларды осылай ернін дүрдитіп тұрғызудың еш әбестігі жоқ...
Ауғанстан орнығып қазақтар ауған жері арқылы оңтүстікке шығып болғанша әлі талай заман бар, бұл жолда деп дәметіп берген елу млн доллардың қайырымын ешқашан көрмейсіздер құрметті Үкіметтегілер. Қайран ақша. Оданша бір қазақтың жолында жұмсалса ғой бұл көп ақша.

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА Қайдан: АСТАНА
15.01.2010 20:34
+0 / -0
Қандай пікір таласынан болмасын - Халқымызға, оның Тәуелсіздігіне - пайдасы тимесе, желбуаз және бірін-бірі мұқатқан жексұрын сөздер болып қала береді. Осынау, Тәуелсіздіктің 18-жылы көп нәрсенің бетін ашты. Ең бастысы - Қазақ халқының Үкіметі (Президенті, Парламенті, Сенаты) жоқ екенін, бүгінгі күнге дейін Ұлттық Идеологиясын жасай алмай отырған тобыр-мариенетка екендерін дәлелдеді. Аздап қана көздеріңіздегі ТОМАҒАНЫ сыпырып, ойланыңыздар шы?. Сонда, Мемлекетіміздің қай саласында кемшілік жоқ ? Бейне. жабусыз жатқан ҚАЗАН тәрізді. Оны кім жаламай жатыр. Тіпті Атазаңымызға жат - ассамблеяны пайдаланып,Автономия құруға дайындалушылар астыртын жұмыс жасауда?! Ал мынау "Ел бірлігі" деген доктрина Қазақ халқын қорлаудың ашық түрі. Оның үстіне мұны жазған адамдардың сауатсыз тәрбиесіздігі соншама, бұлардың фамилияларын жариялап, заңды түрде Ассамблиясымен қоса сотқа беру керек. Мынау ХХІ ғасырда екі түрлі Елбасқарудың құдіретін білмейтін адам - ЕЛБАСЫ болуға қақысы жоқ!
Біріншісі - тек Халық үшін қызымет ететін - БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ;
Екіншісі - ғылыми негізде жүргізілетін - ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ;

Бұл екеуі де Назарбаевтың басқару жүйесінде жоқ ! Сонымен қоса НӘН-нің бағдар етіп ұстаған Батыста да жоқ ! Олай болса, біздің мемлекет өте ауыр жолда және қате бағдарда екенін мойындауымыз керек. Біздердің улап-шулап жүрген мәселе сымағымыздың барлығы да ұсақ екенін түсініп, иісі Қазақ болып, халқымызға жат Үкіметтен құтылмай, нағыз Тәуелсіз ел болуымыз мүмкін емес! Ендеше, екіге бөлініп алып, Әзілхан мен Мұхтарды мақтап-даттағанның өзі ұят! Елдік мәселені талқылағанда азаматтық деңгейде болғанымыз жөн. Ата-бабамыздың аруақтары қолдап, өз арамызда жүрген арсыздардың санасы оянса екен. Елі-жұртымызға бірлік, жігер, намыс келсін !!!...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2010 09:49
+0 / -0
Мен сізді қолдаймын!

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА Қайдан: АСТАНА
15.01.2010 20:37
+0 / -0
Біздер өз қадырымызды өзіміз түсінбей жүрген Елміз ! Мұның ең негізгі себебі, сонау Хандық заманнан бері Ханы - халқын қастерлемеген, өйткені олар өздернің Тегін - қоластындағы жұрттан бөлектенген. Міне осынау тарихи КАРМА бүгінге дейін жалғасып отыр. Қазіргі Назарбаев басқарған Өкіметте - Қазақ халқының қамын ойлап отырған жоқ. Бұлар да бұрынғы Хандар тәрізді - өз бастарының қамын, өз құлқындарын ойлаудан аса алмай отыр. Осы құлдық психологияның салдарынан, Үкімет басындағылар ( ауыл әкімінен бастап, мекеме басшылары мен Президент, Минстрлерге дейін ) өз халқын ҚАСҚЫРША ТАЛАП отырса, сырттан келген ЖЕМіРЛЕРДЕН пара алып, олардың Ел мен Жердің байлығын СҮЛІКТЕЙ СОРҒАНЫНА жол беріп отыр.
Қашанда халық боп қауымдаса беретін жұртты, ҰЛТ ЕТІП ҰЙЫТАТЫН тек Үкімет екенін түсіне алмай жүрген БАСШЫ сымақтар, мінеки Тәуелсіздік алған 20- жыл өтсе де, бүгінге дейін Ұлттық идеологияны әдейі жасамай отыр. Қазаққа мұндай үкіметтің қажеті қанша ? Оларды - Халық сайлады емес пе ? Тіпті, бұл оспадарсыздардың асып-тасқандығы сонша ма, бейне "Үкімет басы" болуды, Әкелері мұраға қалдырғандай сезінеді. Ендеше, иісі Қазақтың баласы ертеңіңді ойламай болмайды. Дана халқымыз айтқан; " Бас кеспек болсада, Тіл кеспек жоқ" деген ғой. Мұны анау Назарбаев тобына жаным ашығаннан да айтып отырмын. Бауырларымыздың ары, ұяты оянып азаматтық шешімге келіп, әлі де мынау соры қайнаған жұртын дұрыс басқарып, келешекте пенде пиғылдан да үлкен мақсат барына ұмтылар деген үміттемін...

Кімнен: Adam Қайдан: Washington
16.01.2010 09:01
+0 / -0
Назарбаевка иман берсин

Кімнен: Тилектес Қайдан: Алматы
16.01.2010 11:42
+0 / -0
Ей бауырым ай! Булардан енди каиыр жок екенин билмеимисин. Оларды енди ешким, типти, Жаратушынын ози де озгерте алмайды. Олардын Кудайы озге болып кеткен. Ол - акша, билик, оз жанын сактау. Сол жолда олар барин де киратуга, ултын тарк етуге, отанын жоюга бара алады. Байлык ушин жанталаста олар озара биригип, биринин бири етин жеуге даяр. Халык алдекашан оз жонине калган. Халыкты тагы немен алдай турсак, аландата турсак, сойтип, озимиздин истеп жаткан гасырлык кылмысымыз бен татти омиримизди соза туссек деген оймен олардын политологтары кундиз туни бас катырып жаткан жок па! Солардын кобин биз кампит сиякты кабылдап, малжандап шайнап журмиз гой. Уакыт солай боска отуде. Халык ауылда, ауданда, калада адилетсиз-тойымсыз-суганак акимнин акимдигинен бас тартып, оны "жумыссыз" калдырса гана ел дегеннин не екенин олар аздап уга бастар еди. Бирак ондай ел кайда, баскаратын басшы кайда. Оппозиция да зансыз биликпен занды жолмен куресемиз деп утылып жатыр. Азирге бул туйыктан шыгар жол болмай тур, бауыр. Солай!

(компьютердин казакшасы жойылып кетип, осылай жазганыма кеширим отинемин).

Кімнен: Алаш баласы Қайдан: Қарағанды
17.01.2010 11:04
+0 / -0
Төрт Т, Тәуелсіздікті - елемеген Базарбай
Тақты - босат Базарбай
Тойымсыз - Базарбай
Тентіреп кет Базарбай

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2010 23:15
+0 / -0
Төрт Т яғни қазақтың төртеу түгел болса төбедегі келеді дегендегісін Еуропа төрінде айтты-ау ұлт сабазы!

Кімнен: Тілеуқор Қайдан: Сарыарқа
18.01.2010 10:51
+0 / -0
Trust, Traditions, Transparency, Tolerance – төрағалықты төрт «Т» -мен тұжырымдағандар төртеу түгелденсе төбедегі түсетінін түсінеді.
Таз таранғанша той тарқамаса, талаптыны, таланттыны тастамай, тәуелсіздік, тұрақтылық, төзімділік, теңдікті таратуға тілектеспін. Торлаған тұманды тамылжығар таң тоқтатар.
Төл тарихымыз, туған тіліміз тағынан түспеуін тілейік! Түн түндігін түрейік! Түбіміз түркі тектес туыстар тер төгіп, тебіренейік!